Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясы


Жарытылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 11-сыныбына арналған «Адам және қоғам»



бет6/7
Дата17.06.2018
өлшемі0,74 Mb.
#42725
1   2   3   4   5   6   7
4. Жарытылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 11-сыныбына арналған «Адам және қоғам»

Жарытылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 11-сыныбына арналған «Адам және қоғам» курсын оқытуға БМЖМС-те белгiленген базистiк оқу жоспары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.10.2005 жылғы № 672 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 68 сағат уақыт бөлiнген.

«Адам және қоғам» курсы 9-сыныпта өтiлген “Адам. Қоғам. Құқық” курсының жалғасы. Бiлiм мазмұны сабақтастық ұстанымына негiзделген, “АҚҚ” курсымен бiртұтастықты құрайды. Оның “қоғамдық бiлiм негiздерi” курсынан айырмасы оқытуға бөлiнген уақыттың аздығынан жаратылыстану-математика бағдарында 10 сыныпта оқыту қарастырылмаған. 9 және 11 сыныптардағы бiлiм мазмұнының жалғасуы бiрiншi тараудағы өзгерiстермен жүзеге асырылады.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағдарлы мектептерде өтiлетiн курстарда адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланыстары туралы әр саналы адам бiлуге тиiстi қажеттi ақпараттар келтiрiлген. Оқулықтардың мазмұны уақыт тынысына сай, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтарды меңгерген, айналада болып жатқан оқиғаларға саяси және ғылыми дұрыс баға бере алатын, азаматтық және құқықтық қоғам мүшесiн тәрбиелеуге бағытталған. Бiлiм құрамы адамның кәсiбiне немесе өзге әлеуметтiк жағдайларына қарамастан, барлық адамға қажеттi ғылыми ақпараттарды қамти отырып, қажеттi деңгейде оқушыға өзiнiң қызметiн нәтижелi атқаруға, күрделi ахуалдарға объективтi баға беруге, дұрыс шешiм қабылдауға үйретедi. Бағдарлы мектептi бiтiрушiлер материалды ғылыми ұғым, теория және тұжырым дейгейiнде ғана игерiп қоймай, сонымен қатар мәселенiң мәнiне үңiле бiлуге, құбылыстың себебiн анықтауға, үдерiстерге анализ жасауға, келешекке болжам жасай алуға тиiстi.

Курстағы бiлiм материалдары философияның бөлiмдерiне сәйкестендіріліп топталған. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектепте қоғамдық пәндердi оқытуға бөлiнетiн уақыттың артуына орай, курста жаратылыстану-математика бағдарына арналған оқулыққа қарағанда филосфиялық материалдарға маңыз аларлық көп орын берiлген. Оқушылар жеке тақырыппен кең түрде қамтылған өткен және заманауи өркениеттер туралы ақпарат алады, қоғамдардың дамуының жалпылама заңдылықтарымен танысады, демократиялық құндылықтарды меңгередi. Мұғалiмдер қоғам дамуының негiзгi шешушi факторы болып табылатын өркениеттiң рухани негiздерiне баса назар сала оқытуы керек.

Бағдарлы бiлiм оқытуды индивидуалдандыру және ажырату (дифференциялау) құралы ретiнде бiлiм мазмұнын, құрылымын өзгерту және оқыту үдерiсiн ұйымдастыру барысында оқушылардың икемдiлiктерiн, қабiлеттерiн, олардың кәсiпке мүдделiлiгi мен бiлiмдi жалғастыру ниетiн толығырақ ескере отырып бiлiм беруге жағдай жасайды. Бағдарлы бiлiм беру тұлғалық-бағдарлы оқыту үдерiсiн жүзеге асыруға бағышталған. Бұл жағдайда оқушының өзiнiң жеке бiлiм алу көкжиегi маңыз аларлық кеңейедi.

Таңдалатын курстар – мектептiң жоғары буынындағы оқыту бағдарының құрамына енетiн, ата-аналарының келiсiмiмен оқушылардың өздерi таңдап оқитын курстар. Таңдалатын курстар үш мiндет атқарады: бағдарлы курстың мазмұнын толықтырады; базистiк курстардың бiрiнiң мазмұнын жетiлдiредi; жекелеген оқушының өзi таңдап алған бағдардағы қызметi шеңберiнен шығып кететiн танымдық қызығушылығын қанағаттандырады. Бағдардың құрамында таңдауға ұсынылатын курстардың саны оқушылар мiндеттi түрде таңдап алуға тиiс курстардың санынан артық болуы керек. Оқушылар таңдауы үшiн мектеп базалық және бағдарлы курстардың түрлi нұсқаларын ұйымдастырады.

Бiлiм мазмұнын құрудың ұсынылып отырған тұрғысы мамандануды дiттеген тереңдетiп оқытылатын курстарға қарағанда әр бағыт бойынша кең бағдарлы оқыту идеясын қолдайды. Мұндай жағдайда жеке бағдар бойынша қосымша бағдарiшiлiк мамандану жүзеге асырылуы мүмкiн.

10-11 сыныптарда төмендегiдей таңдалатын және қолданбалы курстар ұсынылады:

Демократия негiздерi – 34 сағат;

Азаматтану – 34 сағат;

Дiнтану негiздерi 34 сағат.

Адам және экономика – 34 сағат;

Оқушыларға арналған логика – 34 сағат;

Философиялық этика негiздерi – 34 сағат.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.
.
ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГIЗДЕРI
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 24.09.2002 жылғы № 693 бұйрығымен бекiтiлген қолданыстағы Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi жалпы орта бiлiм стандарты (БМЖМС) бойынша 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының мектептерiнде “Құқықтану негiздерi” пәнi жүргiзiле бастады. Пән жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-11 сыныптарында жүргiзiлетiн үш негiзгi курстан тұрады.
1 – кесте.“Құқықтану негiздерi” пәнiнiң негiзгi курстары

№№

Негiзгi курстардың аттары

Мектептiң бағдары

Сыныптар

Сағат саны

11

“Адам. Қоғам. Құқық” (кiрiктiрiлген курс)

Негiзгi мектеп

9 сынып

68

22

Құқықтану

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10-11 сыныптар

68 (34+34)

33

Құқық негiздерi

Жаратылыстану-математика бағыты

10 сынып

34





          1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет