3 Өріс бойынша мәліметтерді сүзгілеу (фильтрация)
«Дәрігерлер» кестесін кесте режімінде ашып, «Лауазым» өрісіндегі «Ортопед» жазбасын таңдаймыз. Сүзгілеуді «Фильтр» батырмасы немесе «Записи», «Фильтр», «Фильтр по выделенному» командасы арқылы орындаймыз. Кестеде ортопед дәрігер жайлы жазбалар ғана қалады.
19 - Сурет. Мәліметтерді сүзгілеу
Сүзгілеуді алып тастау үшін «Фильтр» батырмасын басамыз немесе «Записи», «Удалить фильтр» командасын орындаймыз. Кестеде барлық мәліметтер пайда болады.
1.1.4 Жаңа кестелер құру
1 «Емделуші тізімі» кестесін құру
«Емделуші тізімі» кестесінің құрылымы және өрістерінің типтері көрсетілген суреттегідей құрылады.
20 - Сурет. «Емделуші тізімі»кестесінің құрылымы
1) «МедПолис» өрісіне енгізу маскасын құрыңыз «АБ-1234».
2) «Телефон» өрісіне 3-тапсырмадағыдай енгізу маскасын құрыңыз.
3) «Пол» өрісіндегі Общие қаттамасының «Значение по умолчанию» жолына «ер» мәнін енгіземіз. Бұл мәнді қажет болған жағдайда өзгертуге болады.
4) Кестені мәліметтермен толтырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |