Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет45/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ, ОШ СОР Физика ЕМН 10 класс рус, 6 семинар, БЖБ 3 токсан №2
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
әлеуметтік-психологиялық мәртебесі 
төмен отбасынан шыққан балалар). Кең 
мағынадағы инклюзивті білім беру – 
кедергілерді жоюға және оқыту процесіне 
ерекше оқытуды қажет ететін барлық 
адамдарды қосу мен сапалы білімге тең 
қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 
оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған 
білім беру процесі. [1] Біз өз тәжірибемізде 
инклюзивті білім беруді осы мағынасында 
қолданып, мектеп-гимназиясы шеңберінде 
барлық оқушыларға тең, қолжетімді, сапалы 
білім беруді көздедік. 
Мектептің әдістемелік қызметі - бұл 
негізделген шаралар кешенін мұғалімнің 
шығармашылық әлеуетін толыққанды 
дамытуға және сапа мен тиімділікті 
арттыруға бағытталған ғылым мен 
тәжірибенің жетістіктері білім беру 
үдерісінің, және оқушылардың даму 
деңгейінің өсуіне байланысты. 
Инклюзивті білім берудің әдістері мен 
технологияларын зерттеуге көп көңіл 
бөлінеді. Даму деңгейі әр-түрлі оқушы-
лармен жұмыс істейтін мұғалімдерді 
қолдау үшін әдістемелік қызмет бірқатар 
міндеттерге ие: 
- оқу үрдісін қолдау мақсатында 
мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
- мұғалімдерді жаңа әдістемелік 
әдебиеттермен, бағдарламалармен, 
әдістермен және технологиялармен 
таныстыру, жаңа білімдерді, дағдыларды 
өздігінен және ұйымдастырылған оқыту 
жағдайында, педагогикалық ғылым мен 
практиканың озық жетістіктері негізінде 
кәсіби позицияны қалыптастыру
- кәсіби өсу үшін жағдай жасау (жаңа-
шылдықтарға дайындық, белсенділік 
пен авторлықтың жеке стилі, синтез 
және өз педагогикалық тәжірибелерін 
шығармашылық тұрғыда көрсете білу). 
- инклюзивтік білім беру бағдарламасын 
әзірлеуге және енгізуге көңіл бөлу. 
Мектеп проблемасын шешу үшін 
біріншіден мектептін даму жоспары 
құрылып, оның ішінде 6 басымдықтың 
жүзеге асуына көңіл бөлдік. Жоспарды 
жүзеге асырудағы басты міндет мұғалім-
дерді, ата-аналарды және оқушыларды 
тығыз ынтымақтастыққа тарту болып 
табылады. Қандай жұмыс болмасын 
мектептегі үш бірлік ынтымақтаса жұмыс 
жасағанда ғана жетістікке жетуі мүмкін. 
Сондықтан мұғалімнің, оқушының, ата-
ананың барлық басымдықтарды жетістік 
критерийлерін анықтап алу қажет. 
1-басымдық, ол «Мектеп мәдениетін 
дамытуда» үш түйінді элементке көңіл 
бөлуіміз керек. Олар: жұмысқа жұмыл-
дырылған мұғалімдер, қызығушылық 
танытқан оқушылар, тығыз байланысқан 
қоғамдастықтар. Егер осы үш түйінді 
элементке, оқыту үдерісіне, жеткіліксіз 
назар аударсақ, оқушылардың академиялық 
нәтижелерінде елеулі жетістіктерге жету 
қиын болмақ. 
2-басымдық «Мұғалімдер арасында 
коллаборативті орта құру», оқушыға сапалы 
білім беру үшін мұғалімнің өзі сапалы 
білімді болуы керек, ол үшін үздіксіз 
білім алуларына жағдай жасалу керек. 
Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын 
құрудың негізгі жағдайы, ол мұғалімдердің 
кәсіби даму барысында бір-бірімен тиімді 
қарым-қатынастар болып табылады. Мектеп 
тәжірибесіне енгізілген өзгерістің тұрақты 
болуын қамтамасыз ету үшін белсенді 
жұмыс істейтін қоғамдастық құру, оның 
мониторингісін жүргізу және қолдау көрсету 
туралы толық жоспар бүгінгі заманауи 
қоғамның тіршілігінде желінің маңызы 
күннен күнге артып отыр. 
3-басымдық «Мұғалімдердің іс-
тәжірибесіне сындарлы оқыту теориясына 
негізделген тәсілдерін енгізу» мақсатын 
көздейді. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы 
керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе 
есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет 
Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман 
талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам 
мүддесіне сай болуы керек. Сындарлы оқыту 
– бұл оқушы өзінің тәжірибесі мен осыған 
дейін білетін білімі негізінде жаңа білімге 
қол жеткізетін шығармашылық, әрекеттік-
операционалдық оқыту. Ұстаздарымыздың 


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет