Тақырыбы: Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы Жоспары: 1.Эволюциялық палеонтологияның дамуы.
2.Экологиялық зерттеулер
3.Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы
4.Синтезделу дәуірі
Лекция мәтіні :
1.Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В.О.Ковалевский болып саналады. Оның еңбегінің құндылығы - ол бірінші рет палеонтологияда тарихи әдісті қолданып және оны дамытты.В.О.Ковалевский тұяқтылардың филогениясы саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын дәлелдеді. Осы зерттеулер бірсыпыра қорытынды тудырып, эволюциялық палеонтологияның әрі қарай дамуына септігін тигізді. В.О.Ковалевский Агассицтің және басқа Кьювені жақтаушылардың Дарвин теориясына қарсы қойған негізгі жағдайларын жоққа шығарды. Олар қазба қалдық түрлермен қазіргі кездегі түрлердің арасында аралық формалар жоқ деп білетін. В.О.Ковалевский үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.
2.Эволюциялық эмбриологияның дамуы. В.О.Ковалевскийдің палеонтологияға енгізген жануарлар филогениясын зерттеу әдісі скелеті жақсы сақталатын түрлерге ғана қолданыла алады. Бірақ көп клеткалы организмдер мен бір клеткалы организмдер және омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлар арасындағы филогениялық байланысты анықтау үшін ол әдісті қолдануға келмейді. Былай қарағанда, бұл топтардың бір-бірінен оқшаулығы сонша, олардың араларын жалғастырғандай аралық формалар жоқ сияқты. Бұл мәселені шешуде көмекке эмбриология келді. Ұрықтардың ұқсастығы жайындағы Бэрдің заңына сүйеніп, Рулье “жануарлардың жасына байланысты күрделенуі мен жануарлардың класс бойынша күрделенуі параллельді” деген болжам айтқан болатын. Дарвин эволюциялық процестің заңдылықтарын дәлелдеу үшін эмбриологияның үлкен маңызы бар екендігін атады. Ол, ересек күйінде бір-біріне ұқсамайтын жануарлардың ұрықтарының құрылысы ұқсас болуы, олар бір ата-тектен тарағандығына дәлел деп қарады. Осы пікірді кеңінен пайдалана отырып, В.О.Ковалевский мен И.И.Мечников өздерінің тамаша зерттеулері арқылы эволюциялық эмбриологияның негізін құрды. Бұлар түрлердің жеке дамуын талдау арқылы олардың табиғи системадағы дәл орнын тауып беру мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді. В.О.Ковалевский осы кездегі жануарлар типтерінінң көбінің (ішекқуыстылар, буылтық құрттар, буын аяқтылар, моллюскалар, иін аяқтылар, тікен терілер және хордалылардың) эмбриондық дамуын зерттеп, осымен көп жұмыс жасады. Ол өзінің зерттеулерінде жануарлар системасында орны белгісіз жануар түрлеріне ерекше зейін бөлді. Ланцетниктің эмбриогенезін зерттеу, мұның ересек қалпында да, ұрық қалпында да омыртқалылар (нерв және қан айналым системалары, желбезегі, хордасы) мен омыртқасыздардың (денесінің сементті болуы, зәр шығару органдары, алғашқы ішектің дамуы) белгілерінің бар екендігін көрсетті.
3.Эволюциялық эмбриологияның негізін салушы екінші ғалым И.И.Мечников. Оның жұмыстары мазмұны мен нәтижесі жөнінен В.О.Ковалевскийдің жұмыстарына жақын. И.И.Мечниковтың теориясы дарвинизм негізіне қосқан зор үлесі болды. Ол мұнда бір клеткалы организмдер мен көп клеткалы организмдердің анық бірлігін көрсетті. Осы уақытқа дейін көп клеткалы организмдердің тарихи даму процесін баяндап келген теориялардың ішінде ең қонымдысы Мечниковтың теориясы болып отыр.
4.Эволюциялық эмбриология табыстарының нәтижесінде Ф.Мюллер мен Э.Геккель “Биогенетикалық заң” қалыптастырды. Геккель бұл заңға мынадай тұжырым берді: “Онтогенез филогенездің қысқаша және тез қайталануы, тұқым қуалау (өсып-өнудің) және бейімдеушіліктің (қоректенудің) физиологиялық функцияларымен байланысты қайталануы”.Биогенетикалық заң жануар дүниесіндегі филогениялық байланыстарды анықтау үшін әдіс есебінде пайдаланыла бастады. Эмбриологиядағы тарихи әдісті дәлелдеу және оны одан әрі өңдеу қажет болды. Осы орасан күрделі жұмыс А.Н.Северцов және оның шәкірттерінің еңбектерімен жүзеге асты. А.Н.Северцовтың еңбегі – ол биологияда эволюциялық морфология бағытын дамытып филэмбриогенез теориясын және эволюциялық процестің негізгі бағыттары жайындағы ілімді дамытты.
К.А.Тимирязев ғылым мен практиканың одағы жайында 1920 жылы (К.А.Тимирязевтің өмірінің соңғы жылында) оның “Ғылым мен демократия” атты кітабы басылып шықты. Бұл дарвинизмнің ескі күрескерінің бостандық алған және Отанымыздың жас ұрпақтарына арнаған ғылыми мен саяси өсиеті ретінде жазылған еңбегі еді.