62
Жауабы:
1.«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.
«Қазақ » сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар
мен көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір
айтыла қойған жоқ.
Дегенмен ол пікірлер мен болжамдардың кейбірі көңіл аударуға
тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «Қазақ» деген
атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазақ» сөзі «мықты», «берік»
алып мағынасын береді.
Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы 1X – X ғасырларда әлеуметтік
мағынада қолданылса, XI – XІІ ғасырларда осы аттас этникалық
әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады. XIІІ ғасырдың басында
жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб –қыпшақ» сөздігінде
«қазақ» сөзіне «еркін» , «кезбе» деген түсіндірме берілген. Бұл
аймақта «қазақ» сөзі Алтын Орда мен Египеттің арасындағ байланыс
кезінде қыпшақтардың келуіне байланысты пайда болуы мүмкін.
«Қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да
кездеседі. Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша, «қазақ» сөзі
бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді.
Сырдарияның
орта
бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың
арасындағы өзара байланыс X ғасырдан басталады. Демек, түркімен
жеріне қыпшақтардың «қазақ» болып барған кездері шамамен XI
ғасырдан басталуы мүмкін. XIІІ ғасырға дейін олардың этникалық
сипат алуы да ғажап емес.
Сонымен «Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, XIII
ғасырларға дейін бостандық сүйгіш еркін адамдар деген мағынада
қолданылып келген. Жоғарыда жазылғандай, оның мағынасы өзінің
ханына немесе қожасына риза болмай, басқа жерге ауып кетіп, өз
63
еркімен жүрген, бастары бос, ерікті адамдарды білдірген. Бұл сөз
XIV
ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастайды. Оны
Рузбиханның өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде
ең көбі, ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан байқауға
болады. Ақыр соңында Өзбек үлысынан немесе Әбілқайыр
хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ аталып жүрген
тайпаларымен бөлініп көшкенде, оларға алғаш "өзбек-қазақ" деген ат
тағылған еді. Кейіннен XV ғасырдың екінші жартысында қазақ
халқының құрылуына байланысты "қазақ" атауы біржола этникалық
сипатқа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: