2.2. Сөйлеуді меңгерудің заңдылықтары Ана тілді меңгеру процесі
–
бұл жеке адам ағзасының сөйлеу жүйесін
дамытудың, жетілдірудің заңды үдерісі. Біз тілді меңгерудің заңдылығы деп
адамның сөйлеу жүйесінің даму дәрежесіне меңгеру нәтижесінің тәуелділігін
атаймыз: оның сөз
-
қозғалыс бұлшықеті (сөйлеу дыбыстарының
артикуляциясын
және
интонация
элементтерінің
модуляциясын
орындайтын), ақыл
-
ойы (елестету, қиялдау, ойлау механизмдері), ес (сөз
-
қозғалысты, есту және графикалық болмысты тіл белгісі ретінде есте сақтау,
сөйлеу нормаларын есте сақтау механизмдері), психиканың эмоциялық аясы
(жоғары эмоцияларға байланысты туындайтын эмоциялық жағдайлар
механизмдері).
Тәрбиеші үшін сөйлеуді меңгеру заңдылықтарын білу
–
бұл баланың
тілді қоршаған болмыстың коды ретінде меңгеруіне қабілетті болуы үшін,
яғни оның болашақта ең алдымен өз әрекетін ойланып жасайтын және
тәрбиелік әрекеттерді қабылдайтын адам болуы үшін, ағзасының
қай жерін
(оның денесіндегі сөйлеу функцияларын
орындайтын мүшелер) жетілдіру
білімі болып табылады [14].
Сөйлеуді меңгерудің
алты заңдылығын атап өтейік:
Бірінші заңдылық: ана тілін қабылдау қабілеті баланың сөйлеу
органдары бұлшықетінің жаттыққандығына
байланысты. Егер бала
фонемаларды артикуляциялау және просодемаларды модуляциялау
қабілетіне ие болса, сондай
-
ақ оларды дыбыстар кешенінен ажырата алса, ана
тілін жетік меңгереді. Тілді меңгеру үшін баланың сөйлеу аппараты, содан
соң жазбаша сөйлеуді меңгеру кезінде бұл тілдің және позициялық
нұсқаулардың әр фонемасы мен әр просодемасын (дауыс күшінің
модуляциясы, үннің, қарқынның, ырғақтың, тембрдің жоғарылығы) айту
үшін қажетті көз бен қолы жетілдірілген болуы тиіс және осы қозғалыстар
дыбыспен үйлестірілуі қажет. Егер бала өзгенің сөйлегенін тыңдай отыра,
оны дауыстап, содан соң ішінен айтушыға еліктей отыра, оның
артикуляциялары мен просодемаларын қайталаса, тіл меңгеріледі, бұл жерде
оның сөйлеу мүшелерінің белсенділігін ескерген жөн. Осылайша, баланың
сәбилік жасындағы сөйлеу алды әрекеттері
–
бұл артикуляциялық және
модуляциялық дауыстық әрекеттер (гуілдеу, сыбызғы, былдырлау,
модуляцияланған былдырлау) болып табылады. Егер тәрбиеші балалармен
бірге осы әрекетке қосылса, олар қарқынмен жасалады. Гуілдеу, былдырлау
сөйлеуге алмасады, бастапқыда тек дауыстап сөйлеу ретінде іске асырылады.
Сөйлеу аппараты бұлшықетінің жұмысы баланың айтарлықтай ерікті күш
17
үшін маңызды болып табылады. Тек осындай әрекет барысында ғана
балаларда ойлау, шығармашылық қабілетінің негізін қалыптастыруға және
жалпы әр баланың тұлғасының дамуына жәрдемдесуге болады.
Әдістеменің