Ержан Салимгереев. Расшифровка



Дата21.12.2023
өлшемі14,79 Kb.
#198240
түріРасшифровка
Байланысты:
Документ (14)


Ержан Салимгереев. Расшифровка.


Құрманғали аға Иманғали Тасмағамбетовке өзі айтқан екен, мен жайында. «Бұл жігіттің өзі алғыр жігіт» деп. Оның айтуынша: «бұл жақсылықты менің орнымда тұрған кез-келген ер азамат жасайтын еді. Бірақ, бұл жерде сен өзің алғырлығыңмен алып кеттің» дейді. Менде дәл осы Құрманғали аға секілді кейбір адамдарға мүмкіндік бердім. Бірақ, көп жағдайда, олар сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмады. Сонда мен ойланатынмын, «неге олар осындай мүмкіндікті алып кете алмайды?» деп. Ол туралы тіпті Құрманғали ағадан сұрадым. Ол айтады: «Ержан, мүмкін Алла Тағала бір күні ол адамның басына бейнет беретін шығар. Ол адам сол сынақтан кейін түсінетін шығар.» дейді. Бірақ, менің ойымша, біреу бір нәрсені түсіне үшін міндетті түрде бейнет көру керек емес қой. Мысалы, мен өз басым, барлығын бейнет көргеннен кейін түсіндім. Бірақ, басқаларына мен барлығын түсіндіріп берсем де, олар түсінбейді. Менің мақсатым, осы адамдарға мүмкіндік беру. Мен ол нәрседен шаршамаймын. Бәріне көмектесемін. Кім қандай екеніне, қандай ұлт екеніне де қарамаймын. Бұл жердегі мақсатым олардың алдында жақсы атты болып көріну емес. Мен өзімнің жасап жатқан нәрсеме көңілім толу үшін жасаймын. Кейде мен адамдарға қатты сөйлеп жібергеніме өкініп қаламын. Ол адамға барлығын дұрыс айтып жіберсем де, өзіме-өзім кейде сұрақ қоятын кездерім болады, «неге мен ол адамға қатты сөйшеп жібердім?» деген. Кейде өзіме-өзім ұрсып аламын. Көбісі айтады ғой, «идеальный адам жоқ» деп. Бірақ, мен рухани жағынан сол «идеальный адам» болғым келеді. Мына адамның сырт келбеті бәрі уақытша, ең соңында адаммнн бірге оның рухани ішкі жан дүниесі қалады. Меніңше, қай адамның ішкі жан дүниесі «әдемі» болса, сол адамның өмірі де әдемі болады. Ана өмірде де, мына өмірдеде, ондай адамдар ұтылмайды. Мысалы, маған біреу келіп «сенің аяқ-қолыңды қайтарып береміз» десе де, мен бас таратын едім. Себебі, мен осы қалпыма үйреніп қалдым. Өз денемде «дискомфорт» деген нәрсені сезінбеймін. Осы бір аяқ, бір қолмен ақ бүкіл әлемді бағындырып тастай аламын. Осы өміріме өзім шүкір етемін, осы өмірде барыма шүкір етемін. Барыма, байлығыма шүкір етемін. Бар байлығым менің ата-анам. Үйге барып оларды құшақтағанда, иіскегенге демалып қаламын. Анама барған сайын ол кісіге сәлемін саламын, өткен-кеткен қателерім үшін кешірім сұраймын, балалықпен қатты сөйлеп қойған кездерім үшін кешірім сұраймын. Анама ешкімнің қатты сөйлегенін қаламаймын. Ол менің інім болсын, таныс адамым болмын, тіпті әкем болса да, егер ол сөз анама жақпайтын болса, ол сөз анама ауыр тиер болса, мен ол адамның «ауызын жаптырып» тастай аламын. Кейбір адамдар айтады, «мен шыншыл болып достарымды жоғалтып алдым» деп. Мен шыншыл болып, достарымды жоғалтып алсам да, ең маңыздысы менің жанымда тұрақты адамдардың болғанын қалаймын. Өтірік адамдар менің жанымда олар әрдайым болады, келеді-кетеді. Бірақ, шынайы адамдар тек санаулы ғана. Ең маңыздысы осындай адамдармен бірге елімізді, жерімізді барынша көркейту, барынша әлемге таныту!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет