70
ертегі ойлап табу және т.б.). Балалардың әңгімелерін түрлендіру үшін
педагог жоспардың қосымша, жаңа тармақтарын алдын ала дайындауы
қажет. Бір сабақ үдерісінде сұрақтардың алмасуы балалардың зейінін
белсендіреді, сонымен қатар, бұл тапсырманы жекешелендіру құралы болып
табылады. Мысалы, мектепалды даярлық
тобындағы балалар өз бөлмелерін
сипаттаған кезде, келесідей жоспар ұсынылуы мүмкін: 1. Бөлме нешінші
қабатта? 2.Ол қандай? 3. Бөлмеде не бар? Балалар бұл мазмұнмен сенімді
жұмыс істеуін көре тұра, жаңа, қосымша сұрақтар ұсынуға болады (сол
сабақта, екі
-
үш жауаптан кейін): 1. Бөлмедегі тазалықты кім сақтайды? 2.
Жинауға қалай көмектесесің?
Жоспарды қатаң ұстану қажет пе? Орта топта бірінші сабақта
жоспардан ауытқыған жағдайда баланың сөзін кідіртпеуге болады. Алайда
салдарынан балаларға әңгіменің толық еместігін немесе ретсіздігін біртіндеп
көрсету, оларды бір
-
бірінің жауаптарын толыптыруға қатыстыру қажет.
Сонымен бірге педагог әңгімелеушінің тақырыптан немесе жоспардан
ауытқуын тек өзі ғана байқамай, балаларды да жолдасының әңгімесін
бақылауына қатыстырады (Қазір не туралы айту қажет? Барлығына түсінікті
болу үшін, ең алдымен нені айтқан дұрыс?).
Мектепалды даярлық
тобында
Достарыңызбен бөлісу: