Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І. Ұйымдастыру кезеңі жаңалыққа құмарлығын арттыру, оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп, белсенді жұмыс істеуге жұмылдыру;
ІІ. Өткенді еске түсіру
өткенді еске түсіру арқылы өткен тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
|
Психологиялық ахуал: Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше Көңіл - күйлеріңіз қалай ?
- Сабаққа дайынсыңдар ма ?
Бағалау: Жарайсыңдар!
Топқа бөлу Оқушылар ортадан карточка таңдайды. Олардың түстері: қызыл, жасыл, көгілдір. Әр карточкада сөздер жазылған. Мұғалімнің қойған сұрағының жауабы қай карточкада сол оқушылар бірігіп бір топты құрайды. Сұрақтар:
Тізім түрлерін атаңдар /нөмірленген, маркерленген, көпдеңгейлі /
Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда не қолданылады? /көпбағанды стильді/
І топ: ТІЗІМДЕР
ІІтоп: БАҒАНДАР
2 топқа топтастырып, көгілдір түсті карточканы таңдаған оқушы топ басшысы болатынын ескерту.
Топ басшыға бағалау парағы беріледі, бағалау парағына топ мүшелерінің аты-жөнін жазады, жұмыстарын жоспарлайды
-Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тест тапсырмасын орындау ұсынылады. Joi Class тестілеу бағдарламасымен 5 сұраққа жауап беруге 4 минут уақыт беріледі.
Болған соң топ басшылары тестен алған топ мүшелерінің ұпайларын бағалау парағына жазады
|
-Керемет! (қолдарын көтеру)
- Тамаша! (шапалақ)
Оқушылар жауаптарын айтады, қолдарындағы жауаптары бойынша топтасып отырады.
Компьютерге отырып 7 сұраққа жауап береді
|
ІІІ. Кіріспе әңгіме
- ойлау жұмысына ынталандырылады;
|
Тақырыпқа шығу:
Біз бүгінгі сабағымызда денсаулық туралы сөз қозғаймыз.
Осы сыныптағы қандай құрылғылар сендердің денсаулықтарыңа әсер етеді?
Ұялы телефондарға тоқталайық.
|
Оқушылар жауабы /Дербес компьютер, проектор, ұялы телефондар, интерактивті тақта/
|
Сендерде қандай фирмалардың телефондары бар?
|
Оқушылар ұялы телефондардың фирмаларының аттарын айтады
|
Тақтаға назар аударайық
аты, шыққан жылы, өндіруші ел, операциялық жүйесі жазылған
|
Тақтадағы слайдты қарайды
|
Алдарыңдағы файлдағы мәтінді оқып ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін әсері туралы әртүрлі елдердің ғалымдары жүргізген зерттеулерден алынған мақаланы оқи отырып біле аласыңдар.
|
Алдарындағы папкадан мәтінді алып оқиды
|
Мәтінмен таныстыңдар ия? Ендеше келесі мәтін соңындағы сұрақтарға жауап берейікші:
|
|
Осы ақпарат қандай түрінде берілген?
|
Оқушылар жауабы /мәтіндік/
|
Мәтіндік ақпаратты басқа түрде ұсынуға бола ма? Қандай?
|
Оқушылар жауабы
Өз ойларын айтады
|
Мәтінде берілген шамаларды салыстырыңдар. Берілген ақпаратты есте сақтау оңай ма? Осы мәтін күйінде берілген ақпаратты біз бірден қабылдай аламыз ба?
|
Оқушылар жауабы
Өз ойларын айтады
|
Осы мәтінге қарай отырып қай телефонның сәулеленуі басым, қайсысынікі әлсіздеу екенін бірден біле аламыз ба?
|
Оқушылар жауабы
|
Проблемалық сұрақ
|
Мәтіндік ақпаратты тағы қандай түрде ұсынуға болады?
|
Кесте түрінде
|
Мәтінде берілген ақпаратты қандай түрде ұсынар едің?
|
Кесте түрінде қолайлы
|
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
|
Сабақтың тақырыбы «Кестелер. Кестелер құру»
|
Сабақта алған білімдеріңді қайда қолдана аласыңдар?
|
Сабақ материалын қабылдау мен оқушылардың сабақта оқу әрекетіне қызығушылық танытулары. Өз ойларын ортаға салады.
|
ІҮ. Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау
|
мақсат қою:
енді осы тақырып бойынша әркім дәптерлеріңе 2 сөйлеммен мақсат жаза қойыңдар
|
Әр оқушы дәптерлеріне бүгінгі сабаққа мақсаттарын жазады
|
Кесте ұғымына анықтама беріп көріңдерші.
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
|
Әр оқушы дәптерлеріне жазады
1,2 оқушыға оқыту
|
Кестені кірістіру қалай жүзеге асырылады керектігін біліп алу үшін оқулықтағы ақпаратпен танысып алайық.
|
Оқушылар оқулығындағы ақпаратпен танысады
|
Ү. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
|
Мәтінмен жұмыс. «Көршіңе айтып бер» әдісі бойынша жұбымен кесте құру алгоритмін құру, «Кір жайатын жіп» әдісі бойынша орындау ұсынылады.
Жұппен жұмыс. Оқушылардың кесте құру туралы ойларын білу, ой бөлісу
Құжатқа 3 бағанды, 5 жолды кесте қосыңдар
Кестені кірістіру бұйрығының көмегімен 4 баған және 10 жолдан тұратын кесте қосыңдар
Егер сурет салуды жақсы көрсеңдер онда кестені жай қарындашпен салуға болады.
|
Жұбымен алгоритмін талдайды.
Ұтымды жағын қолдау және өз ұстанымдарына сәйкес ұсыныстарын ортаға салу.
|
ҮІ. Жаңа тақырыпты бекіту /практикалық жұмыс/
|
І міндетті, ІІ лайықты, ІІІ жоғарғы деңгей таратпа №1-3 тапсырманы орындау ұсынылады
Бағалау парағына алған ұпайлары жазылады бағалау
|
Компьютерде орындайды, нәтижесін алып қорытынды жасайды.
Топ басшысы бағалау парағына алған ұпайлары жазады
|
ҮІІ. Оқушылардың теориялық білімін тексеру
|
І топ: Кубизм. Сәйкестігін тап таратпа тапсырманы орындау ұсынылады /флипчартта орындау/
1
|
Tab пернесі
|
|
1
|
Кестенің ұяшықтарын дайын шаблон бойынша әдемілеп әрлеу үшін пайдаланады
|
2
|
Shift+Tab
|
|
2
|
Жаңа кестені ... тіркеме парағының бұйрығымен құрады
|
3
|
Кірістіру-Кестелер-Экспресс кестелер бұйрығы
|
|
3
|
тінтіуір немесе меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжиды
|
4
|
Кірістіру-Кесте
|
|
4
|
Ұяшықтар бойымен жылжу және жаңа жол қалыптастыру үшін қолданылады
|
5
|
Кесте ұяшықтары
|
|
5
|
Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін қолданылады
|
ІІ топ: Ақпараттық диктант /флипчартта орындау/
1. Кестені даярлау үшін... /Кесте > Кесте қосу/
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін... /Кесте > Біріктіру/
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан?
/Стандартты/
4. Ұяшық дегеніміз не?../Баған мен қатардың қиылысуы/
5. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне..... /Тab/
|
.
|
ҮІІІ. Сергіту сәті
жұмбақ шешу
|
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал». Жеті ырыстың бірі көңіл-күй, сабағымыз көңілді өтуі үшін жұмбақтар шешіп көрейік.
І топ: Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
ІІ топ: Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
|
ІХ. Қорытынды
Рефлексия
|
Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта нені білдіңдер?
- Тағы не туралы білгілерің келеді?
-сы тақырып бойынша не ой түйдіңдер?
Сабаққа балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау /Күншуақ/.
Күннің суретіне назар аударыңдар. Оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне өз аттарыңды жазыңдар. Егер жоқ болса, оң жағына жазыңдар.
Бағалау: барлық жұмыстарыңа рахмет!
|
Оқушының пікірі, сабақ тақырыбының мақсатына жетуі-жетпеуі/ туралы жазады
І топ: 5 жолдық өлеңдерін жазып оқиды, постерге іледі.
ІІ топ: дәптерлеріне қолдарын салып нұсқау бойынша сабақты қорытындылайды
|
Х. Бағалау
|
Бағалау жинаған ұпайлар саны бойынша жүргізіледі.
|
Топ басшысы жинаған ұпайларын айта отырып бағалап шығады.
|
ХІ. Үй тапсырмасы туралы ақпарат
|
§ 22 оқып келу.
«Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін әсері» зерттеу
Ұялы телефонды қалай пайдалану керек?
Ұялы телефон денсаулыққа әсер етуі
Ғалымдар пікірі
|
Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.
|