Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы


Мәліметтер базасы кестелерін мәліметтермен толтыру



бет5/16
Дата11.05.2022
өлшемі4,27 Mb.
#142039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Мейрханұлы Әлібек 1-Ргр

1.1.2 Мәліметтер базасы кестелерін мәліметтермен толтыру
1. Алмастырып қою кестелерін құру
«Дәрігерлер» кестесіне мәліметтер енгізуді жылдамдату үшін «Қабылдау уақыты» және «КөрсетҚызметТүрі» өрістеріне алмастырып қою арқылы кестелерді құрамыз. «Лауазымы» өрісіне мәндер «Штаттық кесте» кестесінен алынады.
Алмастырып қою (подстановка) енгізу режімін қысқартады. Мұндай жағдайда ұзын атауларды бірнеше рет терудің қажеті жоқ. Яғни қажетті мәліметті тізімнен таңдау жеткілікті.
1.1 «Ауысым» кестесі «Қабылдау уақыты» өрісінде қолданылады. Кілттік өріс қойылмайды.

9 - Сурет. «Ауысым» кестесінің өрістері

1.2 «Қызмет түрінің атауы» кестесі («Көрсетілетін қызмет түрі» өрісінде қолданылады) мәліметтер қорымызға импорттау үшін Excel-де құрылады (кесте 2).


Кесте 2. «Қызмет түрінің атауы» кестесі

Қызмет түрінің атауы

Терапевт

Хирург

Ортопед

Импорттауды кестеге немесе жекелеген өрістерге де жүргізуге, сондай-ақ, әр түрлі орындағы және әр түрлі форматтағы файлдарда жүргізуге болады.


 Кесте «Тіс емханасы» мәліметтер базасы орналасқан бумаға сақталады.
«Тіс емханасы» мәліметтер базасының «Внешние данные – Excel»командасы орындалады.
 Ашылған терезеден құрылған кесте атауын таңдаймыз (сурет 10).
 Келесі ашылған «Импорт электронной таблицы» терезесінен «Лист1» таңдап, «Далее» батырмасын басамыз.

10 - Сурет. Импортау терезесі

 «Первая строка содержит заголовки столбцов» белгішесін орнатамыз, «Далее» батырмасын басамыз.


 Ары қарай сипаттамасы мен өріс атауын растаймыз.
 Ары қарай «Не создавать ключ» таңдаймыз.
«Қызмет түрінің атауы» кестесі мәліметтер қорына орналасады. Бұл кестені «Конструктор» режімінде көріңіз.
1.3 «Штаттық кесте» кестесі («Дәрігер» кестесіндегі «Лауазым атауы» өрісінде қолданылады) құрылады.

11 - Сурет. «Штаттық кесте» өрістерінің сипаттамасы

«Жалақы» өрісінің «Общие» қаттамасындағы «Формат поля» жолынан «Денежный» мәні таңдалады. «Лауазым» өрісі кілттік өріс болады.

2. Кестеге мәліметтер толтыру Кестеге мәліметтер толтыру үшін Конструктор режімінен Кесте режіміне көшеміз немесе кестені екі рет басу арқылы ашамыз.
 «Ауысым» кестесіне мәліметтер толтырылады.

12 - Сурет. «Ауысым» кестесі

 «Штаттық кесте» кестесіне мәліметтер толтырылады (сурет 13).



13 - Сурет. «Штаттық кесте» кестесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет