Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты



бет32/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
#48
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78

«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 15) тармақшасына және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығындағы сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін «Кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығы) сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап – 20 минуттан артық емес;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш жасаған сәттен бастап – 30 күнтізбелік күннен аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндері қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін көрсетіледі, қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет жоо-ларда көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стенділермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды:


      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтініш;
      2) жеке куәлігінің көшірмесі.
      Өтінішке:
      1) даму мүмкіндігі шектеулі және денсаулығына байланысты білім беру ұйымына ұзақ уақыт бойы келе алмайтын мүгедек білім алушыларға – дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытынды анықтамасы немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы берген мүгедектік туралы анықтама;
      2) оқытудың күндізгі нысанында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа бір жылға дейінгі алмасу бағдарламасы бойынша шетелде оқитын білім алушыларға - алмасу бағдарламасы бойынша шетелде оқуы үшін күндізгі нысанның студентін іссапарға жіберу туралы немесе халықаралық ғылыми конференцияларға, ғылыми форумдар мен конкурстарға қатысу туралы бұйрықтың көшірмесі;
      3) білім алушының оқу ісі жөніндегі проректор растаған сынақ кітапшасының көшірмесі қоса беріледі;
      4) сырттай оқу нысанында, бір жылға дейін ұзақ мерзімді қызметтік ісссапардағы білім алушыларға бір жылға дейін ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы өтініштер нысандары ЖОО-ның фойесінде орналасады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО-ға тапсырылады.
      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұраныстың нөмері мен қабылданған күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрлері;
      3) қосымша құжаттардың атауы мен саны;
      4) мерзімі (күні) мен құжаттарды беру орны;
      5) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
      15. Мемлекеттік қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық құжаттар пакеті ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ЖОО-дан алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Жоғары оқу орындарының қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтауды, қорғауды және құпиялығын қорғауды қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сай сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық және қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. ЖОО қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ЖОО-дан алуға болады. Шағымдар ауызша және жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады


      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушылар жоғарғы апелляциялық инстанция – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне шағымдана алады.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      23. Білім беру ұйымдарына шағым беру үшін мемлекеттік қызметті алушы өз қолымен еркін нысанда жазылған өтінішті тапсырады.
      24. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс ақпараты журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      25. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Жоғары білім беретін білім беру   


ұйымдарында экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру»              
мемлекеттік қызмет стандартына  
1-қосымша               

Өтініш

_____________________________________________________________________


                              (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                        (факультет, мамандық)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

«_____»_________20__ж.


______________(қолы)

«Жоғары білім беретін білім беру   


ұйымдарында экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру»              
мемлекеттік қызмет стандартына  
2-қосымша               

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған

мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)т












3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша
оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға
қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жоғары оқу орындары көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) интернет-ресурстарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтына орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ЖОО ректорының білім алушылар қатарына қабылдағандығы туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік азаматтарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қабылдау комиссиясы жоғары оқу орындарында кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізеді;
      2) қабылдау комиссиясы шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізеді;
      3) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы сертификаттары бар бітірушілер үшін құжаттарды қабылдау – 20 маусым мен 10 тамыз аралығы;
      4) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды 10 - 25 тамыз аралығында жүргізеді.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақыты режиміне сәйкес көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет жоо-ларда көрсетіледі. ЖОО ғимаратында күтуге арналған жұмсақ орындықтар, ақпарат тақталары, жұмыс үстелдері, құжаттардың ресімдеу үлгілері орналастырылады. Мемлекеттік қызметті алуға дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарының ғимараттарында арнайы жабдықталған ұстайтын тұтқалар, пандустар қарастырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш;
      2) жалпы орта (орта жалпы) білімі, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, ортадан кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқасы);
      3) 3x4 көлеміндегі 6 (алты) дана фотосурет;
      4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      5) ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда).
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары ЖОО-ның интернет-ресурстарына орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі, онда:
      1) конкурстық іріктеуге жіберілгендігі туралы ақпарат;
      2) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
      3) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері;
      4) құжаттарды қабылдау шарттары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке өзі келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы;
      2) ҰБТ тапсырған, кешенді тестілеуге қатысқан ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің тестілеу нәтижесінде ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне білім алушылар қатарына қабылдану үшін төмендегі пәндерден 70 балдан төмен, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан төмен, «Жалпы медицина» мамандығына 55 балдан төмен балл жинауы: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тіліне қарай), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні, оның ішінде, таңдау пәні бойынша 7 балдан төмен балл алуы (әрбір шығармашылық емтиханы бойынша 10 балдан төмен), ал басқа пәндердің әрқайсысынан 4 балдан төмен бал жинауы;
      3) ҰБТ немесе кешенді тестілеу аясында тест тапсырған пәндердің бірінен 4 балдан төмен балл жинауы (бұл тұлғалар ақылы негізде білім алушылар қатарына қабылдануға немесе мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберілмейді).

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Жоғары оқу орындарының қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. ЖОО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының бастығынан алуға болады. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе жоғары оқу орнының кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.


      21. Көрсетілген қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар апелляцияның жоғары инстанциясы –Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласа алады, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, тел: +7 7172 742362 (интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz).
      22. Тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген жағдайда азаматтардың өтініштері ЖОО кеңсесі арқылы жазбаша түрде білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақытының режиміне сәйкес қабылданады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде, шағымдары еркін үлгіде жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Кәсіптік жоғары білімнің білім беру 


бағдарламалары бойынша оқыту үшін   
жоғары оқу орындарына құжаттарды    
қабылдау мен оқуға қабылдау»      
мемлекеттік қызмет стандартына     
қосымша                 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанғн мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)5.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных вежливостью персонала










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      4. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) интернет-ресурстарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтына орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ЖОО ректорының білім алушылар қатарына қабылдағандығы туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, және Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелмейтін ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      Жоғары оқу орындарының магистратурасына, докторантурасына, әскери жоғары оқу орындарының адъюнктурасына, медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына оқуға түсетіндер үшін өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі.
      Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтихандары 1 Ғ– 20 тамыз аралығында, білім алушылар қатарына қабылдау – 31 тамызға дейін жүргізіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақыты режиміне сәйкес көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет жоо-ларда көрсетіледі. ЖОО ғимаратында күтуге арналған жұмсақ орындықтар, ақпарат тақталары, жұмыс үстелдері, құжаттардың ресімдеу үлгілері орналастырылады. Мемлекеттік қызметті алуға дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарының ғимараттарында арнайы жабдықталған ұстайтын тұтқалар, пандустар қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет