Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысы Шиелі ауданы



бет6/11
Дата08.02.2022
өлшемі1,44 Mb.
#122183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1515386884380 (4)

Математикалық сауаттылық


Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайлардағы қабылдаған жеке шешімдерін негіздеу үшін математикалық білімдерін қолдана білу қабілеттерін бағалайды. Зерттеуге қатысушылар тапсырмада берілген ақпаратты өздеріне таныс концепцияларды, процедуралар мен фактілерді қолдана отырып түсіндіре білулері қажет. Сондай-ақ, сыни ойлау мен талдау жасай білу дағдыларын көрсетулері тиіс.


Математикалық тапсырмалар мазмұны квантитативтік (сандық), кеңістік және ықтималдылық теорияларын да қарастырады. Халықаралық зерттеу сұрақтарының бірегейлігі - оқушылар тест тапсырмаларын орындау барысында күнделікті өмірлік жағдаяттарға байланысты математикалық пайымдауларды қолданудың маңыздылығын түсінеді.
Халықаралық сарапшылар PISA жобасындағы «Математикалық сауаттылық» бағытының негізін қалайтын екі принципті анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет