Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты



бет5/16
Дата29.03.2022
өлшемі0,99 Mb.
#137123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
sillabus madeniettanu (3)

Қорытынды бақылау

Емтихан тест түрінде қабылданады Тапсырма бір теориялық сұрақ және бір дұрыс жауаптан тұрады. Тапсырманы орындауға 20 минут уақыт беріледі

11. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі





Автор, атауы, шыққан жылы

Ақпарат көзі

Бары (дана)




Негізгі әдебиет

1

Тимошинов В. И. Мәдениеттану: Қазақстан - Еуразия - Шығыс - Батыс. Оқу құралы.

Алматы, 2014

10

2

Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану: Оқу құралы.

Алматы, 2013

20

3

Мәдениеттану: оқулық / Құраст.: Т.Х. Ғабитов.

Алматы, 2012

1

4

Нағымұлы Ш. Мәдениеттану: оқулық.

Астана, 2010

10

5

Сәрсенбекова Г. Мәдениеттану: мәдениет аксиологиясы. Оқу құралы.

Алматы, 2010

5

6

Сәрсенова Ж. Н. Мәдениеттану: оқу құралы.

Алматы, 2010

20

7

Досмурзин Е. Д. Мәдениеттану: лекциялар курсы.

Алматы, 2007

1

8

Тілеков Ж. Мәдениеттану: оқулық.

Алматы, 2003

1

9

Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы / Ғабитов Т.,Қасабек А., Мұхамбеталиев Қ.

Алматы, 2001

124

10

Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері: оқу құралы.

Алматы, 2001

51

Қосымша әдебиет

1

Қазақ халқының мәдени мұрасы. ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы: жиырма томдық. 11том.

Астана, 2008

2

2

ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы: жиырма томдық. Т.11 / Құраст. Т.Х. Ғабитов.

Астана, 2008

1

3

Ежелгі көшпелілер дүниетанымы: жиырма томдық. Т. 1 / Құраст.: Т. Ғабитов, Д. Кенжетай.

Астана, 2005

2

4

Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. -

Алматы, 1996

5

12. Оқу нәтижелерін бағалау жүйесі


Оқу нәтижелерін бағалау жүйесіндегі студенттің жұмыс түрлерінің үлесі:
Сабаққа қатысуы – 10%,
Практикалық/Зертханалық/Студиялық* сабақ – 15%,
СӨЖ (үй жұмысын орындауы) – 15%,
1-межелік бақылау – 10%,
2-межелік бақылау – 10%,
Емтихан – 40%,
Барлығы – 100%.
Ағымдағы бақылау (семестрдің 1-7 және 8-15 апталары барысында өткізіледі).
1. Әр қатысқан сабақ 100 балмен, қатыспаған сабақ – 0 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің сабаққа қатысуының көрсеткіші болып табылады (Қ).
2. Сабақта танытқан белсенділігіне қарай әр практикалық/зертханалық/студиялық* сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Сонымен қатар, семестрде пән бойынша кемінде 2 (екі) бақылау жұмысы өткізіледі, олардың әрқайсысы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің практикалық/зертханалық/студиялық* сабаққа қатысу көрсеткіші болып табылады (П/З/С*).
3. СӨЖ (үй жұмысы) орындалуы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің өзіндік жұмысын орындау көрсеткіші болып табылады (СӨЖ).
Межелік бақылау (семестрдің 8- және 15-апталарында өткізіледі). Межелік бақылауда (МБ) тапсырмасының орындалуы максималды 100 балмен бағаланады.
Студенттің қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілу рейтингі (Р) келесі формуламен есептеледі:

Рейтингі (Р) 30 (отыз) балдан кем болған студент пән бойынша қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезінде өткізіледі. Емтихан жауабы максималды 100 балмен бағаланады.
Қорытынды баға (ҚБ) келесі формуламен есептеледі:

*Қажет емесін алып тастау керек

Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі



Әріптік жүйедегі баға

Балдың цифрлік эквиваленті

Пайыздық мәні

Дәстүрлі жүйедегі баға

Бағалау критерийлері*

А

4,0

95-100

өте жақсы




А-

3,67

90-94




В+

3,33

85-89

жақсы




В

3,00

80-84




В-

2,67

75-79




С+

2,33

70-74




С

2,00

65-69

қанағаттанар-лық




С-

1,67

60-64




D+

1,33

55-59




D

1,00

50-54




F

0,5

25-49

қанағаттан-ғысыз




FX

0

0-24




*Әр пән бойынша бағалау критерийлері әзірленеді

13. Бағдарламалық сұрақтар


13.1 1-7 апталардың сұрақтары
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы. Теориялық ыңғайларды шолу: Ф.Боас, Л.Уайт, З.Фрейд, К.Леви-Стросс, К.Маркс, Э.Тайлор, О.Шпенглер, А.Тойнби, Л.Гумилев, П.Сорокин, С.Хантингтон және т.б.
2. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, негізгі бөлшектері мен паттерндері. Мәдениетке диахронды және синхронды ыңғайлар.
3. Мәдениет белгілер мен мәндер, артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет тілі түсінігі.
4. Мәдениет және өркениет. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.
5. «Адамгершілік», «мораль», «этика» түсініктері. Мәдениет және қарым-қатынас. Этикет. Оқу орнындағы этикет.
6. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
7. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы мен мәні.
8. Адам – мәдениеттің субъектісі ретінде. Мәдениет және білімділік.
9. Мәдениеттің түрлері: өнер, мораль, ғылым, құқық, саясат.
10.Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм) концепциялары.
11. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті).
12. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар (сақ, скиф, массагет, ғұн, үйсін, қаңлы) мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.
13.Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис). Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары.
14.Сақ, массагет, скиф, ғұн, сарматтардың материалдық мәдениет ескерткіштері мен қасиетті (сакральды) мәдениеті.
15. Тіл және ойлау. Тілдің когнитивті қызметтері. Сепир-Уорф гипотезасы
16.Қазақ тілінің мәдени кеңістігі, коммуникативтік қызметтері.
17. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
18. «Әдептілік», «мораль» және «этика» ұғымдары. Әлеуметтік этикет және оның түрлері. Қарым-қатынас этикеті. Оқу орнындағы этикет.
19.Өнегеліліктің қалыптасуы мәдениет дамуының басты мәселесі ретінде.
20. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі: ғұн жазуы (руна), ғұн батырлары Еділ (Аттила), С.Өтенияздың «Аттила» ғылыми зерттеуі. Ғұндардың өнері, аңдық стилі.
21. Үйсін мен қаңлылардың мәдениеті. Ежелгі түркі өркениеті (тәңіршілдік, салт-дәстүрлері мен рәсімдері). Ежелгі түркілердің руна жазуы. Ежелгі түркілердің қасиетті жазбасы «Алтун битиг» (Алтын кітап).
22. Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы.Түркі жазуының түрлері: соғдылық, брахми, манихейлік, ұйғыр.
23.Түркілердің мәдени ескерткіштері. Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған ескерткіштері.
24.Оғыз тайпаларының ескерткіштері: «Қорқыт Ата кітабы», «Оғыз-наме». Кошо-Цайдам ескерткіштері.
25.Мәдени код түсінігі. Жаhандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық.
26. Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық мәдениет коды.
27. Мәдениет рәміздері мен архетиптері түсінігі.
28. Сақ, скиф, ғұндар мәдениетінің рәміздері мен архетиптері.
29. Қазақ және түркі мәдениетінің рәміздері мен архетиптері. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері.
30. Жібек жолы: Қазақстан-Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
31. Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы. Әл-Фараби, Әл-Хорезми, Әбу Рейхан Бируни, Әбу Әли Ибн Сина. Орталық Азиядағы қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдар. Университеттердің дамуы.
32. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Исфиджаб (Сайрам), Баласағұн, Отырар, Суяб, Тараз, Шаш (Ташкент), Шымкент.
33. Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі. Нишапур, Хорасан, Систан, Термез, Самарқан, Бұхара, Хорезм ғылым, білім, сәулет өнері және өнер орталықтары ретінде.
34. Орталық Азия қалалары діни білім беру (буддизм, зороастризм, несториандылық, манихейлік және т.б.) орталығы ретінде.
35. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Салт-дәстүрлері.
36. Аңызға айналған кейіпкерлердің бейнелері.
37. Сақ, массагет, скиф, сарматтар өнері: қару-жарақтық, сәндік-қолданбалы, мүсін, сәулет және жауынгерлік өнері. Жазуы. «Шу-батыр» поэмасы.
38. Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис). Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары.
39 Сақ, массагет, скиф, ғұн, сарматтардың материалдық мәдениет ескерткіштері мен қасиетті (сакральды) мәдениеті.
40. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті.
41. Әл-Қашқари – түркі әлемінің ақыны. Әл-Қашқаридің "Түркі сөздерінің жинағы" еңбегі.
42. Жүсіп Баласағұн және оның "Құтты білік" еңбегі. Ахмед Үйгінеки, Сулеймен Бақырғани және олардың түркі мәдениетіне қосқан үлестері. Ахмед Үйгінеки – "Хибат ал(ул)-хакайык" поэмасының авторы ("Ақиқат сыйы").
43. Қазақстанда исламның таралуы. Ортағасырлық түркі мәдениетінің ерекшелігі: ислам және номадизм. Сопылық Қайта Өрлеу. Ахмет Яссауидің тұлғасы мен қызметі (1093-1166). "Диуани Хикмет" кітабы.
43. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Материалдық және рухани мәдениет. Рухани құндылықтар. Өнер. Діни наным-сенімдер. Салт-дәстүрлер. Алтын Орданың негізгі технологиялық жетістіктері. Ақсақ Темір кезеңіндегі мәдениет. Ақсақ Темірдің (1336-1405) билігі кезіндегі Орта Азиядағы мәдени және ғылыми өмірдің қайта жандануы. Сәулет өнері. Шахрисабздағы Ақсарай. Самарқан орталығындағы Бибі-Ханым мешіті. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
44. Жібек жолы: Қазақстан-Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
45. Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы. Әл-Фараби, Әл-Хорезми, Әбу Рейхан Бируни, Әбу Әли Ибн Сина. Орталық Азиядағы қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдар. Университеттердің дамуы.
46. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Исфиджаб (Сайрам), Баласағұн, Отырар, Суяб, Тараз, Шаш (Ташкент), Шымкент.
47. Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі. Нишапур, Хорасан, Систан, Термез, Самарқан, Бұхара, Хорезм ғылым, білім, сәулет өнері және өнер орталықтары ретінде.
48. Орталық Азия қалалары діни білім беру (буддизм, зороастризм, несториандылық, манихейлік және т.б.) орталығы ретінде.
8-15 апталардың сұрақтары
1. Қазақ Ағартушылығы феномені: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ы.Алтынсарин шығармашылықтары.
2. Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалық шығармашылығы. Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені.
3. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов және т.б.
4. Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті: ХХ ғ. Қазақстанның белгілі ғалымдары.
5. Қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка.
Кеңестік қазақ жазушылары, кинорежиссерлері мен киноәртістері. Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы.
7. Қазақтардың эпикалық мәдениеті: қазақ халқының мифтері мен аңыздары. Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулар шығармашылығы.
8. Ұлы қазақ билері. Қазақ даласының шешендері. Қазақ тіліндегі тілдік этикет.
9. Мәдени құндылықтар және батырлар этикасы. Қару-жарақты игеру шеберлігі. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері.
10. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары: Спорттық ойындар.Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары. (Өмірлік кезең салттары: туылу, ер жету, өлім. Жерлеу рәсімі. Үйлену рәсімі. Халықтық мерекелер. Наурыз. Халық әндері. Дәстүрлі билер. Халықтық ойындар.). Қазақтардың технолгиялық жетістіктері.
11. Ұлттық музей – қорық жобалары: Ботай, Сарайшық, Бозок. Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Қорғалжын, Тамғалы .
12. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер.
13. Әлемнің ұлттық бейнесі және мәдени репрезентация.
14. Қазақстанның қазіргі өнеріндегі негізгі үрдістер мен бағыттар. Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі.
15. Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, театр, сәулет өнері, музыка, кино, телеведение.
16. Қазақстандағы заманауи бұқаралық мәдениет. Қазақстандағы шоу мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Қазақстанның қазіргі өнерінің дамуындағы жаңа үрдістер мен медиа-мәдениет қауіп-қатерлері.
17. Қазақстандық киноның заманауи үрдістері. Заманауи қазақ киноөндірісінің даму болашағы мен мәселелері. Қазақстандық кинорежиссерлер. Қазақ киножұлдыздары. Ең жақсы қазақ киноленталары. Қазақстандағы кинофестивальдар.
18. Қазақ Ағартушылығы феномені: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ы.Алтынсарин шығармашылықтары.
19. Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалық шығармашылығы. Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені.
20. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов және т.б.
21. Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті: ХХ ғ. Қазақстанның белгілі ғалымдары.
22. Қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка.
Кеңестік қазақ жазушылары, кинорежиссерлері мен киноәртістері. Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы.
23. ҚР мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.
24. Бекет-Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің құраушысы ретінде.
25. Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар.
26. Білім культі, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік, мәдени бірегейлік пен ынтымақтастық, қазіргі қазақстандық жастар арасында ұлтжандылықты қалыптастыру мен тәрбиелеудегі мәдени институттардың рөлі.
27. Қазіргі жағдайдағы қала мәдениетінің дамуы. Қала мәдениетінің негізгі құндылықтары. Астананың архитектуралық келбеті.
28. ҚР мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.
29. «Мәдени мұра» бағдарламасы және оны жүзеге асыру.
30. Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар (Білім культі, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік, мәдени бірегейлік пен ынтымақтастық, қазіргі қазақстандық жастар арасында ұлтжандылықты қалыптастыру мен тәрбиелеудегі мәдени институттардың рөлі).
31. Қазіргі жағдайдағы қала мәдениетінің дамуы. Қала мәдениетінің негізгі құндылықтары. Астананың архитектуралық келбеті.
32. Қазақстандағы мульти-медиа-мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Мәдени, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі.
33. «ҚР Мәдениет туралы заңы». «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы.
34. Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселесі.
35. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімді құрметтеу (культ).
36. Әлемнің ұлттық бейнесін қолдау. Заманауи қазақстандық қоғамға отандастардың мәдени бейімделу мен қосылу (интеграция) мәселесі.
37. Жаңғыртудың екінші және үшінші толқынының жаңа қауіп-қатерлері форматында жас ұрпақтың нақты мәдени жағдайға бейімделу (инкультурация) мәселесі.
38. Мәдени мұра бағдарламаларының дамуындағы ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының рөлі.
39. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Мәдени-тарихи ескерткіштерді, мәдени объектілерді қалпына келтіру мен сақтаудағы мұражай, білім беру мекемелері мен ұйымдарының рөлі.
40. Мәдени туризмнің дамуы және оның «Туған ел», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Жаhанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Сандық Қазақстан» жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі.
41. Қазақстандағы гендерлік саясат. Гендерлік рөлдер және гендерлік мінез-құлық мәселелері. Гендерлік мәдениеттің негізгі құндылықтары.
42. Қазақстандық мәдениеттің жүз есімі. Қазақстанның ұмытылмас жүз орны. Қазақ мәдениетінің жүз есімі. Қазақ мәдениетінің жүз рәмізі. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.

14. Глоссарий




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет