Постановление 2018 жылғы 20 желтоқсан №574 Шардара қаласы город Шардара



Дата31.12.2019
өлшемі72,94 Kb.
#53996
түріПостановление

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІ



АКИМАТ ШАРДАРИНСКОГО РАЙОНА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ


ҚАУЛЫ





ПОСТАНОВЛЕНИЕ


2018 жылғы 20 желтоқсан № 574



Шардара қаласы город Шардара

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шардара ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Шардара ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Н.Сапаровқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б.Кистауов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түркістан облысы полиция

департаментінің Шардара аудандық

полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бастығы


_______________А.К.Тургынбаев

«20» желтоқсан 2018 жыл

Шардара ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «20» желтоқсандағы

№ 574 қаулысына 1 қосымша

Шардара ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі
1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Шардара ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы №641 бұйрығымен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Түркістан облысы полиция департаментi Шардара ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – полиция бөлімі) енгiзедi.

5. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) Шардара ауданының Құрмет грамотасы;

2) ақшалай сыйақы;

3) құнды сыйлық.

8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

9. Полиция бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

10. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Түркістан облысының полиция департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.
11. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Түркістан облысы Шардара ауданының Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Шардара ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «20» желтоқсандағы

№ 574 қаулысына 2 қосымша



Шардара ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері
1. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

2. Бағасы 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 21.12.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4846 болып енгізілді
Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - Руководитель отдела Нурлан Жасиузакович Ахментаев, 13.12.2018 18:59:58, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Туркестанской области - руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 14.12.2018 09:35:23, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Аппарат акима Туркестанской области - Аким Шардаринского района Болатбек Дуйсенбекович Кистауов, 20.12.2018 18:34:33, положительный результат проверки ЭЦП




ИС «ИПГО». Копия электронного документа. Дата 24.12.2018.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет