Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы


Мәліметтер базасының сызбасын және пішімдерді құру



бет12/16
Дата11.05.2022
өлшемі4,27 Mb.
#142039
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Мейрханұлы Әлібек 1-Ргр

1.2 Мәліметтер базасының сызбасын және пішімдерді құру


1.2.1 Мәліметтер сызбасын құру
1. Мәліметтер сызбасын құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек: «Работа с базами данных» қаттамасынан «Схема данных» командасын таңдау.

24 - Сурет. Мәліметтер сызбасын таңдау мәзірі


2. «Схема данных» терезесінде батырманың оң жағын басу арқылы «Добавление таблицы» терезесін ашыңыз.«Таблица» қаттамасынан «Дәрігерлер», «Штаттық кесте», «ҚызметАтауы», «Журнал», «Емделуші тізімі» кестелерін таңдаймыз және оларды «Добавить» батырмасын басу арқылы терезеге орналастырыңыз. «Схема данных» терезесінде осы кестелердің құрылымы пайда болады. Терезені жабыңыз.


3. «Емделуші тізімі» мен «Журнал» кестелерінің арасында байланыс орнатыңыз. Ол үшін «Емделуші тізімі» кестесінің «Карточка№» өрісін (бұл өріс осы кестеде кілттік өріс болып табылады) таңдап алып, келесі «Журнал» кестесіндегі «Карточка№» өрісіне алып барамыз. «Байланысты өзгерту» («Изменение связей») терезесі ашылады.
4. Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) белгішесін таңдаймыз. «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту» (Каскадное обновление связанных полей) және «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру» (Каскадное удаление связанных записей) байланыстарына да белгіше қою арқылы таңдаймыз.

25 - Сурет. «Байланыстарды өзгеру» терезесі


Ескерту. Бұл аталған параметрлерді тек қана өрістердің типі мен өлшемі бірдей болғанда ғана көрсете аламыз.
«Құру» батырмасын басқанда бірдің – көпке байланысы пайда болады.
4. Жоғарыда көрсетілгендей әрекеттерді орындай отырып, «Лауазымы» өрістерін және суретте көрсетілген байланыстарды орнатамыз.

26 - Сурет. Мәліметтер байланысын орнату терезесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет