Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау. Пәні: информатика Сыныбы: 6 Пән мұғалімі: Уразова Шаттық



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі2,15 Mb.
#24463
  1   2
Шетпе лицейі мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау.

Пәні: информатика

Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Уразова Шаттық

2015-2016 оқу жылы
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________

Күні__________________

Сыныбы____________

Пәні__________

Сабақтың тақырыбы: Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.

Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, дербес компьютер

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі «Үміт ағашы» арқылы қауіпсіздік ережесін айту.

  2. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі)

  3. Жаңа сабақты түсіндіру (ЖИГСО әдісі)

  4. Практикалық жұмыс (Деңгейлік тарсырмалар)

  5. Сергіту сәті (Бейнеролик, жұмбақ шешу)

  6. Жаңа сабақты бекіту. (Кім жүйрік?)

  7. Қорытындылау

  8. Үйге тапсырма

  9. Кері байланыс

  10. Білімдерін бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Үміт ағашы» арқылы қауіпсіздік ережесін айту.

  1. Экран мен көз ара қашықтығы қанша болу керек?

  2. Компьютермен жұмыс істеу кезінде қалай отыру керек?

  3. Компьютермен жұмыс істеу кезінде қалай отыру керек?

  4. Компьютермен жұмысты бастамас бұрын нелерді тексеріп алу керек?

  5. Компьютерден ақау шыққан жағдайда не істеу керек?

II. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі арқылы)

  1. MS Word редакторын іске қосу жолы

Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word

  1. К - батырмасының қызметі қандай?

  2. Құжатты сақтау командасы

Файл – Сохранить как.. (Сақтау)

  1. Мәтінді редакциялау деген не?

Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

  1. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

пернесі

  1. Жаңа құжат құру командасы

Файл – Создать (Құру)

III. Жаңа сабақ

Кестелер, кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер?Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды жеңілдетеді.

Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет