Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет9/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Бірінші кезеңде (2,5
-
3айға дейін)
ең алдымен көруді және естуді 
дамыту маңызды. Баланың көз тігуін және құлақ түруін тудыру қажет: ересек 
адамның жүзін зерделеуге үйрету, ашық түсті ойыншықтарға көз тоқтату, 
қозғалып жатқан заттарды бақылау, әртүрлі дыбыстарға, ересек адамның 
сөйлеуіне, оның әндетуіне сылдырмақтың және басқа дыбысталған 
ойыншықтарға құлақ салу. Аталған тәрбиешілік әсер етудің нәтижесінде 
сәбидің үш айлығына қарай «жандану кешені» деп аталатын эмоциялық 
мәнерлі реакциясы пайда болады. 
3 айлығындағы 
жандану кешені 

бұл мимикалық, қозғалыстық және 
дыбыстық реакциялар. Кешеннің жүйелілік мағынасы оның дыбыстық 
реакциясының белсендірілуінде. Дыбыстық реакцияның көп реттік 
қайталануы олардың дамуына мүмкіндік береді. Алғашқы айлардағы 
тәрбиелік әсерлер балаға күтім жасау кезінде жүзеге асырылады. Олар 
мынадай кешеннен құралады: көруге, естуге, түйсікке әсер етеді. Әсер ету 
сәбиді тыныштандыруға, қоздырғышты алып тастауға бағытталады. 
«Әңгімелесулер» мазмұны бойынша өте қарапайым. Олардың ең басты 
міндеті баланы тыныштандыру, оған өзінің сезімін жеткізу.
 
Бала 
бірінші айдың аяғында және екіншінің басында 
ересек 
адамдармен қарым
-
қатынас жасауды белсене қабылдай бастайды. Ересек 
адамдармен қарым
-
қатынас жасау кезінде сөздің құраушысы күшейеді. 


9
сөйлеу мүшесін қолданады. Баланың сөйлеу қажеттілігі және оны
қанағаттандыратын сөйлеу ортасы, осы екі факторлардың өзара әрекеті
баланың сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Есту мүшесі ең маңызды рөл
ойнайды. Бала айналада шығатын дыбыстарды ұйып қағып алады, тыңдайды
және оларды қайталауға тырысады. Балаларға есту қоздырғыштары
ұсынылады. Тиісті есту қабылдағышы балалар тілінің қалыптасуына және
есту мәдениетіне әсерін тигізеді. Жануарлардың дауысы, құстардың әні,
музыкалық аспаптардың дыбыстары, локомотивтің ысқырығы олардың
көңілін қоздырады және сөйлеу реакциясын ынталандырады. Бірақ басты
рөл, әрине, адамның дауысына тиесілі. 
Сөйлеуді түсіну қабілеті оны белсенді қолдану қабілетінен ерте
байқалады. Балалар сөзді айтпас бұрын түсіне бастайды.
Пассивті сөздер
қоры адамның бүкіл өміріндегі белсенді қордан сандық тұрғыдан артыла
түседі. Бала әдетте бірінші жылдың аяғына қарай 20
-
30 сөзді белсене
қолданады. Бұл алғашқы сөздердің мазмұнын оны қоршаған нақты болмысы
құрайды, ең алдымен ол жиі араласатын және ол үшін жеке маңызы бар
тұғалар, заттар, денелер. Балалармен ұзақ уақыт және саналы сөйлесу, 
олардың тез дамуына және жақсырақ сөйлей бастауына әкеледі. Сондықтан
да, біздің балалармен қарым
-
қатынас жасау көрінісін сөйлеумен
сүйемелдеуіміз, баланың санасында қалыптасып жатқан көріністер мен
бейнелерді сөзбен бекітуіміз, сөзбен өзіміздің әрекетімізді жүзеге
асыруымыз, бұл әрекетте жүзеге асырылған заттарды атауымыз қажет. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту оқу
құралындағы өмірдің алғашқы жылдары 4 кезеңге бөлінеді. Әр кезеңде 
міндеттер ажыратылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет