Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысы Шиелі ауданы



бет1/11
Дата08.02.2022
өлшемі1,44 Mb.
#122183
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1515386884380 (4)




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
«№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


PISA-2021 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ


Сыныптар: 9 «Б, В»
Пән мұғалімі: Әбілдашев Ержан


2021-2022 оқу жылы









КІРІСПЕ

Дүниежүзілік Экономикалық Форум «Білімге жаңа көзқарас» Халықаралық есебінде ХХІ ғасырдың табысты адамының 16 түрлі білімі мен дағдысын айқындады. Мұнда үш негізгі блок анықталды:


«Базалық дағдылар» (қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық, АКТ дағдылары), «Құзыреттер» (креативтік, байланысқа бейімділік, мәселелерді шешу) және «Мінез-құлық түрлері» (топта жұмыс істеу дағдысы, лидерлік қасиеті, ынталылығы). 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын PISA халықаралық зерттеуі аталған құзыреттіліктерді кешенді бағалауды қарастырады.
Зерттеу мәртебесі - әрбір кезеңдегі қатысушы елдер санының артуымен дәлелденеді. Біздің ел PISA зерттеуінің үш цикіліне (2009, 2012 және 2015 жылдар) қатысудан тәжірибесі бар. Алынған нәтижелер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқытудың жаңа технологияларын енгізуге ықпал жасады. Нәтижесінде педагогтер қауымы мектеп оқышуларының функционалдық сауаттылығы деңгейлерін өлшейтін бірегей құралдарға қол жеткізді.
Қазіргі таңда PISA жобасы әртүрлі опциларды, оның ішінде
«қаржы сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік» бағыттарын ұсынуда. Қазақстан PISA-2018 алғаш рет математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығымен қатар жаңа
«жаһандық құзыреттілік» бағытына қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар тестілеудің компьютерлік форматына өтеді.
Мұғалімдер мен білім алушыларды PISA халықаралық жобасының жаңартылған концепциясымен таныстыру мақсатында
«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, айтарлықтай ақпараттық материалдарды өңдеуден өткізді. Әлемдік білім беру жүйесінің сапасын зерттейтін жетекші жобаның бірегей әдістемесін түсіну қазақстандық білім беру саласының жаңа деңгейде дамуына мүмкіндіктер береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет