Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығЫ» республикалық мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата11.05.2022
өлшемі212,42 Kb.
#141976
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Инструктивное письмо
чесотка пиодермия дерматомикоз, 4 Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар, 4 Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар, 6 бжб, 4-сын ТЖБ, 4-сын ТЖБ, 6-сынып ашық сабақ әдебиет, Classroom Language, әлеуметтану, Акаунт сотрудников Педколледжа (1) (копия) copy


№ 15-10-7-1-919 от 28.04.2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ
ОРТАЛЫҒЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И
НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЕННОЕ
ПРЕДПРИЯТИЕ 
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР
ТЕСТИРОВАНИЯ»
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, 
Алматы, Шымкент қалалары білім
басқармаларының басшыларына
Жоғары оқу орындарының 
басшыларына
Ұлттық тестілеу орталығы 
филиалдарының қызметшілеріне
2022 жылғы 16 мамыр мен 5 шілде
аралығында өткізілетін
ұлттық бірыңғай тестілеу
қатысушыларының деректер 
базасын қалыптастыру бойынша
нұсқаулық хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу
орталығы (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық
бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес
ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу
(бұдан әрі – ҰБТ):
1) орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
2) орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының бітірушілеріне;
3) жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру
бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
DOC24 ID KZOIIGI202210027579EB35C2D


4) шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен
шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын,
ұлты қазақ адамдарға; 
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде
қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері
жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар
тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін өткізіледі.
1. Оқуға түсуші ҰБТ қатысушыларының деректер базасына (бұдан әрі –
ДБ) тіркелу үшін өтінішті 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында
онлайн түрде Орталықтың сайты арқылы келесі сілтеме бойынша береді:
https://app.testcenter.kz/
.  Осы аралықта тестілеуге 2 (екі) рет өтініш беруге
мүмкіндік беріледі.
2. Өтініш беру рәсімі:
1) https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;
2) электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (электрондық
поштаға келген хат арқылы міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
Ескерту:
егер түсуші алдында бұл сайтқа тіркелген болса, онда ол
өтінішті өзінің «жеке кабинеті» арқылы бере алады. Ол үшін «Кіру»
батырмасын басып, логин мен паролін енгізеді.
3) алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен
пароль бар хатты 2022 жылдың соңына дейін жоюға болмайды);
4) ЖСН көрсету және іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты
автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсету (міндетті
түрде). Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін (18 жасқа толмаған) ата-
анасының немесе заңды өкілінің ТАӘ, ЖСН және байланыс телефонын
міндетті түрде енгізу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет