Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты



Дата06.02.2022
өлшемі81 Kb.
#69015
Байланысты:
Фил сөж эссе


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

СӨЖ



Тақырыбы: «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» эссе жұмысы.
Орындаған:Айдарханова Ұ.
Тексерген: Жармағанбетов Е.
Арқалық, 2019-2020
«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»
Тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне,егемендігімізді ту етіп , еңселі ел болғанымызға жиырма бес жыл толып отыр. Ұлт–азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық. Ел тізгінін ұстаған Елбасының сарабдал саясаты қазақ елін биіктетті. Қазақстан мемлекетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық,ынтымақ пен бірлік — басты қағидаларының арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, тәуелсіздік жылдары көп істер атқарылды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты.Білім мен ғылым,технологияның дамыған заманында мектептер мен жоғары білім беретін университеттер,балабақшалар салынып жатыр.Сан түрлі мамандықтар ашылып, ,ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді. Алаш арысы Мағжанның: «Мен жастарға сенемін»-деп үміт еткен жастарының алды болып ержеттік. Ендігі мақсат, бабаларымыздан қалған ұлы мұрат, Қазақ елінің гүлденуіне өз үлесімізді қосу. Қазақ атын әлемге кеңінен таратып, мәртебесін асқақтату. Ал, менің, елімнің өркендеуіне қосар үлесім қандай болмақ?
Өмірдің өзі арманнан басталады. Мен кішкентай кезімнен ұстаз болғым келген. Бала кезімде оқушы мен мұғалім болып достарымызбен көп ойнайтынбыз.Әрине мен мұғалім болатынмын. Мұғалім болуға құштарлығымды алғашқы мұғалімім «Күнсұлу» есімді ұстазым еді. Ол кісі мені жақсы көріп көптеген өнерлерге боулыды. Одан өсе келе қандай пәннен болатынымды ойлады. Ол сұрағыма жауапты табуға 5 сыныптан, 9 сыныпқа дейін берген мұғалімім Багдан ұстазым көмектесті. Багдан ұстазым менің математикаға деген қабілетімді байқап. Сол пән бойынша тереңдетіп білім берді. Сонымен мен математика пәнінен мұғалім боламын деп шештім. Әрине, одан кейін физикадан беретін Гүлдар есімді менің өмірімде ерекше ұстазым бар. Ол кісінің беру сабақ беру әдісі қатты ұнайтын. Сол мұғалімнің арқасында физиканыда жақсы көрдім. Осы екі пәнді бірдей жақсы көріп жүргенен кейін Арқалықтағы педагогикалық институтқа оқуға түстім.
Қазіргі таңда сонда 2 курс студентімін математика-физика пәнінен беретін мұғалім мамандығында. Қазіргі таңда еліме көп көмегім тимеуі мүмкін, бірақ болашақта көп көмектесе аламын. Ол мен жақсы тәрбие мен білім берген балалар болады. Математика мен физиканы жақсы меңгерген балалар елдің дамуынан үлкен қоса алады. Көптеген мамадық иелері болады. «Жастар -болашақ кепілі» демекші мен сол жастарға жақсы білім беру арқылы үлкен үлес қоссамын.
Ин Ша Аллах!!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет