Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауабы: 1.Абылай ханның Ресей және Қытайменқарым-қатынасы



бет12/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy


Жауабы:

1.Абылай ханның Ресей және Қытайменқарым-қатынасы.

Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты - мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді. Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі.1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды.1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағынан Абылай 1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым-салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады.1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Белгілі саяси қайраткерді үш жүздің өкілдері Орта жүздің ханы ғана емес, барлық қазақтың билеушісі деп тануы оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді.Дегенмен, Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп-дамуына құштар болмаса да, 1778 жылдың 24 мамырында Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай өзіне берілуге тиісті ханға лайықты символды қабылдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. II Екатерина оны Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотасын патша өкілдері арқылы ханның туған ауылына жеткізді.Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды. "Есім ханның ескі жолында", "Қасым ханның қасқа жолында", атақты даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абылай шек койды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Өзіне қарсы тұрғандарды ханның қатыгездікпен басып тастағандығы да айғақ.

Хан сонымен қатар қазақ елінің шаруашылық құрылымына да өзгерістер енгізуге тырысты. Қазақтардың Ертіс пен Есілдің бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытуын қолдады. 1761 жылы императрицаII Екатеринаға жолдаған хаттарының бірінде ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған.Петропавлға жақын жерде, Көкшетауда, Ертіс өңірінде, кейінірек Ақтөбе маңайында, Ой (Уйская) шебіне іргелес ауданда қыстақтары болған Абылай қазақтар үшін егін шаруашылығымен айналысудың да маңыздылығын жете түсініп, қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді.



2.Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.

Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс(Монғолия) және Батыс(Орталық Азия мен Қазақстан)болып екіге бөлінді.Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай, Сібір, Әмудария,Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған.Құрамына Шығыс Түркістан,Самарқанд, Кеш,Бұқара сияқты отырықшы-егінші аймақтар да енді.Шығыс Түрік қағанаты(Екінші Түрік қағанаты) 682(683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін Монғолия жерінде қалпына келтірді. Екінші Түрік қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» дейді.Мемлекеттің орталығы – Ханғай таулары. Батыс шекарасы Алтай тауларымен шектесті. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал, Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы,егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан,әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Қағаннан кейін екінші адам ұлық болды.Үшінші билік қаған руынан шыққан –шад, одан кейінгілеріне -тегін, елтебер деген лауазымдар берілген. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды.

Шығыс Түрік қағанатының жұрты «көк түрік», Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» -«он оқ елі» деп аталды. «Он оқ бұдын» елінің оң қанаты(5 нушиби) мен сол қанаты(5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты.Бұған 657 жылы Жетісуда өз билігін орнатуға тырысқан Қытай экспансиясы қосылды.Таң империясының басқаруы ширек ғасырдан астам уақытқа созылды.Көк түріктер құрған Екінші Түрік қағанатын 744-745 жылдары Орхон ұйғырлары мен қарлұқтар талқандады.
3.Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар - Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының калыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасыр­дан бастап кездеседі. Олар «ат жакты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.



22-Билет

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар.

  2. Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.

  3. Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.





Жауабы:___1.Ұлы_Отан_соғысы_жылдарындағы_ұлтаралық_қатынастар.'>Жауабы:

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтайда, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендер мен ингуштар еңбек етті.Жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізу, ұлт тілдерінде майдандық газеттер мен журналдар шығару, ұлттық әскери бөлімдер құру ұлттық қатынастарды нығайтуға көмектесті. Сонымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режимнің тұтас халықтарды күштеп көшіру, зорлық-зомбылықтың барлық элементтерін қамтыған еңбек колонияларын құру сияқты қылмысты әрекеттері белең алып отырды. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінген болатын. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балкарлар, қырым татарлары, месхет түріктері де нақ осындай жағдайға ұшырады.Жекелеген адамдарға немесе адамдар тобына ғана емес, бүкіл халыққа күдіктене қараған большевиктік билік иелері оларды соғыс кезінде жау жағына шығып кетеді деп ойлады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті ІІІ Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2 млн 464 мыңға жуық адам болғанын айғақтайды.Аталған режимнің қаталдығы және этносаралық қақтығыстарға итермелеген саясаты қарапайым адамдардың адамгершілік қасиеттерін жойып жібере алмады.Соғыс Қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік құрылыстың бұрмалануы да, соғыстың сұрапыл сындары да, жанға батар шығындар мен жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайьш ұлылығы да өз көрінісін тапты.
2..Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.

«Түрік дәуірі» VІ-ХІІІғғ. аралығын қамтиды.Бұл кезең немесе қазақ мемлекеттілігінің түркілік кезеңі деп аталады. Өйткені, бұл кезеңде этникалық құрамы түркі тілдес тайпалардан тұратын,түркі тілінде сөйлейтін, наным-сенімі ортақ мемлекеттер(Түрік, Батыс Түрік,Түркеш,Қарлұқ,Оғыз, Қарахан,Қимақ, Қыпшақ) бүгінгі қазақ жері мен түркі тілдес тайпалардың жерінде құрылып, өмір сүрді.

Көне түркі тайпалары – Орталық Азиядағы, одан тыс жатқан кейінгі түркітілдес халықтардың ататегі. Бұл тайпалар бүкіл түрік халықтарының тілінің,әдет-ғұрып, салт-саналарының, дүниетанымының қалыптасуына әсер етті.Түрік дәуірі қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің, материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасып дамуында ерекше басым орын алады.

«Түрік» этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады.Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған.

Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша «ту-кю» деп аталған халық «түріктер» екендігін дәлелдеді.

