PISA (Programme for International Student Assessment) 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейін бағалайды. Нақты осы жастағы оқушыларды іріктеудің себебі, әлемнің көптеген елдерінде бұл жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуы
- аяқталатындығымен түсіндіріледі. Жастар осы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ білім алу траекториясын анықтай алады.
PISA жобасының басымдылығы қатысушы елдер санының артуымен (PISA-2000 – 32 ел) расталады. Ал PISA-2018 жобасына қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген.
Жоба үйлестірушісі Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) болып табылады. PISA зерттеуі Консорциум арқылы алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми ұйымдардың қатысуымен іске асырылады. Олар: АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS), WESTAT Америкалық ұйымы, Pearson Education Британдық білім баспасы және бағалау қызметі, cApStAn Linguistic Quality Control Белгиялық лингвистикалық орталығы.
Оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. Сонымен қатар, PISA зерттеуінің әр кезеңінде үш облыстың біріне басымдылық беріледі. «Оқу сауаттылығы» 2018 жылы білім жетістіктерін бағалаудың басты бағыты болып табылады.
ЭЫДҰ мемлекеттерге PISA жобасын дамыту аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын әртүрлі опциларды ұсынып отыр. Аталған жобаның барлық бағыттары кестеде берілген (1.1 - кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |