Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясы



бет3/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,82 Mb.
#34195
1   2   3   4   5   6   7

ШЕТЕЛ ТІЛІ

Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және интелектуалдық іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін тудырып отыр.

Шетел тілі оқушыларға басқа халықтың орасан зор рухани байлығына енуге тікелей жол ашып, олардың өзінің ұлттық мәдениетін терең сезінуіне мүмкіндік жасап, гумманитарлық білім деңгейін жоғарлатады.

Шетел тілін ана тілімен қатар оқып-үйрену оқушылардың өз ойын електен өткізуге, адамның жалпы сөйлеу дағдысын дамытуға, оның тілдік қарым-қатынас жасау (коммуникативтік) мәдениетін жетілдіруге саналы түрде ықпал етеді.

Шетел тілін оқыту:


  • дене жаттығуларының негiзгi компоненттерiн жақсы меңгерту (жалпы дамытатын және арнайы жаттығулардың кейбiр түрлерiн қоса);

  • мәтіннің мазмұнына әртүрлі дәрежеде ене отырып, әрқилы жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндерді оқу, түсіну біліктерін;

  • оқу-еңбек, тұрмыстық және қарым-қатынастық мәдени салалар шеңберіндегі стандарттық жағдаяттарда диалогтық қатынасты жүзеге асыру біліктерін;

  • оқығаны бойынша озінің пікірін, бағасын беру, өзі туралы, айналасы жайлы, оқығанының мазмұнын айта білу (мәтінге сүйене отырып) біліктерін;

  • тыңдаған жеңіл аутентті мәтіннің (хабарландыру, нұсқау түріндегі) негізгі мазмұнын есту арқылы түсіне білу біліктерін;

  • қарапайым ақпараттарды жазбаша түрде рәсімдеу және жіберу, мысалы, хат жазу, мәтіннен үзінді алу, сауалнаманы толтыру т.б.қамтамасыз етеді.

«Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны төмендегідей өзара байланысқан мазмұндық өзекті қамтиды:

  • дене жаттығуларының негiзгi компоненттерiн жақсы меңгерту (жалпы дамытатын және арнайы жаттығулардың кейбiр түрлерiн қоса);

  • оқу, сөйлеу қарым-қатынасын білу және сөзді айту, есту бойынша түсіну;

  • әлеуметтік-мәдени (елтануды бірге алғанда) білім білік және дағды;

  • тілдік білім мен дағды, фонетикалық білім мен айту дағдысы, рецептивті және продуктивті лексикалық білім дағдысы; рецептивті және продуктивті грамматикалық білім дағдысы.

2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс мектептептерінде шетел тілін оқыту 5-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерге арналған «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты» негізінде «Шетел тілі» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлы мектепте оқуға ерекше мән беру болашақ маманның өз бетiнше iзденiп, шетел тiлiндегi кәсiпке байланысты мәндi ақпараттарды тауып, оларды өзгертiп, түрлендiрiп өз пайдасына жарату сияқты атқаратын іс-әрекетiнен туындайды. Оқуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзуге мектеп жағдайында мүмкiндiк мол, әрi оқу сөз әрекетiнiң басқа түрлерiнiң дамуына, қалыптасуына оң ықпал етедi.

Бағдарлы мектептерде шетел тiлдерiн оқыту барысында оқудың мынандай түрлерiн дамыту көзделедi: зерттей оқу, таныса оқу, қарап шығу, iздене оқу.

Жоғарғы сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық бағдарда оқыту базалық бiлiм негiзiне сүйенедi. Бұл бағытта бiлiм беру оқушылардың болашақ мамандығы мен iс жүзiндегi әрекетiн нысана ете отырып, белгiлi бiр нәтиженi көздейдi. Ол нәтиже оқытудың мақсаты мен мiндетiне, жағдайларына байланысты болады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағдар жан-жақты бiлiм берудi көздейдi, себебi мектептерде адамзат тарихымен, мәдинетiмен ғана емес, адамның табиғатынан, болмысынан да бiлiм, iлiм берiледi.

Жалпы қоғамдық-гуманитарлық бағытта сөз әрекетiнің тиiмдi жақтарына ерекше көңiл бөлiнедi (яғни, ауызша сөйлеуге баса көңiл бөлу, оқуға, жазуға және тыңдап түсiнуге баса көңiл бөлу т.б.) немесе әлеуметтiк мәдени, лингвоелтану, грамматика т.с.с. ерекше назар аударады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағдар гуманитарлық бiлiм мен ғылымға немесе мектепте оқытылатын гуманитарлық пәндердiң бiрiне сүйенедi.

Бағдарлы оқытуда сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу талаптарымен қатар аударма және жазу талаптары бойынша арнайы бiлiктер мiндеттi түрде берiледi. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде оқу мен сөйлеу басты әрекет бола отырып, оқытудың тәрбиелiк, бiлiмдік, дамытушылық мақсаттары төмендегiдей бағытта нақтылана түседi:



  • дене жаттығуларының негiзгi компоненттерiн жақсы меңгерту (жалпы дамытатын және арнайы жаттығулардың кейбiр түрлерiн қоса);

  • мамандық таңдауға оқушының саналы түрде қатынасы, өзiнiң болашақ мамандығында шетел тiлдерiн iс жүзiнде қолдана бiлу қажеттiлігiн сезiнуге тәрбиелеу;

  • оқушының өз мамандығына қажеттi жалпы мәдени ой-өрiсiн кеңейту;

  • таным процесiнде оқушының ойлауы, есте сақтауы, тiл мәдениетi, жаратылыстану және математика ғылымы саласына қызығушылығы, ғылыми көзқарасы мен тiлдi қолдану бiлiгiн, сөйлеу мәдениетiн дамыту;

  • оқушыларды ауызша және жазбаша түрде болашақ мамандықтарына байланысты өзара мәдени қарым-қатынас жасай бiлуге дайындау.

Шетел тiлдерiн жаратылыстану және математикалық бағыттағы мектептерде оқыту оқушылардың математика, физика, химия, биология, информатика т.б. пәндерден алған бiлiм, бiлiктерi негiзiнде құрылады.

Мектепте жаратылыстану және математикалық бағыттағы оқу материалдарының берiлуi шетел тiлiндегiмен сәйкес берiледi. Бұл бағыттағы мектептерде оқыту мазмұнының басты компоненттерiне арнайы (сөйлеу) және жалпы оқу бiлiктерi жатады.

Жартылыстану және математикалық бағыттағы мектептердегi көзделетiн iскерлiк мынадай үш түрлi болып келедi:


    1. Оқу және ақыл-ой шеберлiгi. Тыңдап түсiну және оқуда тiлдiк құбылыстарды саралау.

    2. Оқу және ақпараттық бiлiк. Берiлген хабарлардан ең қажеттi, керектi дегендерiн таңдап, бөлiп алу. Математикалық және жаратылыстануға байланысты анықтама әдебиеттердi қолдана бiлу. Түрлi сызбалар, диаграмма т.б., математикалық белгiлердi бiлу, түсiну.

    3. Оқу және коммуникативтiк бiлiк. Топ болып талқылауларға қатысып, белгiлi бiр мәселенi шешу, ауызша айтылғандардан жоспар құра бiлу, тезис, рефераттар, баяндамалар жазу бiлiктiлiгi.

Шетел тілдерін оқытуда 5-9 сыныптарда мына бағдарламалар пайдаланылады: «Шетел тілдері» жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сыныптарныа арналған бағдарламасы Алматы РОНД, 2003 (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11.03.2003 № 148 бұйрығы); «Шетел тілдері» жалпы орта білім беретін мектептің 8-9сыныптарына арналған бағдарламасы Алматы, 2004 (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 12.05.2004 № 403 бұйрығы).

10-11сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 18.10.2005ж. № 672 бұйрығы бойынша бекітілген бағдарлама пайдаланылады: жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытының 10-11сыныптарына арналған шетел тілдері бағдарламасы – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы,2006

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 10-11 сыныптарына арналған шетел тілдері бағдарламасы – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы,2006.

Апталық сағат саны базистiк оқу жоспарына сай төмендегiдей болып белгiленедi:

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде 10-сыныпта аптасына 4 сағат, 11-сыныпта аптасына 2 сағат.

Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерін оқытуда аударма оқулықтар пайдаланады.

Мектептің кітапхана қорында шетел тілдері пәні бойынша белгіленген нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендері болуға тиіс. Кітапханалық қор және ақпараттық материалдар оқушылардың пайдалануына қолжетерлік болуы қажет.

2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс мектептерінде шетел тілін оқыту 5-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерге арналған «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты» негізінде «Шетел тілі» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24-қыркүйектегі №693 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясынан шыққан негізгі бағдарламаларды қолдану басшылыққа алынады. Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің 18.10.2005ж. № 672 Бұйрығымен бекітілген шетел тiлдерi (ағылшын, немiс,француз және араб, қытай тiлдерi). Орта жалпы бiлiм беретiн мектептiң 10-11-сыныптарына арналған бағдарламалар.– Алматы, 2006. – б.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

5-сынып

Неміс тілі. С. Абдығали, У.Байгелова, А.Есімова (қазақ, орыс мектептеріне арналған) –А:Атамұра, 2005.

Неміс тілі. Хрестоматия. У.Байгелова, А.Есімова (қазақ, орыс мектептеріне арналған) –А:Атамұра, 2005.

Неміс тілі. Жұмыс дәптері. У.Байгелова, А.Есімова (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2005.

Ағылшын тілі.Т.Аяпова, Д.Укбаев (қазақ, орыс мектептеріне арналған) А:Атамұра, 2005

Ағылшын тілі. Хрестоматия. Т.Аяпова, Д.Укбаев (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2005

Ағылшын тілі. Жұмыс дәптері.Т.Аяпова, Д.Укбаев (қазақ, орыс мектептеріне арналған)- А:Атамұра, 2005

Француз тілі. Г.Сманова, Г.Садыкова (қазақ, орыс мектептеріне арналған)- А: Ата мұра,2005.

Француз тілі. Хрестоматия.Г.Садыкова (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2005

Француз тілі. Жұмыс дәптері. Г.Садыкова (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2005



6- сынып

Неміс тілі. А.Артықбаева, Б.Есімова, У.Таникина (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Неміс тілі. Әдістемелік құрал. А.Артықбаева және т.б.(қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Неміс тілі. Дидактикалық материалдар. А.Байгелова және т.б. (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Неміс тілі. Хрестоматия. А. Байгелова және т.б. (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Ағылшын тілі.Т.Аяпова, З.Әбілдаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра,

Ағылшын тілі. Әдістемелік құрал.Т.Аяпова, З.Әбілдаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Ата мұра, 2006.

Ағылшын тілі.Хрестоматия. Т.Аяпова, З.Әбілдаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Ағылшын тілі. Жұмыс дәптері. Т.Аяпова, З.Әбілдаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Француз тілі. К.Ермекова, М.Молдашева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Француз тілі. Әдістемелік құрал. К.Ермекова, М.Молдашева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Француз тілі. Хрестоматия. К.Ермекова, М.Молдашева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

Француз тілі. Жұмыс дәптері. К.Ермекова, М.Молдашева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2006

7- сынып

Ағылшын тілі. Т.Аяпова, З.Әбілдаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған)-А: Атамұра, 2007.

Ағылшын тілі. Әдістемелік құрал.Т.Аяпова, З.Әбілдаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған)-А: Атамұра, 2007.

