Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет19/50
Дата06.02.2022
өлшемі265,72 Kb.
#73960
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн
ІІІ модуль Микроэволюция ілімі


Тақырыбы: Микроэволюция ілімі
Жоспары:
1.Микроэволюция ұғымы.
2.Микроэволюция ілімінің қалыптасуы, оның зерттейтін мәселелері және әдістері эволюция ілімінің дамытудағы маңызы.
3.Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы
Лекция мәтіні:
1.Дарвин құрған түрлердің шығу тегі туралы теорияның негізінде мынадай принципиалды маңызды жағдайлар жатыр:
1.Түрдің филогениялық өзгеруі орта жағдайлардың өзгерісіне байланысты туады.
2.Жаңа түрдің түзілуі түр ішіндегі жаңа формалардың қалыптасуынан басталады. Дарвин бұларды түршелер деп атады.
3.Табиғи сұрыптау нәтижесінде жаңа органикалық формалар өзгерген жағдайларға бейімделіп отырады.
4.Жаңа түрлердің пайда болуы — ұзақ тарихи процесс.
5.Филогенездің негізгі бағыты дивергенция болып табылады,алайда конвергенциялық формалар да пайда болуы мүмкін.
6.Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір тобы бір негізден (шығу тегі монофилиялы) шығады.
Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанына жүз жылдан артық уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың күшті құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолы бұл теорияның негізгі жағдайларының дүрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған фактылар бұл теорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бүл жөнінде дивергенция процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа зерттеулердің ерекше маңызыбар.Қазіргі кездегі популяциялық экология микроэволюциялық процестің мәнісін түсіндіруде көп жаңалықтар ендіріп отыр. Микроэволюция дегеніміз -популяциялардың ішінде жүретін және түрдін, әр түрлі дәрежедегі түрішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатын эволюциялық процесс. Басқаша айтқанда, микроэволюция популяция дәрежесінде жүретін процесс.
2.Экологтар мен генетиктер жаңа түрлердің түзілуі микроэволюциялық процестен басталады деген бір пікірге келіп отыр. Бұл процесс популяцияның ерекшелігіне және құбылмалы ортаның қасиеттеріне байланысты, көптеген себептердің әсерімен жеке популяциялардың ішінде жүреді.
Түр құрылымы оның популяцияларындағы биологиялық процестердің күрделігіне дәлел:
1) популяцияның құрылымы мен әр жылдағы, маусымдағы өзгергіштігіне, 2) популяцияның генетикалық ерекшеліктеріне, 3) сыртқы ортаның әсеріне 4) сыртқы жағдайларлың өзгерісіне популяцияның реакциясына қарап анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет