Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет108/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
өзгешелік 
тәсілдер қолданылады

олардың тағайындалуы 

баладан жүйелі пікір 
айтуын, монолог алу (сөзбен, ыммен, сөйлеммен жауап алынбайды). 
Сабақтың алғашқы кезеңінде балаларға алдағы сөйлеу әрекетінің жобалы 


69
Әңгімелер
нысаны бойынша сипаттаушы және сюжеттік болуы мүмкін. 
Сипаттау 

жеке затқа немесе құбылысқа тән белгілерді баяндау. Әдетте 
сипаттау іскерлік сипатта болады, онда нақты анықтамалар мен жағдайлар 
көп беріледі, бірақ балаларды тартатын бейнелік элементтерінің болуы тиіс. 
Сонымен қатар, сипаттау қысқа болуы қажет. Мысалы, тәрбиешінің 
ойыншық үйректі сипаттауы (орта топтағы сабақ): «Бұл Кряк үйрегі. Ол сап
-
сары, мамықты. Кряктың көздері үлкен қара түйме сияқты. Үйрек күлкілі. 
Өзі үлкен және толық, ал қанаттары кішкентай. Кряк берет киіп алып, 
теңселе жүре жөнелді: «Кряк
-
кряк
-
кряк» ( В. В. Гербовой бойынша). 
Сипаттау әңгімесіне тән құрылым, композиция бар. Оның басында зат 
аталады (немесе суреттің қысқаша мазмұны айтылады), кейін тексеру ретіне 
сәйкес
сипатты белгілер, тағайындалуы және бөлімдердің өзара байланысы 
көрсетіледі, қорытындыда заттың тағайындалуы немесе онымен жасалған 
әрекет туралы айтылады. Қандай да бір еңбек үдерісін сипаттау оның 
реттілігіне тіреледі (мен кемені қалай жасаймын, жуу және т.б.). 
Сипаттаушы әңгімелердің әртүрлілігі 

салыстырмалы және 
түсіндірмелі
әңгімелер. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды екі 
заттың бір мәнді белгілерін кезеңмен салыстыруға негізделген қарама
-
қарсы 
белгілермен сипаттауға үйретеді (мысалы, ең алдымен көлемі бойынша, 
кейін түсі бойынша, материалы, бөлшектері, пішіні). Аталып жатқан 
әрекеттерді көрсетумен сүйемелденетін пайымдау, дәлелдеу элементтері бар 
түсіндіруші әңгімелер пайдалы. Бірдеңені басқа адамға түсіндіру 

оның 
айтылып жатқан құбылысқа тән басты байланыстар мен қарым
-
қатынастарды 
түсінуін белгілі бір реттілікпен жеткізу. Мысалы, бала қандай да бір затты, 
ойыншықты қалай пайдаланатындығын, қандай да бір ойынды қалай ойнауға 
болатындығын жолдасына түсіндіруі мүмкін.
Сюжеттік (хабарлы) әңгіме 

белгілі бір уақыт реттілігінде қандай да 
бір кейіпкермен болатын оқиғаларды жеткізу. Балаларға бұндай әңгімелердің 
типтік құрылымы туралы көріністер беріледі 

басында (қойылым) кейіпкер 
(немесе кейіпкерлер) аталады, кейде оның сыртқы келбетіне сипаттама
беріледі, содан соң бірінші оқиға (басталу) баяндалады, мүмкіндігінше 
қашан, қайда болғандығы түсіндіріледі. Кейін әрекет дамиды, екі
-
үш оқиға 
арасында уақыттық немесе себептік байланыс орнатылады, содан кейін 
аяқталу (түйін) жүреді.
Бала аталған сызба бойынша сюжеттік әңгімені құрастыру білігін 
біртіндеп үйренеді. Әдістемеде пропедевтикалық (алдын ала) оқыту әдістері 
құрастырылған: әңгіменің тек соңын ойлап табу, тек әрекет орнын ғана 
сипаттау, ойнаушы адамдардың диалогын ойлап табу және т.б. Сюжеттің 
әңгіменің кейіпкері ретінде автор
-
бала да, егер ол болып жатқан оқиғаны 
айтса («Менің туған күнім қалай өтті») немесе ойдан шығарса, болжамдаса 
(«Мен бірінші сыныпқа қалай барамын») болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет