Салауатты өмір салтына тәрбиелеу



Дата06.03.2023
өлшемі3,82 Mb.
#171287
Байланысты:
тәрбие сағаты


Күні: 21.02.2023 ж
Қатысушы топ: Инф-22-3
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Әрбір өмір сүрген күнің маңызды, жеген
тамағың маңызы»
Мақсаты: 1. Өмірге деген бейімділік, әрбір өмірдің маңыздылығын, өмірдің
құндылығын сезіндіру, дұрыс тамақтану, тағамдардың
денсаулыққа пайдалы әсерін,әр түрлі аурулардан сақтану
жолдары туралы айту.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың
алдын алу
Тәрбиелілігі: білім алушыларды тамақтану гигиенасын дұрыс ұстануына және
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: Тәрбие сағаты
Әдісі: пікірталас
Көрнекіліктер: Мақал-мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар, презентация,
бейнеролик
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Шаттық шеңбері. Студенттер шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне сәттілік, жақсы тілек лебіздерін білдіреді.

2. «Таза тақта» әдісі. Білім алушылар «Таза тақта» әдісі арқылы суреттердің мағынасына қарай өз ойларын білдіріп, топқа бөлінеді
- Бүгінгі тәрбие сабағымыз «Әрбір өмір сүрген күнің маңызды, жеген
тамағың маңызы» атты тақырыбына арналған. Әрбір адам салауатты өмір сүру үшін өз денсаулығына ұқыпты қарайды. «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» дегенді ескерсек,ең бастысы дұрыс тамақтану. Күш қуатты да, энергияны да тамақ арқылы алып отырмыз. Бала денсаулығын нығайту үшін сапалы, құнды тамақтанудың маңызы өте зор.
3. Бейнеролик. Білім алушыларға мотивациялық бейнеролик көрсетіледі. Бұл бейнероликте әрбір адамның өмірі маңызды екенін және өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау, әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесеңде ойланып істеуге үйрену қажеттігін және әрбір адам өз денсаулығын күте білу керек екендігі көрсетілді


4. Постер қорғау.
«Жас қыран» тобы. Пайдалы тағамдар
«Бургер кинг» тобы. Зиянды тағамдардың пайдалы жақтары


Топтар арасында пікірталас. Қосымша мағлұматтар берілді.
Дұрыс тамақтанбаудың зияны.
Адам ағзасы жеткілікті түрде нәрлі заттарды алу үшін қарныңыз қатты ашқан кезде емес, аздап ашқан кезде тамақтану керек. Егер сіз стресстен тамақ жейтін болсаңыз немесе тәтті болғаны үшін, әдет бойынша тамақ жей берсеңіз, іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы құрылады, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады. Сонымен қатар тым көп мөлшерде тәтті тұтыну семіздік пен кариеске ұрындырады. Көп мөлшердегі ащы тағамдар ағзадағы сұйықтықты бөгеп, несеп тас ауруы мен жүрек - тамыр жүйесі ауруларын тудырады. Қосымша өнімдер көптеген тағамдардың құрамында болады. Олардың кейбіреуінің еш зияны жоқ, ал кейбірі аллергия тудырып, асқазан мен ішек ауруларының тууына сеп болады. Қосымша өнімді тағамдардың мөлшерін азайту үшін орамадағы түрлі өнімдерді, чипстер, газдалған тәтті сусын, шұжық, дүкен бәліштерін азырақ сатып алыңыз.
Егер теледидар алдында, газет оқып отырып немесе интернеттен жаңалық оқып отырып тамақ жесе асқазан сөлі дұрыс бөлінбейді. Бұл да өз кезегінде асқазан мәселелерін тудырады. Жүріп бара жатып та тамақ жеу құпталмайды, өйткені қимыл - қозғалыс кезінде тағам дұрыс шайналмай, нәтижесінде тағам дұрыс қорытылмайды да ағзаға тағамның пайдалы заттары сіңбейді.
Егер адамның тұрақты тамақ ішу режимі болмаса, ағза асқазан сөлін қашан бөлуі керектігін білмей, әрдайым ауыр күйде болады, бұл да асқазан мен ішек ауруларының тууына әсер етеді. Түнде тамақ жеу құпталмайды, өйткені ас қорыту жүйесіне демалыс қажет.
5. Сергіту сәті.

6. Марапаттау. Топпен жұмыс жасау барысында үздік нәтиже көрсеткен топқа және белсене қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар берілді.






7. Кері байланыс. Padlet тақтасы
Ұйымдастырушылар: Инф-22-1м тобы
Айменова Венера
Мұхиддинова Мая
Жаналиева Ләззат
Оразбақов Айбек
Ибраева Қарлығаш
Пірмағанбет Нұржан
Абдуллаев Оралбек
Кенжалы Әсел
Темірболат София


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет