Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар.
Жоспары: 1.ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер.
2.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму (систематика, салыстырмалы анатомия, эмбриология).
3.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі
Лекция мәтіні :
1.Канттың “ Жалпы жаратылыстық тарих және аспан теориясында” баяндалған жаңалығы, табиғатты зерттейтін барлық ғалымдардың одан ары қарай қозғауының аттаныс нүктесі болды. Сол кездің өзінде – ақ Жердің өзгеріп отыратын туралы ұғым мен жер бетінде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің өзгермеуі жайындағы ілім арасында қайшылық пайда болды.
Екінші саңылау геология мен палентология дамуына байланысты пайда болды. Геологиялық қабаттардың жатысы және ондағы жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары жайындағы мәліметтерді жүйеге келтіру , жер бетінің және онда тіршілік етуші жануарлар мен өсімдіктердің тарихы бар екенін мойындаттыруға тиіс болды.
Метафизикалық дүние танудағы үшінші саңылау органикалық химия табыстарымен байланысты пайда болды. 1828 жылы Ф.Велер мочевинаны қолдан жасап , бірінші рет органикалық затты қолдан синтездеуді жүзеге асырды. Сөйтіп, химия заңдарының органикалық емес заттар үшін сондайлық маңызы болса, органикалық дененлер үшін сондайлық маңызы бар екені және тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасында өте алмайтындай шыңырау жоқ екендігі дәлелденді. Энергияның айналуын дәлелдеу арқылы физика төртінші саңылау жасады. “ Осы уақытқа дейін, табиғатқа әсер етуші сансыз тсебептердің бәрі түсініксіз әлдеқандай құпия болып келген күштер – механикалық күш, жылу сәуле шашу (жарық және сәулелік жылуы) электр , магнитизм, химиялық күштің қосылу және айырлуы энергияның ерекше формалары, оның өмір сүру тәсілдері екені енді дәлелденді”.Шын мәнінде биология ғылымында төңкеріс орнатқан Чарльз Дарвиннің эволюциялық ілімінде осы екі проблема дәлелді ғылыми түрде шешілді. Бұл ілім метафизикалық дүние көзқарасына соңғы негізгі саңылау жасап берді. Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы адамның практикалық жұмыстарына жүргізген. Дарвинің терең талдауы , органикалық дүниенің тарихи дамуы жайында жаңа ілім шығуына себеп болды. Сондықтанда дарвинизмнің отаны – дамыған ауыл шаруашылықты ел- Англия болғанына таңдануына болмайды.
2.XIX ғасырдың ортасына таман тек Англияда ғана капиталистік өндіріс әдісі толық даму шегіне жетеді осыған орай капиталистік елдердің ішінен дүние жүзілік базарда ең бірінші орынға ие болады. Осы кезде ауыр өндіріс әсіресе тас көмір шығару, шойын және болат қорыту жөнінен, сондай-ақ жеңіл өндіріс ойдағыдай дамыды. Англия колониялы күшті державаға айналады.
Клетка теориясының құрылуы. Эволюциялық идеяның келешек дамуына өткен ғасырдың 30- жылдарындағы биология ғылымында болған екі уақиға себеп болды. Оның бірі клетка теориясының құрылуы , екіншісі – “Жануарлардың даму тарихы “ атты екі томдық тракттатың жарыққа шығуы.
Көптеген ғалымдардың материяның нәзік құрылымын зерттеудегі ұзақ қажырлы еңбек етулерінің нәтижесінде клетка теориясы құрылды. Дұрыс айтсақ бұл құрылымдарды зерттеу әдісі жоғарыда аталып кеткен К.Ф.Вольфтың трактатында жазылған болатын.
Клетка теориясы М.Шлейден мен П. Шванның классикалық жұмыстарында өрісті дамытылды. Бұрынғылардың идеяларын үйлесімді жинақтаушы теория етіп қалыптастырған осылар.
Клетка ілімі органикалық дүниенің бірлігі жайындағы проблеманың шешуін жаңа арнаға салады. Бір кезде Жоффруа Сент - Илердің ойдан шығарған “Құрылыс тұрғысының” бірлігі деген жорамалының орнына , барлық организмдердің клеткалы құрылысының жаңа ашылған заңдылықтары баяндалды. Ал, бұл органикалық материяның даму проблемасының шешілуіне себеп болады.
Эмбриологиядағы салыстырмалы әдіс. Сол 30-жылдары клетка теориясының қалыптасу кезеңінде биологияның жаңа бір саласы салыстырмалы эмбриология қалыптасты. К.Ф.Вольф Петербургке келген соң Россия ғылым академиясы эмбриологияның бесігі болды. Орыс эмбриологиясының тұңғыш корифейлерінің бірі К.М.Бэр оның “Жануарлардың даму тарихы” атты классикалық еңбегі 1828- ден бастап 1838 жылы жарыққа шықты. Осы екі томдық трактатында Бэр өзінің салыстырмалы эмбриология саласын,дағы зерттеулерінің қорытындысын берді. Бэрдің еңбектерінде терең принципі мәні бар жаңалықтар көп. Ең алдымен сүт қоректілердің жұмыртқа клеткасының (соның бірі адамның жұмыртқасы ) ашылуы , омырқалылардың жота сымының ашылуы сондай –ақ жануарлардың жеке даму процесінде ұрық қабаттарының қалыптасуы туралы білімнің терең дамуы да Бэрдің еңбегімен байланысты.
Бэр барлық омыртқалы жануарлардың жекен дамуындағы ортақ сипатты көрсете тұрса да, ол өзі ашқан осы заңнан эволюциялық қорытынды жасаған жоқ. Бұл жөніндегі еңбек Ламарктан кейінгі, Дарвиннің бастамашысы ірі орыс биологы Москва университетінің профессоры Кари Францевич Рульенкі еді ( 1814- 1858) Рульеде эволюциялық идеяның қалыптасуы XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы , декабристер қозғалысын басып тастағаннан кейін , Николай реакциясының қара түнек жылдарына тән элеументтік және идеялық шиеленіскен күрес дәуірге тұтасады.Осыған байланысты патша үкіметінің негізіне балта шабатын , діни догманы теріске шығаратын материалистік жаратылыстану қайта қуғынға ұшырады.
Бұған қарамастан, орыс жаратылыс тануындағы М.В.Ломоносов негізін қалаған А.Н.Радищев орнатқан материалистік дәстүрлер алдыңғы қатардағы орыс ғалымдардың еңбектерінде орын тепті , солардың бірі К.Ф.Рулье болатын. Ғылымды сүйіп және оған сене отырып Рулье жаратылыстық ғылыми білімдерді кең уағыздау талабында болды. Бұл жөнінде ол А.И.Герцин, Н.Г.Чернышевский сияқты жаратылыстанудың өте көрнекті насихатшылардың қатарынан орын алды.Рулье “Жаратылыс ғылымдар хабары” атты орыстың көпшілікке арналған бірінші жаратылыстық ғылыми журналын ұйымдастырып оны редакциялады. Оның қаламынан биология мен ауыл шаруашылығының әртүрлі тақырыптарда көпшілікке арналған көп мақалалар шықты.
3.Органикалық дүниенің тарихы дамуы жөніндегі пікірлерін Рулье университетінің профессор кафедрасында баяндаумен шектелген жоқ. 1845 ылдың өзінде-ақ “Жануарлар тіршілігінде сыртқы жағдайлардың әсері деген тақырыпта көпшілік алдында лекция оқыды.
Рулье табиғат мәңі ондағы барлық құбылыстар өзара байланысты және біртұтас деп атады. Шексіз алуан түрлі болып көрінетін осы тұтастықтың барлық бөліктері олардың араларында қажетті ішкі байланыс болғандықтан ғана өмір сүреді.Сондықтан затты табиғат құбылысын бір-бірінен айыруға болмайды, оларды өзара байланысты түрінде зерттеу керек. Сол себепті тірі денелерді олардың мекендеген өзара байланысқан сыртқы ортасынан бөліп зерттеуге болмайды. Жануарлардың қайсысы болсада, сыртқы жағдайларға тәуелді яғни ауаға ,суға, климат жағдайларына топыраққа өсімдікке және басқа жануарларға ең ақырында адамға байланысты .