Жексембекова Ө. Н



Дата27.12.2016
өлшемі88,74 Kb.
#5426
Ілиястың балалар әдебиетіндегі рөлі

Жексембекова Ө.Н.

№14 орта мектеп - гимназиясы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кез келген халықтың әдебиетіне көз салсаңыз, өзінен кейінгі жас ұрпақтың заманының лайықты азаматы болуына, оның жан-жақты дұрыс тәрбие алуына күш салады.

Қазақ халқында балаларға арналған өлең-жырлар аңыз әдебиетінен бастау алады. Ілияс Жансүгіров жас сәбиді жұбатуды, ойнатуды, ұйықтатуды,оның алдына мақсат қоюдың жырмен, өлеңмен, нақылмен, мақал-мәтелмен, жұмбақпен, өтірік өлеңмен айтылған нұсқаларын жазды. Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тәрбиесіне лайықты үлес қосты.

Ілияс балалар үшін табиғаттың әдемі бай суретін жасаушы ретінде «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз», «Қыс», жаңа өлеңдері сол замандағы өң өзгеріс, жаңашылдық леп ескендей сезілді. «Ой, балалар, балалар!», деп ойнақы басталатын өлеңі бала көңілін жылдың әр мезгілін өзіндік сипаттарына аударады. Ондағы шөптің қылтиып өсіп, жерді көріктендіріп, жас төлдердің асыр салып енесіне қарай ұмтылып, маңырап-жамырауы, кемпір-шалдың күн шуақтап отырып, әңгіме-дүкен құруы жанды сурет, пейзаждық көркем туынды. Осының бәрі де бала санасына жылылық, мейірбандылық сезім ұялатады.

Поэзияда Абайдан кейінгі жылдың төрт мезгілін суреттеуде Ілияс алдына жан салмаған. Бір ерекшелігі табиғат суретін жалаң түрде бермей, жылдың әр мезгілін ел тіршілігімен байланыстыра, бала көңілін нақты реалистік өмір бедеріне аудартуды Ілияс поэзиясының бағалылығын арттыра түседі. Ілиястың балаларға арналған поэзиясының ішінде этнографиялық әлеуметтік мәні мен маңызы зор шығармаларына «Сабын», «Ұршық», «Тас шешей», «Саптаяқ», «Оқимын» өлеңдері жатады. Осы өлеңдерін жас жеткіншектердің ойына жеңіл, тіліне жатық, әдемі суретбедермен беруге көңіл қойған. Ондағы мақсаты - жақсы өлеңді тыңдап, оқып өскен бала туған жеріне, өскен ортасына, ата-анасына мейірімді, сезімтал болып өседі. Осы арқылы жан-дүниесі байып, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, жақсы азамат болып өсуіне ықпал етеді. Ақын өзінің творчествосына ел әдебиетіндегі еңбек тақырыбы мен бейнелеу әдістерін шебер пайдаланды. Мысалы: «Малта» өлеңінде көшпелі қазақ халқы малтаны қалай дайындағанын, яғни оның жасалу технологиясын баяндайды. Ұйытқы ұйып айран болғанын, қатыққа сүзінгенін, кепкенін, малтаға айналғанын тәпіштеп түсіндіреді. Автор балаларға малтаны жасау қыруар еңбекті керек ететінін байсалды баяндап береді.

Ал, «Шәркей» деген әңгімесінде апасының баласына қалай шәркей жасап бергені әңгімеленеді. Баласының шәркейін жыртқан қозыны ұстап алып жүнін қырқады, сабайды, шиге тартады, су құйып сүйретеді, білектейді, қарпиды, кептіреді, пісіреді қайтадан білектеп, жылы, жұмсақ киізден шәркей пішеді. Түйенің шудасынан жіп иіріп, шәркейді ұлтарақтайды, сырады. Сөйтіп шәркей дайын болады. Ақын жас ұрпақты интернационалдық рухта тәрбиелеуіне көмектеседі оларды татулыққа, достыққа баулиды. Сондай шығарманың бірі «Одақта» ұлты басқа сәбилердің достығы, олардың бірлік-ынтымағы шебер суреттеледі.

Ілиястың балалар үшін жазылған шығармалары жас еспірімдерді коммунистік рухта тәрбиелеу проблемасын шешуді ғана көздеп қоймайды, ол сонымен қатар әрбір жазушының алдына осы салада қалай жазудың және қандай мәселені көтерудің үлгілерін де көрсетеді. Ең алдымен балаларға арналған шығармалардың тәрбиелік ролі соншалық күшті де ықпалды болуын басты міндет етіп қояды. Балаларды баласынбай-ақ олардың алдына кәдімгі күрделі мақсаттарды қоя білу керектігін айтады. Өйткені тәрбие мен білімнін және оқытудың арасындағы процесс балаға жас кезінен үйретілуі тиіс. Ілияс осы мақсаттарды тіпті бесікте жатқан бүлдіршінге де өлеңмен, әнмен айтып жеткізуді шарт етіп қояды. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын эстетикалық идеалы сергітіп, тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдем етеді. Ілияс «Бөбек бөлеу» («Ана жыры») деген өлеңінде осы пікірді жақтайды.
Қазақ кеңес балалар әдебиетіне ең көп үлес қосқан ақынның бірі - Ілияс Жансүгіров. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы дейді. Осының өзінде де зор үміт, үлкен мақсат бар. Бөбекке қойып отырған ана шарты жеке бастың қамын ойлау мәселесі емес, еткен еңбегін елінің игілігіне жұмсалатын болсын деген қоғамдың, пікірге баулып отыр. Бұл бала алдына қойылған халықтың мақсат, ол — халық ойының эстетикалық идеалының жемісі мен арманы. «Елгезек болсак иісін, ендеше саған екі емшек» деген ананың шарттын белгісі балаға жаңа міндет жүктеп

отырғанын көрсетеді.

Бөл-бөл, бөбек, бал, бөбек,

Бет алдыңа кетерсін,

Бөгелмей білім біл, бөбек.

Елге есті ер керек,

Білмесен білім бекерсі,

Ер жет! Есей ертерек (1,26)-деп, ана оның халық ұлы болуын арман етеді. Осындай ұлы мақсат, үлкен арманды, әсемдік әлеміне кұрылған эстетикалық-идеалды ақын тіпті бесіктегі балаға да сондай шеберлікпен жеткізе беруге, айтуға болатынын дәлелдеген. Өйткені баланы өсіретін де, жетілдіретін де жақсы тәрбие мен зор үміт. Біреу оның келешегінен зор үміт етіп отырса, сол сенім оны енбекке де баулып, жүмылдырып жібермек. Міне бұл тәрбиелік манызы бар міндеттерді іске асырудың ең басты жолы деп танылады. «Ақылға қонымды, дұрыс тәрбие баланың тіпті жас шағынан, балалар өзін-өзі тани біле бастамас бұрын, оларға барлық жақсылық, шындық, көркемдік, ізгілік атаулыға талпынуды үйретіп отыруды талап етеді олар бұл уақытта адамгершілікке белгісіз себеппен туа әдеттенгендегідей дағдыланулары керек»,— дейді Н. А. Добролюбов. Орыстың ізгі адамдары тәрбиенің ролі мен маңызын осылайша бағалаған. Ілияс та бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз поэзиясы арқылы оны шеберлікпен айта білген.(«Елге есті ер керек, ер жет, есей ертерек» деп балалардың болашағынан зор үміт етеді. Тілі де жеңіл, қойған максаттары да айкын. Ана атынан айтылған мұндай сөз, мұндай тілек бала жанының айқыны емес пе? Ата-ананың осындай үлкен үміті мен зор сенімі баланың да жас жанына қамшы боп, оны үлкен жолға, еңбек сапарына аттандырады, былайша айтқанда үлкен үміт, зор сенімді ақтауға кіріседі. Мұндай өлеңдердің тәрбиелік күші мен балаға тигізетін рухани әсері осындай болмақ.

Балаларға жазылған Ілияс өлеңдерінің қамтыған екінші бір үлкен тақырыбы — өз елі, өз жерінің байлығы мен сұлу табиғатының әсем көріністерін суреттеуге арналған. Бұл балалар үшін өте қызықты тақырып, өйткені Ілияс табиғаттың әсем көріністерін суреттеу арқылы жас өлендердің ойын нақты материалдарға негіздеуге тырысады. Бұл салада жазылған Ілияс өлендері: «Ағынды менің Ақсуым», «Бұлт», «Жазғытұрым, «Жазғы шілде», «Күз», «Жауында», «Қыс», «Желді карағай», «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі», «Шаттық жыры» деп аталады. Балалардың эстетикалык тәрбиесі үшін табиғат көріністері мен табиғат заттарын суреттеуде бүл өлеңдердің оларға тигізетін әсері өте зор. Ілияс «Жазғытұрым» деген өлеңінде:
Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-каңқыл қаз кепті,

Жер қарайды — жаз кепті.

Желкілдейді көк майса,

Желіндейді мал жайса.

Ел ешкісін қырқыпты,

Егіндерін жыртыпты.

Ой, балалар, балалар!

Ойналық та күлелік,

Қос басына мінелік(2,85б.)! - деп, көктемінің шығуымен байланысты табиғатқа жан бітіп, қандай өзгерістер, жаңалықтар болатынын суреттеп, айналадағы түрлі құбылыстарға зер салуға үйретеді. «Ойналық та күлелік, қос басына мінелік» деп өмір тіршілігіне өздерін де араласып кетуге шақырады. Осы ішінде өзі оларды елеулі, нақтылы, аумаған дәл фактінің өзінең танысуға үйретеді. Соған байланысты балаларда қорытындысы, жинақтау пікірі дәл, дұрыс болып калыптасады. Мұндай нақтылы суреттер олардың өмір тіршілігіне өз бетімен араласып кетуіне жол ашады. Сонымен қатар жаратылыс күбылыстарына зер салуға дағдыланса, олар түрлі құбылыстарлы үйреніп, олардың арасындағы байланыстарды, әсіресе себепті байланыстарды таба білуге машықтана береді.Жылдын төрт мезгілін өмір тіршілігімен, еңбекпен байланыстыра отырып, 1923 жылы жазған «Жазғы шілде» деген өленінде де балаларды әр алуан құбылыстармен, мезгіл заңдылықтарымен жан-жақты таныстырған.

Ой, балалар, балалар!

Шілдем, шілдем — шілде айым,

Шырылдап торғай күн сайын,

Шұбар ала шешектер,

Шудаланған көк шөптер,

Жапырақтар жалпайды,

Жас қозылар марқайды.

Ұшты көкек сай кұлай,

Сайда пісті таққурай.

Құрт, ірімшік кайналды,

Құлындар да байланды.

Нәйім-нәлім бауырсақ,

Ағын суға шомылсақ.

Ой, балалар,балалар!

Ойнайық та күлейік,

Үйретіп тай мінелік(2,85б.)!- деген өлең жолдарында балаларға өмір таныту жолдарын өздерінің күнделікті көз алдында өтіп жатқан жаратылыс құбылыстарымен байланыстыра суреттей отырып, сол арқылы шаруашылыққа араластырып, еңбек етуге бейімдейді.

Ілиястың осы өлеңдеріне талдаулар бере келіп, филология ғылымының докторы Әбділдә Тәжібаев «Жаңағы аталған өлеңдер жеті буынды егіз ұйқаспен шапшақ да шымыр жазылған. Әрбір қос жолда тұжырымды ойлар ұғым айтылады да, сол қалпында суретке айналады»— дейді.

Ілияс жаратылыстың бір ғана көрінісі — көктемдегі құбылыстармен ғана таныстырып қоймайды, жыл мезгілдерінін әр тоқсанында әр алуан жаңа кұбылыстар болып отыруына байланысты соған орай жаңа тіршіліктер де өрбитінін танытып отырады. Бірақ олар біріне бірі ұқсамайтын құбылыстар екенін де айрықша суреттейді... Ілияс «Күз деген өлеңінде:

Ой, балалар, балалар!

Қоңыр қаз күз болыпты,

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін алыпты,

Ақ жәуіктер жауыпты...

Енді мая салыпты,

Ел кузекке қоныпты...

Ой, балалар, балалар!

Ойнайық та күлелік,

Енді оқуға кірелік(2,86б.).
Ілияс жаратылыс суреттерін адам өмірінен, оның күнделікті тіршілігінен бөліп алмай, соған байланыстыра суреттейді. Айналадағы болып жатқан түрлі жакалықтарды байыпты түрде бақылап және өзі де соған араласа жүріп өскен баланың ой логикасы, эстетикалық идеалы бір қалыпта жүйелі түрде дамиды. Сонымен қатар баланың байқағыштық, ізденгіш қабілеті де өсе береді. «Менің ойымша табиғаттағы логика балалар үшін ең оңай және пайдалы логика болады»,- дейді К. Д. Ушинский. Жаратылыс құбылыстарына зер салу арқылы балалардың творчестволық қабілеттері де, әсемдік әлемі-не құрылған эстетикалық идеалдары да ояна бастайды. Өйткені баланың қиялын байытатын эстетикалық білім қоры көбіне жаратылыс құбылыстарынан көбірек табы-лады. Ілияс Жансүгіров балаларға өлке тану жұмысын да жаратылыстың осындай көркем суреттері мен байлықтарын зерттеу арқылы түсіндіруге тырысқан. «Сондықтан да ақын жыл мезгілін жазғанда оны кұр қызықтамай, мезгіл тудырған жаңалықты жыл мезгіліне байланыстыра жырлайды. «Жазғы шілде», «Күзде» де, «Жазғытұрымда» да әр мезгілдін өзіне тән көрінісі, сол мезгілге орай шаруалардың еңбегі, тірлігі бейнеленеді—дейді филология ғылымыңық докторы Мырзабек Дүйсенов. ( 3,105б.)

Әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді. Бұл туралы біраз еңбектерім бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық», тағы басқалар. Бізде, әсіресе, техника, өнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек дейміз» дейді Ілияс 1931 жылғы «Мен қалай жаздым» деген мақаласында.


Балалар әдебиеті саласында Ілияс өз сөзін орындап шыккан жазушы.
Ілиястың алғашқы кызметі халык ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалман қазақ жастарының басын құрап хат танытып, сауатың ашуды үлкен міндет етіп қояды. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бүлбұлдарға», «Жастар ұраны., «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлендерінде ақын жас буындарды оқуға, өнер-білімге шақырады. Сол кездердің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястың өленің әнмен шырқап, Бүкіл елге таратады.

Балаларға арналған алғашқы пьеса жазған да Ілияс екендігін мойындауымыз керек.Себебі, драматургтың сүйікті геройына айналған:

«Кектегі» –пионер бала, «Түрксибтегі»- Қамысбайдың ұлдары, «Райхандағы» оқушы қыздар, «Мектептегі» - Бала мен Пионер жазушы ұстаздың шәкірттеріне деген сүйіспеншілігінің, театр сахнасындағы оқушының алуан түрлі бейнесін жасауға қыруар үлес қосқандығының күәсі.

Ұлағатты ұстаз, дарынды ақын, талантты жазушы: «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан, менің бір ойым – осы әдебиеттің жасалуына көмектесу еді», деп жазды. Ұлы ақын өмірдің соңғы күндеріне дейін өзінің уәдесін ұмытқан жоқ. Мектептегі бүлдіршіндер үшін оқулықтар құрастырды, ел әдебиетін сала – саласымен жариялауға дайындады. «Біздің үлкен олқы жеріміз – балалар әдебиеті. Өйткені, олар кітапсыз өсіп келеді. Балаларға керекті кітап жазылған жоқ. Қолдағы бар деген кітаптар балалардың мың тілегінің біріне де жарамайды. Балаларға кітап жасау тәжирибесі үшін әлі күш керек. Біз көбіне дүниежүзілік тақырыптарды жазып, екі оқушы айтқандай, поэмалардың гигантын жариялап жатамыз. Бірақ, қуыршақ, қоян, қозы туралы кішкентай нәрсе жазып, балалармен сөйлесе алмаймыз. Балаларға жырлайтын өлең, ән, ойнайтын пьеса, оқитын әңгіме керек» - деді ақын жазушылар съезінде жасаған баяндамасында. Содан бері талай уақыт өтті. Әдебиеттің бір саласы – балалар әдебиеті ер жетіп есейді. Қазақ балалар әдебиеті дүниежүзілік аренада қанат қақты. Балалар әдебиетін жасаудағы Ілияс Жансүгірұлының игі бастамасы,тыңдырған істері, творчестволық табыстары халқымыздың қажетіне жарады. Ол жиған асыл мұралар, ол жазған тамаша өлеңдер ұлдарыңыз бен,қыздарыңыздың үлгі-өнеге алатын құндылық болып саналады.


ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Жансүгіров І. 5т. ТШЖ. 1т. Алматы: 1988-101б

  2. Жансүгіров І. 1-том. Өлеңдер.- Алматы: Қазықұрт, 2004-432б.

  3. Дүйсенов М. Жансүгіровтың прозасы.\\ Сөзстан:- Алматы, Жалын, 8кітап. (Құраст.Б.Сарбалаев)-1986-216б.

Каталог: uploads -> doc -> 082e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
082e -> Сабақтың тақырыбы: § 29. Адамның тірі табиғаттағы орны. Антропогенездің қозғаушы күштері Сабақтың мақсаты
082e -> Коучинг- сабақтар туралы рефлексивтік есеп
082e -> Сабақтың мақсаты: а «Жер-қазына»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет