Альтернатива – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім шарт негізінде жасалған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады.
Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік – саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен алмастырғылары келеді.
Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті , жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.
Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу.
Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу.
Достарыңызбен бөлісу: |