Ғылымда «түрік» атауы туралы пікірлер көп. Академик А.Канонов – «ту-кюе» (түркіт) сөзін - дулыға (дулыға сияқты таудың етегін мекендеген, ол тау – Алтай тауы) деп аударылады дейді. Француз ғалымдары Клапрот, Ремюза бойынша – «ту-кюе» (тақия) – бас киім деп аталады. Қытайтанушы Бичурин ,Шмидт – «ту-кюе» сөзін монғолдың –дудига сөзімен байланыстырып - дулыға деп аударған, бірақ олар, қытай деректеріндегі «ту-кюе» түркілер емес монғолдар деп есептеді.

Н.Аристов – «ту-кюе» (терк-түріктің өз сөзі,атау содан шыққан)-дулыға деген мағына береді, керісінше ,қытайша аты ту-кюе деген тұжырымға келеді.Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Кейін түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге де тайпалар да атала бастады.

3.Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.

Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі.Қытай деректерінде карлұктардың бұлак руы Алтай тауының баурайын мекендейтіндігі хабарланады.Ал VII ғасырдағы басындағы кытайдың Таншу әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ,жікіл,ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген. Бұл деректер қарлұқ тайпасының Түрік қағанатының құрамында болғандығын,түріктер батысқа қарай жылжығанда олармен бірге аттанып, Орта Азия жерінде дейін барғандығын аңғартады.Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Арабтарға қарсы күрескенде Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен түргеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.Бұдан Қарлұқ қағанаты құрылғанға дейінгі-ақ қарлұқ тайпаларының Орталық Азия жерінде өмір сүргендігі аңғарылады. Ал Күлтегін жазуындағы Қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында да болғандығын білдіреді.Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.Қарлұқтардың Жетісуға қарай жылжудағы және бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалар одағы – қарлұқтар Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайы пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып , өздерінің мемлекетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.



23- Билет

  1. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы отарлық езгіге қарсы азаттық күрестері.

  2. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.

  3. «Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.









































Жауабы:

1.1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы отарлық езгіге қарсы азаттық күрестер.

Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдық езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жерлері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді. Өсімқорлық саудамен айналыса бастаған ақсүйектер күнкөрісінің барысы еңбекшілерге әкімшілік басқару жағынан қысымды үдетті. Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге "Уақытша Ереженің" жерді пайдаланудағы жаңа қағидалары тіпті қолайсыз еді. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине, ауқаттыларды қоспағанда) шаңырақ салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік қорғансыз жандарға тіпті ауыр еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілген салық қазақ шаруаларының басым көпшілігін ауыр жағдайға душар етті. Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек, шаруалар халінің қиын болғанына көз жеткізу қиын емес.

Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды. Қыстау мен жаздық қоныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді.Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын қамтыған қазақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.

1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылары еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланды. Қаруланған қазақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың әскермен шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы қиындап азық-түлігі және жем-шөбі таусылған олар әскери шепке қайтып кетуге мәжбүр болады.

Бұл көтерілістің сонымен қатар антифеодалдық сипаты да бар. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасады, оған жалпы саны 3 мың көтерілісші қатысты.

Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырады.

Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады. Көтерілістің жеке құрамаларына басшылық еткен сұлтан Ханғали Арсланұлы,билер Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар Рысқұлұлы, Досұлы, т.б. солқылдақтықтың салдарынан шаруалардың үмітін ақтамады. Нашар қаруланған, араларында ауызбірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске ұшырады.


2.Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.

Қазақстан аумағында палеолит кезеңі ескерткіштерінің екі түрі табылған.Бірінші түрі-бірнеше мәдени қабаттардан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар барысында зерттеуге болады.Осындай ескерткіштерге Қаратаудағы Ш.Уәлиханов есімімен аталған көпқабатты қоныс Түркістан маңындағы Қосқорған, Қарағанды облысындағы Бетпақ пен Шығыс Қазақстандағы Шульбинка жатады. Екінші түрі - ашық жер бетінде орналасқан ескерткіштер.

Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды мекенінен табылған қалыңдығы 7метр, мустье кезеңіне жататын тұрақтардың ең күрделісі.Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет қоныстанған. Қазба жұмыстары кезінде қоныстың әр түрлі қабатынан үшкіртас және құрал жасаудан қалған тас сынықтар табылған.Әсіресе, өте жақсы өңделген қырғыштар көп кездеседі.

Батпақ тұрағы: Орталық Қазақстан жерінен табылған кейінгі палеолитке жататын ең көрнекті ескерткіштердің бірі. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.Бұл жерден барлығы 300-дей тас құралдар шықты. Табылған құралдар сопақша келген қырғыштар болып табылады. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ тұрағы мустье және кейінгі палеолиттің ең көрнекті ескерткіштеріне жатады, бірнеше мәдени қабатты ескерткіштерге жатады, сол заман адамдарының өмірі, тұрмысы туралы көрнекі ақпарат бере алады.



3.«Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.

Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бір қатар заңдар шығарды. Оның «Қасым ханның қасқа жолы » деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Қасым хан Қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап, сол кездегі заманның талабына сай жаңа құқықтық заңдар шығарған. Қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып, күшті мемлекет құрды. Академик Ә. Х. Марғұланның айтуына қарағанда елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде заң туған. Бұл заңға мына ережелер енген:



  1. Мүлік заңы(жер дауы, мал-мүлік дауы);

  2. Қылмыс заңы(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);

  3. Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан,ердің құны, тұлпар ат):

  4. Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, ибалылық, әдептілік).

  5. Жұртшылық заң (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл)



24- Билет

  1. Ғұн мемлекетінің құрылымы.

  2. Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктер. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.

  3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердіңаумақтарын картаға белгілеңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет