1. OLE нысанын орналастыру OLE нысанын «Дәрігерлер» кестесінің «ДәрігерФотосы» өрісіне орналастырылуын қарастырайық. Біздің мысалда фотолар Paint графикалық редактор форматында bmp. кеңейтілуімен сақталады. (Бірнеше осындай нысандарды мәліметтер қоры орналасқан бумаға сақтаймыз).
«Дәрігерлер» кестесін «Конструктор» режімінде ашып, жаңа «ДәрігерФотосы» өрісін қосамыз. Мәліметтердің типі – «Поле объекта OLE».
Кесте режіміне көшеміз. «ДәрігерФотосы» графына тышқанның оң жақ батырмасын басып, «Добавить объект» командасын орындаймыз. «Вставка объекта» терезесінен «Создать из файлa» белгісін орнатамыз. Бұл терезеде фото файлының атауы анықталады. Файлды іздестіру үшін «Обзор»батырмасын пайдаланамыз.