Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Химия, биология және география кафедрасы
«Бекітілді»
Кафедра меңгерушісі
Коразбекова К.У.
Кафедра мәжілісінде қаралды
20___ ж. «___» ___________
№____ хаттама
Дәріс кешені
Эволюциялық ілім
6В01505-Биология білім беру бағдарламасына арналған
Дәріс кешенінің құрылымы
1. Дәріс тақырыбы
2. Оқу нәтижелері
3. Дәріс жоспары
4. Дәріс тезистері Дәріс кешенінің құрылымы
Лекция №1 I модуль Кіріспе. Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Жоспары:
1.Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы
2.Антик дәуір философтарының (Гераклит, Эмпедокл, Аристотель, Лукреций, Теофраст, Демокрит т.б.) еңбектеріндегі эволюциялық идеялар.
3.Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы (ғылымның дамуындағы метофизикалық дәуір және креоцинистік көзқарастардың үстем болуы).
4.Дарвиннен кейінгі эволюциялық теорияның дамуы
Лекция мәтіні :
1.Эволюция (латынша – “еvolutіо”) – тарихи даму өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді, яғни органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму себептерін, қозғаушы күштерімен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді.
Ертедегі Грецияда жаратылыс ғылымдарының дамуы мен көне философия тарихы бір – бірімен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V – II ғасырда гректің алғашқы философ – матералистері, бір жағынан философ, ал, екінші жағынан олар табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды түсінгісі және түсіндіргісі келген тұңғыш жаратылыс зерттеушісі болды. Олардың көзқарастары, тозығы жеткен алғашқы қауымдық қоғам құрлысының орнына жаңа қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап , қоғамдық қатынастар түбегейлі өзгерген дәуірде қалыптасты.
2.Матералистік философияның әрімен қарай дамуы эфестік ойшыл Гераклиттің ( біздің эраға дейінгі IV ғасырдың аяғы, V ғасырдың басы ) ілімімен байланысты.
Гераклит табиғаттағы заттар және құбылыстар өзіне қарама – қарсы көшеді деген ойды дамытады.
Эмпедокл тірі денелердің пайда болуы жөнінде бірсыпыра пікірлер айтады. Оның ойынша тіршілік күн жоқ кезде пайда болған. Жерге өте қатты жауын жауып, су түбіндегі ұймада алғашқы өсімдіктер пайда болған. Кейінен жануар денесінің жеке мүшелері мойынсыз бас, иықсыз қол, маңдайсыз көз пайда бола бастаған.Дененің осы мүшелері бір – бірімен жалғасатын болған.
Көне философия өзінің дамуында, сол кездің ең даңқты энциклопедистерінің бірі Демокриттің ( шамамен біздің эрамызға дейінгі 460 – 370 жылдары ) ілшімінің де жоғары шыңына жетті. Демокрит материя құрлысының тұңғыш атомдық теориясын құрды. Ол табиғаттағы барлық зат бөлінбейтін материялық бөлшектерден – атомнан құралады деп үйретті.
Грецияда Эмпедокл мен Демокрит дамытқан идеалар кейіннен Рим империясына да таралды. Рим философы және ақыны Лукреций Кар ( біздің эраға дейінгі I ғасырда “ Заттың табиғаты жайында” деген поэмасында грек ойшылдарының көзқарасына ұқсас бір қатар пікірлер айтады.
Аристотельше тіріге үш негізгі белгі тән:
1.өсу мен көбею үшін - тамақ ;
2.организмді қозғалтатын – сезім;
3.ойлау;
Бұл белгілер жанның қасиетін анықтайды. Әртүрлі организмдердің жаны да әр түрлі:
1)Қоректендіруші жан (өсімдіктерде)
2)Сезуші жан ( жануарларда)
3)Ақылды жан (адамда) болады. Осы жандардың әр бірі өзінше тірі дененің мақсатты дамуын қамтамасыз етеді.
3.Әйгілі ағылшын философы Ф.Бэкон (1561 – 1626) индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.
Мысалы; 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрлысын зерттеп, оған сипаттама берсе , 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.
Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707 – 1778) болды. Ол түрдің табиғи жан – жақтылығын және ақиқат барлығын айтса келіп, түр құрлысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді.
1749 жылы Ж.Бюффон “Табиғи тарих” атты көп томдық еңбегінде “ бейорганикалық заттардан тірі ағзалар ( алдымен , өсімдіктер , одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эвалюциясы жөніндегі дұрыс ой – пікірлер Д.Дидронның , Ч. Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің , И.Канттың еңбектерінде жазылған.
Ресейде табиғат туралы эволюцилық идеалар XVIII ғасырдың 2 – ші жартысында қалыптаса бастады.
Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерстерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт – Петербург академигі К.Ф. Вольф алғашқылардың бірі болып , ұрықтың дамуы жөнінде дұрыс пікір ұсынды.
А.Н. Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрлысты ағзаларға жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф. Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзаларды қай – қайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді.
Достарыңызбен бөлісу: |