Ағылшын тілі.Хрестоматия.Т.Аяпова, З.Әбілдаева(қазақ, орыс мектептеріне арналған)-А: Атамұра, 2007.

Ағылшын тілі. Жұмыс дәптері.Т.Аяпова, З.Әбілдаева(қазақ, орыс мектептеріне арналған)-А: Атамұра, 2007.

Неміс тілі. А.Артықбаева, У.Байгелова (қазақ, орыс мектептеріне арналған)-А: Атамұра, 2007.

Неміс тілі. Әдістемелік құрал. А.Артықбаева және т.б. (қазақ, орыс мектептеріне

арналған) -А: Атамұра, 2007.

Неміс тілі. Дидактикалық материалдар. (Предлоги) У. Байгелова (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2007.

Неміс тілі. Хрестоматия. У.Таникина (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А: Атамұра, 2007.

Француз тілі.К.Дүйсекова, К.Қалыбаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2007

Француз тілі. Әдістемелік құрал К.Дүйсекова, К.Қалыбаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2007

Француз тілі Хрестоматия. К.Дүйсекова, К.Қалыбаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2007

Француз тілі. Жұмыс дәптері. К.Дүйсекова, К.Қалыбаева (қазақ, орыс мектептеріне арналған) -А:Атамұра, 2007

Араб тілі. А.Дадебаев, У. Мұсабаева (қазақ мектептеріне арналған)-А:Атамұра 2007.

Араб тілі. Әдістемелік құрал. А.Дадебаев, У. Мұсабаева -А: Атамұра, 2007.


8- сынып

Неміс тілі. А.Артықбаева, Ш.Байнеш, Б.Абдыгалиева, У.Байгелова. А: Мектеп, 2008.

Неміс тілі. Әдістемелік нұсқау. А.Артықбаева, Б.Абдыгалиева, У.Байгелова, (қазақ, орыс ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2008

Неміс тілі. Оқу кітабы. Б.Абдыгалиева (қазақ, орыс ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2008.

Неміс тілі. Жаттығулар жинағы. Ш.Байнеш (қазақ, орыс ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Ағылшын тілі. П.Козлов, Т.Кузнецова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Ағылшын тілі.Әдістемелік құрал. П.Козлов, Т.Кузнецова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Ағылшын тілі. Оқуға арналған кітап. П.Козлов, Т.Кузнецова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Француз тілі. Г.Садыкова, Г.Сманова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Француз тілі. Әдістемелік құрал. Г.Садыкова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Француз тілі. Оқуға арналған кітап. Г.Сманова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004

Француз тілі. Жұмыс дәптері. Г.Садыкова, Г.Сманова (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2004



9-сынып

Ағылшын тілі.Т.Т.Аяпова, З.С.Әбілдаева, Ж.А.Тұтбаева (қазақ, орыс ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2009

Ағылшын тілі. Әдістемелік нұсқау. Т.Т.Аяпова, З.С.Әбілдаева, Ж.А.Тұтбаева (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2009

Ағылшын тілі. Оқу кітабы. Т.Т.Аяпова, З.С.Әбілдаева, Ж.А.Тұтбаева (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2009

Ағылшын тілі. Жұмыс дәптері. Т.Т.Аяпова, З.С.Әбілдаева, Ж.А.Тұтбаева (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2009

Ағылшын тілі. Аудиокассета. Т.Т.Аяпова, З.С.Әбілдаева, Ж.А.Тұтбаева (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2005

Неміс тілі. А.Артықбаева, Б.Абдығалиева, Ш.Байнеш (қазақ, орыс ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2005

Неміс тілі. Әдістемелік құрал. А.Артықбаева, Б.Абдығалиева, У.Байгелова және т.б. (қазақ, орыс ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2005

Неміс тілі. Оқуға арналған кітап. Б.Абдығалиева, У.Т.Таникина (қазақ, орыс ұйғыр, мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2005

Неміс тілі. Жаттығулар жинағы. Ш.Байнеш (қазақ, орыс, ұйғыр, мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2005

Неміс тілі. Аудиокассета. Б.Абдығалиева, Ш.Байнеш және т.б. (қазақ, орыс, ұйғыр, мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2005

Француз тілі. М.Г.Мулдашева, К.А.Ермекова (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2009

Француз тілі. Әдістемелік нұсқау. М.Г.Мулдашева, К.А.Ермекова (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) -А:Мектеп, 2009

Француз тілі. Оқу кітабы. К.А.Ермекова (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) –А:Мектеп, 2005

Француз тілі. Жұмыс дәптері. М.Г.Мулдашева, К.А.Ермекова (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) –А:Мектеп, 2009

Француз тілі. Аудиокассета. М.Г.Мулдашева, К.А.Ермекова (қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған) –А:Мектеп, 2009

Араб тілі. Б. А. Атабай, Г.Р. Рамазанова, З.А.Әбідін (қазақ мектептеріне арналған) –А:Мектеп, 2005.

Араб тілі Әдістемелік нұсқау. Б. А. Атабай (қазақ мектептеріне арналған) – А:Мектеп, 2005

Бағдарлы мектепте оқуға ерекше мән беру болашақ маманның өз бетiнше iзденiп, шетел тiлiндегi кәсiпке байланысты мәндi-мағыналы ақпараттарды тауып, оларды өзгертiп, түрлендiрiп өз пайдасына жарату сияқты атқаратын жұмысының, әрекетiнен туындайды. Оқуға айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзуге мектеп жағдайында мүмкiндiк мол, әрi оқу сөз әрекетiнiң басқа түрлерiнiң дамуына, қалыптасуына оң ықпал етедi. Бағдарлы мектептерде де шетел тiлдерiн оқыту барысында оқудың мынандай түрлерiн дамыту көзделедi:

а) зерттей оқу

ә) таныса оқу

б) қарап шығу

в) iздене оқу

Жоғарғы сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық бағдарда оқыту базалық бiлiм негiзiне сүйенедi. Бұл бағытта бiлiм беру оқушылардың болашақ мамандығы мен iс жүзiндегi iс-әрекетiн нысана ете отырып, белгiлi бiр нәтиженi көздейдi ол нәтиже оқытудың мақсаты, мiндетi мен жағдайларына байланысты болады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағдар жан-жақты бiлiм берудi көздейдi, себебi мұндай бағдармен оқытатын мектептерде адамзат тарихы мен мәдинетiмен ғана емес, адам табиғатынан, болмысынан да бiлiм, iлiм берiледi.

Қоғамдық-гуманитарлық бағдар гуманитарлық бiлiм мен ғылымға немесе мектепте оқытылатын гуманитарлық пәндердiң бiрiне сүйенедi.

Шетел тiлдерiн жаратылыстану және математикалық бағыттағы мектептерде оқыту оқушылардың математика, физика, химия, биология, информатика т.б. пәндерден алған бiлiм, бiлiктерi негiзiнде құрылады.

Мектепте жаратылыстану және математикалық бағыттағы материалдардың берiлуi шетел тiлiндегi материалдармен сәйкес берiледi. Бұл бағыттағы мектептерде оқыту мазмұнының басты компоненттерiне арнайы (сөйлеу) және жалпы оқу бiлiктерi жатады.

Жартылыстану және математикалық бағыттағы мектептердегi көзделетiн iскерлiк мынадай үш түрлi болып келедi:


  1. Оқу және ақыл-ой шеберлiгi. Тыңдап түсiну және оқуда тiлдiк құбылыстарды саралау.

  2. Оқу және ақпараттық бiлiк.

  3. Берiлген хабарлардан ең қажеттi, керектi дегендерiн таңдап, бөлiп ала білу. Математикалық және жаратылыстануға байланысты анықтама әдебиеттердi қолдана бiлу. Түрлi сызбалар, диаграмма т.б., математикалық белгiлердi бiлу, түсiну.

  4. Оқу және коммуникативтiк бiлiк.

Топ болып талқылауларға қатысып белгiлi бiр мәселенi шешу, ауызша айтылғандардан жоспар құра бiлу, тезис, рефераттар, баяндамалар жазу бiлiктiлiгi.

Арнайы бiлiктер бойынша бағдарлы оқытуда сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу талаптарымен қатар аударма және жазу талаптары мiндеттi түрде берiледi. Жаратылыстану, математикалық бағыттағы мектептерде оқу мен сөйлеу басты әрекет бола отырып, оқытудың тәрбиелiк, бiлiм беру, жетiлдiру мақсаттары төмендегiдей бағытта нақтылана түседi:



  • мамандық таңдауға оқушының саналы түрде қатынасы, өзiнiң болашақ мамандығында шетел тiлдерiн iс жүзiнде қолдана бiлу қажеттiгiн сезiнуiн тәрбиелеу;

  • оқушының өз мамандығына қажеттi жалпы мәдени ой - өрiсiн кеңейту;

  • таным процесiнде оқушының ойлауы, есте сақтауы, тiл мәдениетi, жаратылыстану және математика ғылымы саласына қызығушылығы, ғылыми көз қарасы мен тiлдi қолдану бiлiгiн, сөйлеу мәдениетiн дамыту;

  • оқушыларды ауызша және жазбаша түрде болашақ мамандықтарын байланысты өзара мәдени қарым-қатынас жасай бiлуге дайындау.

Апталық сағат саны базистiк оқу жоспарына сай төмендегiдей болып белгiленедi:

Жаратылыстану және математикалық бағыттағы мектептерде 10-сыныпта аптасына –2 сағат, 11 сыныпта –2 сағат.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде 10-сыныпта аптасына –4 сағат, 11 сыныпта –2 сағат.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт (Ағылшын тілі)

10 сынып

Ағылшын тілі. Оқулық. Аяпова Е.А.,Үкбаев Д.Б., Әбілдаева З.С., Тұтбаева Ж.А., Кұрмамбаева Ж. (қазақ, орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Ағылшын тілі. Әдістемелік нұсқау. Аяпова Е.А., Үкбаев Д.Б., Әбілдаева З.С., Тұтбаева Ж.А., Курмамбаева Ж. (қазақ, орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Ағылшын тілі. Оқу кітабы. Аяпова Е.А., Үкбаев Д.Б., Әбілдаева З.С. Тұтбаева Ж.А., Кұрмамбаева Ж. (қазақ, орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Ағылшын тілі. Жұмыс дәптері. Аяпова Е.А., Үкбаев Д.Б., Әбілдаева З.С. Тұтбаева Ж.А., Кұрмамбаева Ж. (қазақ, орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі. А.Артықбаева, С.Әбдіғали, Ү.Байгелова, Б.Есімова, Қ.Рысалды. А: Мектеп, 2006.

Неміс тілі. Ұ.Байгелова, Ж.Әшімова. А: Мектеп, 2006.

Жаратылыстану-математикалық бағыт (Ағылшын тілі)

10 сынып

Ағылшын тілі. Оқулық. Аяпова Т.А., Әбілдаева З.С., Тұтбаева Ж.А., Садуақасова З.С., Курмамбаева Ж.. (қазақ, орыс мектептері үшін) - А: Мектеп, 2006

Ағылшын тілі. Әдістемелік нұсқау. Аяпова Т.А., Әбілдаева З.С., Тұтбаева Ж.А., Садуаасова З.С., Курмамбаева Ж. (қазақ, орыс мектептері үшін) - А: Мектеп, 2006

Ағылшын тілі. Оқу кітабы. Тұрсынбаева Қ., Құлбекова Б. (қазақ, орыс мектептері үшін) - А: Мектеп, 2006

Ағылшын тілі. Жұмыс дәптері. Аяпова Е.А., Әбілдаева З.С., Тұтбаева Ж.А., Садуакасова З.С., Кұрмамбаева Ж. (қазақ, орыс мектептері үшін) - А: Мектеп, 2006

Араб тілі. Әдістемелік нұсқау. А: Мектеп, 2006



Қоғамдық-гуманитарлық бағыт (Неміс тілі)

10 сынып

Неміс тілі. Артықбаева А., Әбдіғали С., Байгелова Ұ., Есімова Б., Рысалды Қ. Оқулық. (қазақ,орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі. Әдістемелік нұсқау. Артықбаева А., Әбдіғали С., Байгелова Ұ., Арсланбаева Р. (қазақ,орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі.Оқу кітабы. Әбдіғалиева Б., Бәйнеш Ш., Шалғынбаева Р., Таникина Ұ. (қазақ,орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі. Жұмыс дәптері. Байгелова Ұ.,Әшімова Ж..(қазақ,орыс мектептері үшін) – А: Мектеп, 2006

Жаратылыстану-математикалық бағыт (Неміс тілі)

10 сынып

Неміс тілі. Артықбаева А., Әбдіғали С., Әшімова Ж., Байгелова Ұ., Есімова Б., Сүлейменова Д.О. (қазақ,орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі. Әдістемелік нұсқау. Артықбаева А., Әбдіғали С., Байгелова Ұ., Сүлейменова Д., Таникина Ұ. (қазақ,орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі.Оқу кітабы. Әбдіғалиева Б., Бәйнеш Ш., Шалғынбаева Р. (қазақ,орыс мектептері үшін) –А: Мектеп, 2006

Неміс тілі. Жұмыс дәптері.Нұрбекова Г.Д. (қазақ,орыс мектептері үшін)–А: Мектеп, 2006

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт (Француз тілі)

10 сынып

Француз тілі.Сманова Г.Т., Садықова Г.К. Оқулық. (қазақ,орыс мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Француз тілі.Әдістемелік нұсқау. Сманова Г.Т., Садықова Г.К (қазақ,орыс мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Француз тілі..Оқу кітабы. Сманова Г.Т.,Садықова Г.К (қазақ,орыс мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Француз тілі. Жұмыс дәптері. Сманова Г.Т., Садықова Г.К (қазақ,орыс мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Жаратылыстану-математикалық бағыт (Француз тілі)

10 сынып

Француз тілі.Қармысова М.К.Иванова А.М. Учебник. (қазақ,орыс мектебі үшін) – А: Мектеп, 2006

Француз тілі.Әдістемелік нұсқау. Қармысова М.К., Иванова А.М. (қазақ,орыс мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Француз тілі..Оқу кітабы. Немеребаева К.А.,Уразбаева А.Е. (қазақ,орыс мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Француз тілі. Жұмыс дәптері.Иванова А.М. (қазақ,орыс мектебі үшін)–А: Мектеп, 2006

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт (Араб тілі)

10 сынып

Араб тілі. Бүркітбай Г., Аманжол С., Қайранбаев С. Оқулық. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Араб тілі. Оқу кітабы. Бүркітбай Г., Аманжол С., Қайранбаев С. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Араб тілі. Әдістемелік нұсқау.Атабай Б. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Араб тілі. Жұмыс дәптері. Бүркітбай Г., Аманжол С., Қайранбаев С. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006.

Жаратылыстану-математикалық бағыт (Араб тілі)

10 сынып

Араб тілі. Әлмұхаметов Ә., Дәдебаев А., Есенжан Д., Таңсықбаев К.А. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Араб тілі. Әдістемелік нұсқау.Әбідін З., Әлдібаева А. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Араб тілі.Оқу кітабы. Қайранбаев С. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006

Араб тілі. Жұмыс дәптері.Әбідін З. (қазақ мектебі үшін) –А: Мектеп, 2006



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет