Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы анықтама үлгісі



бет66/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
#48
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен
қамтамасыз ету туралы анықтама үлгісі

      Осы анықтама ___________________________


                     (Т.А.Ә.) 20__ - 20__ оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгендігі туралы берілді.

      М.О.

                                    Мектеп директорының қолы,
                  күні

«Жалпы білім беретін мектептерде білім


алушылар мен тәрбиеленушілердің    
жекелеген санаттарына тегін     
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттік қызмет        
стандартына 6-қосымша      

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен
қамтамасыз етуге өтініштің үлгісі

№ _____________ мектеп директорына


  (мектептің аты)
____________________________
(______ ауданның, _________облыстың)
________________________
(директордың Т.А.Ә.)
_______________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
мына мекенжай бойынша тұратын:
____________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты
мекен-жайы, телефоны)

Өтініш

      Менің кәмелеттік жасқа толмаған (Т.А.Ә. туған күні) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуіңізді сұраймын.

Күні, қолы

«Жалпы білім беретін мектептерде білім


алушылар мен тәрбиеленушілердің    
жекелеген санаттарына тегін     
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттік қызмет        
стандартына 7-қосымша      

Тұтынушыдан құжаттарды алғаны жөніндегі қолхаттың үлгісі

________________________ мектеп (мектептің № немесе атауын көрсету)


_____________________________________________________________________
      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      Құжаттың алынғаны туралы № _______ қолхат


_________________________________ мынадай құжаттар алынды:
      (тұтынушының Т.А.Ә.)

      1. Өтініш


      2. Өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама
      3. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      4. Отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде екендігін растайтын уәкілетті органның шешімі
      5. Материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.
      6. Басқа
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдады_________ (қолы)

20__ ж. "__" _____________

___________________________



«Жалпы білім беретін мектептерде білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің    
жекелеген санаттарына тегін     
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттік қызмет        
стандартына 8-қосымша      

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары
бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада мекенжайлары көрсетілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Бңлңм саласындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1, 2 және 3-тармақтары;
      2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2 және 3-тармақтары;
      3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;
      4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;
      6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;
      2) порталда орналасқан.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат түрінде лицензия беру, оларды қайта ресімдеу немесе уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлы қолымен куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап:
      1) лицензия және лицензияға қосымша берілген жағдайда – 15 жұмыс күнін;
      2) лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиялық алым алынады.
      1) лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде –төленген күнге белгіленетін 10 айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – төленген күнге белгіленетін 1 айлық есептік көрсеткіш.
      Төлем тапсырмасы ақынының төленгенін растайтын құжат болып табылады.
      Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      9. Порталда тәулік бойы құжаттар қабылданады. Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Порталда мемлекеттік қызмет «жеке кабинетте» жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:


      1) лицензияны алған кезде – мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      4) Жарғы электрондық сканерленген көшірме түріндегі өтінішке тіркеледі;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық өтінішке тіркеледі.
      Құжаттардың деректері:
      өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
      лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет.
      Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін; лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметті, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.
      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.
      Заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында лицензияны қайта ресімдеу кезде; атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға қосымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезінде бүлінген бланк (уәкілетті органға қайтарылады).
      Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.
      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.
      13. Порталда құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
      Электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға оның порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген өтінішінің қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Көрсетілген қызметтің нәтижесін порталда жеткізу тәсілі – жеке кабинетте.
      16. Егер:
      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);
      2) білім беру қызметін жүргізу құқығына, лицензияны қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын алуға бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі мынадай:


      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;
      5) өтінішті қарау барысында лауазымды тұлға қызметінің айқындығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.


      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;
      2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;
      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:
      1) осы стандарттың 21-тармағының 3) тармақшасында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;
      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.
      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру


бағдарламалары бойынша бiлiм беру         
қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу,     
лицензияның телнұсқаларын беру»         
мемлекеттік қызмет стандартына        
1-қосымша                       

Уәкілетті органдардың мекенжайы



Департаменттің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефоны

1

2

3

4

1

«Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі.

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі, 76

8 (716 2) 25-55-95.

2

«Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі:

030000, Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы,34.

8 (7132) 95-46-03.

3

«Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі

040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Каблиса Жырау к-сі, 202.

8 (7282) 22-21-22.

4

«Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі

060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212,

8 (7122)27-63-14.

5

«Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

070020, Шығыс Қазақстан об-лысы, Өскемен қаласы, Амурская к-сі, 18 А.

8 (7232) 52-60-80, тел/факс 78-52-65.

6

«Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті» мемлекеттік мекемесі

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Студенттер к-сі, 1,

8 (7112) 26-03-80.

7

«Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейманов к-сі, 7

8 (7262) 45-46-97.

8

«Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

100028, Қарағанды қаласы, Сәбит Мұқанов к-сі, 1

8 (7212) 79-39-96.

9

«Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

110000, Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 32

8 (7142) 12-00-14.

10

«Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

120014, Қызылорда қаласы, Төле би к-сі, 36

8 (7242) 27-05-47.

11

«Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14-ші шағын ауданы, 50

8 (7292) 43-84-63.

12

«Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

140000, Павлодар қаласы, Толстой к-сі, 99

8 (7182) 62-26-44, 62-64-89

13

«Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск қаласы, Пушкин к-сі, 85

8 (7152) 46-13-35.

14

«Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау
департаменті»

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

8 (7252) 21-46-77.

15

«Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті»

050010, Алматы қаласы, Жамбыл к-сі, 25




16

«Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті»




8 (7272) 91-13-14.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру
бағдарламалары бойынша бiлiм беру         
қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу,     
лицензияның телнұсқаларын беру»         
мемлекеттік қызмет стандартына        
2-қосымша                       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет