Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Шардара қаласы
«Шардара» мектеп - лицейі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Тұяқова Гүлшат Қуандыққызы
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеев
Сабақтың мақсаты: 7 модулді пайдалану арқылы, оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу, дарынды суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру және оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Өнерге және өнер адамдарына құрмет көрсетуге, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуына, еліміздің білікті азаматы болуына, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық, зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, АКТ, диалог құру, жағдаятқа қалдыру сұрақтары , сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Ә. Қастеевтің суреті, видео фильмдер, постер, маркер, әр - түрлі стикерлер.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыптың мазмұнын аша отырып,
өздері ізденеді, ситуациялық жағдаяттан шығу жолдарын іздейді және
шешеді.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнер.
1 – кезең:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең: психологиялық дайындық.
2 – кезең:
Үй тапсырмасын сұрау: Ой ашу, Тест сұрақтары.
3 – кезең:
Мұғалім Балалар (хормен)
- Әрбір адам? – Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
4 – кезең:
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадан суретші Ә.Қастеев туралы слайд шоу.
5 – кезең:
Қызығушылығын ояту кезеңі:
«Кім жылдам?» ойыны
1) Ә.Қастеев кім, қандай суреттерін білесің?
2) Ә.Қастеев суретші болуына кімнің әсері тиді?
3) Суретші қайда оқыды?
4) Өзің сурет салуды ұнатасың ба?
5) Қандай өлеңін білесіңдер?
6 – кезең:
Дәптермен жұмыс. Мақал - мәтелдер жазу
7 – кезең:
Оқушылардың ізденуі бойынша әңгімелесу.
Балалар сендердің сурет салғанды ұнатасындарма? Суретті немен салуға болады? Суретші болғыларын келеме?
8 – кезең:
Сергіту сәті: Суретші атамыз туралы деректі фильмді қараймыз.
9 – кезең:
Қызығушылығын ояту кезеңі:
1) Әбілханның қызы кім? - Гүлнәзия
2) Еңбек жолын қандай темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады? Түрксіб
3) Қандай көрмелерге қатысты? Көшпелі.
4) Итінің аты? Жолбарыс
5) Қандай суретші? Халық суретшісі
6) Анасының аты? Айғанша
7) Әбілхан Қастеев 100 жылдық мерей тойы қандай көлемде тойланды?
«ЮНЕСКО» көлемінде тойланды.
10 – кезең:
Сергіту сәті: Суретшінің мұражайы туралы деректі фильм.
11– кезең:
Ой толғаныс: Оқушылар бүгінгі сабақта тақырыпты қаншалықты меңгердіңдер?
Сабақ несімен қызықты болды?
Несімен қызықсыз болды?
Қандай әдіс – тәсілдер ұнады?
Сабақтан алған әсерлері (эссе)
Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: а) Ә.Қастеев туралы суреттер мағлұматтар жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |