Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығЫ» республикалық мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата11.05.2022
өлшемі212,42 Kb.
#141976
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Инструктивное письмо

Ескерту:
Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат (60
минут) ішінде жасау керек, белгіленген уақытта жасамаған жағдайда,
өтініш жойылады.
4. ҰБТ-ға қатысу үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару бойынша:
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда өтініш беру деректер
базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл
жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды 
uto@testcenter.kz
 электронды
поштасына: 
1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
3) жеке куәліктің көшірмесін;
4) төлем картасының көшірмесін (алдыңғы жағы);
5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған
кезде қайтарылады.
Сондай-ақ тестілеу үшін төлем өтініштер қабылдау деректер базасы
жабылғаннан кейін мынадай жағдайларда қайтарылады:
- егер тестіленуші бір тестілеу үшін бір кезеңде екі рет қателесіп төлем
жасаса (қосарланған төлем);
DOC24 ID KZOIIGI202210027579EB35C2D


- егер тестіленуші тестілеу үшін ақы төлеп, бірақ тестілеуге өтінішін
бермесе;
- егер тестіленуші жақын туысының қайтыс болуына байланысты
тестілеуге қатыспаса және растайтын құжаттарды ұсынса;
- егер тестіленуші денсаулығына байланысты емделуде немесе карантинде
болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса;
- егер тестіленуші тергеуде болса немесе жол көлік оқиғасына ұшыраған
болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса.
Өзге жағдайларда тестілеу үшін төленген ақша қаражаты қайтарылуға
жатпайтынын атап өтеміз. 
5. Тестілеу туралы ақпарат алу:
Өтініш тіркелгеннен кейін тестілеуді тапсыру орны мен уақыты туралы
ақпарат тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тестілеу туралы
ақпаратпен танысу үшін тестіленушінің өзі жауапты болып табылады. 
Тестілеуге дәлелді себепсіз келмеген жағдайда осы мерзімдегі тестілеуге
қайта өтініш беру мүмкін емес болып табылады.
6. SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар
тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін
2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығындағы мерзімдерде мәліметтер
енгізуі және өтініш беруі қажет.
Ескерту
: SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай
жағдайларда жүзеге асырылады:
1) SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект)
сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні
бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес
келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
2) SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші
Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады. 
ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған
жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады. 
IB балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша
ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады. 
7. Ерекше мәртебесін растайтын құжаты бар
 («Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30
қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген)
ерекше қажеттілігі бар адамдар
(көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) 
ҰБТ-ға өтініш
беру бағдарламалық жасақтамасына құжаттарын жүктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет