Жауабы:
2.Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? ХХғ. басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.
Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы мен ұлт зиялыларының нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы алғашқы орыс революциясымен тікелей байланысты.Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеуі барысында қазақ қоғамына жеткен тарихи жаңалықтардың бірі -1905ж. 6-тамызда шыққан манифест.Манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді.Ұлт зиялылары Мемлекеттік Думаны империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесін шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалады.Сондықтан, оның жұмысына белсене араласты.
І Мемлекеттік Дума жұмысына Қазақстаннан 3 депутат қатысты.Олар- Алпысбай Қалменов(Орал облысы),Әлихан Бөкейханов(Семей облысы), Ахмет Бірімжанов(Торғай облысы). Дума отырысында А.Бірімжанов, А.Қалменов сөз сөйлеп, қазақ елінің мәселелерін көтерді. Аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссия құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді сұрады.
ІІ Думаға қазақтардан 5 депутат сайланды- Орал облысынан –заңгер Б.Қаратаев, Жетісу облысынан –инженер М.Тынышбаев, Бөкей Ордасынан –заңгер Б.Құлманов, Сырдария облысынан –саудагер Т.Алдабергенов және Семей облысынан – қажыТ.Нұрекенұлы. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған мәселе тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты.Қазақ зиялылары Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аударуды тоқтатуды талап етті. Қазақ зиялылары ІІІ және ІV Думаға сайлану құқығынан айырылғанымен, Мұсылман фракциясының жұмысына қатысу арқылы белсенділік көрсетті және азаттық үшін ауыр күрес жолында белгілі-бір тәжірибе жинақтады.
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттілігін айқын аңғарды.1906ж. 10-маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті. Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі»( кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналысқа қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Қазақ зиялыларының бағдары Ресейдегі кадет партиясының қызметімен ұштасты. Сондықтан «қазақ кадеттері» аталды. Бірақ, қазақ кадеттерінің бағдарламасы орыс кадеттерінен өзгеше болып, мынандай талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі деп жариялайтын заң қабылдау, Ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік , теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.б.
Бірақ, бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталғанжоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар әлі пісіп-жетілмеген еді.
3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.
1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже», 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Орынбор (орталығы- Орынбор қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) генерал-губернаторлықтары. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы-Астрахан губерниясына қарады.
Зардаптары: 1867-1868жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар(аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867, 1868)басқарды.Бұл заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт-дәстүріне көшуге мәжбүрледі.Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер(сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді.Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі мүдделілік танытып,қолдау көрсетіп отырды.
1. Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді.
2. Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады.Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды.Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді.Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олрадың қолшоқпарына айналды.
3. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде.
4. Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді. Қазақстанды Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
5. Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді.Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды.
15-Билет
Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
1979 жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Жауабы:
1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси - әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас – тартыс басталды. Оны Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу қаған (715 – 738 ж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді.Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағысаяси жағдайын күшейтеді.Ендігі мәселе, батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан . Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған. Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасысы Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір – екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан)әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749 – 753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан – жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді. Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
2.1979 жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
Ерекшеліктері: 1979 жылғы 16-19 маусымдағы Целиноград оқиғасы –Қазақстанда (Қарағанды, Көкшетау, Павлодар обл. аумағы) неміс автономиясын құруға қарсы ереуіл.
1986 жылғы 16-18 Желтоқсан көтерілісі –Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің ыдырауын бастап берген,сондай-ақ Қазақстан халқының мемлекеттік тәуелсіздігін батыл көтерген оқиға. Целиноградтағы шеруге 16-маусымда бірнеше жүздеген адам қатысса, 19 -маусымда бірнеше мыңнан асты деп есептеуге болады.Желтоқсан көтерілісінде 17 желтоқсан кешке қарай жиналғандардың саны 20-30 мыңға жетті. Мақсаты жағынан,Целиноградтағы шеруге қатысушылар-«Қазақстан біртұтас!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген ұрандар көтеру арқылы, қазақ жерінің бірлігін, тұтастығын сақтауға ұмтылысын көрсетті.1986 жылғы Желтоқсанда бейбіт шеруге шыққандардың- «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға – өзінің басшысы!» т.б. осы мазмұндағы ұрандары тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтады.Целиноград оқиғасы, Целиноград қаласы мен облыстың басқа да елді мекендерін қамтыды.Өрескел құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ.Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды.Желтоқсан көтерілісі кезінде өрескел құқық бұзушылық пен әділетсіз,қатаң жазалау орын алды. Алматы (8,5 мың адам ұсталып, 2401-уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды,1,7 мыңнан аса адам дене жарақатын алды,сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді) қаласынан басқа, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті.Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімдерге сотталды.
Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды.
3.ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Тағар
|
Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
|
Құшыр
|
Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық.
|
Қалан
|
Жер көлеміне байланысты салық
|
Зекет
|
Мал салығы
|
16-Билет
Қазақ халқының жоңғарларғақарсы азаттық күресі.
«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |