Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет19/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

 

 

 

 

 

3- 

Билет 

1. 

Рулық қауымның шығуы. 

2. 

Қазақ  зиялыларының  ұлттық  өкімет  құру  жолындағы  іс-

әрекеттері  және  Алаш  қозғалысының  тарихи  мәнін 

талдаңыз. 

3. 

Қазақ  жүздерінің  (Ұлы,  Орта,  Кіші)  орналасу  аймақтарын 

картаға белгілеңіз.  


 

21 


 

 

 



Жауабы: 

1.Рулық қауымның шығуы. 

Бірлесіп  аң  аулау,жыртқыш  аңдарға  қарсы  тұру,ортақтасып  от 

жағу-адамдарды 

топтастырды. 

Адамдар 

тобы 


бірте-бірте 

туысқандардың  ұжымына-рулық  қауымға  айналды.  Бұл  шамамен 

«саналы  адамның»шығу  уақытына  сәйкес  келеді.  Әр  руда  бірнеше 

ондаған  рулас  адам  болды.  Алғашында  ұжымдағы  барлық 

жұмыстарды  аналар  атқарды.Үңгірлерді  тазалап  күтті,  тамақ 

дайындады,жеуге  қажетті  жеміс-жидектерді  терді.  Бұл  ұжымдағы 

аналардың  беделін  арттырды.  Рулық  бөлініс  те  аналардың 

үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық 

қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер,баспана,еңбек 

құралдары  бәріне  ортақ  саналды.  Барлығы  бірлесіп  орманда  аң 

аулады,  балық  ұстады,ортақ  жайылымда  мал  жайды.  Қауымның  ішкі 

жұмысын  теңдей  бөлісті.  Әйелдер  мен  балалар  жеміс-жидек  жинады, 

еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. 

Қауымның  жеке  мүшесіне  тиісті  мүлікті,  мысалы,  найзаны  кез  келгені 

пайдалана  алды.  Ру  ішіндегі  тіршілік  пен  әрекетке  қатысты 

мәселелерді  жалпы  жиналыста  шешті.  Жалпы  жиналысқа  ересек 

адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқайсысы өз 

пікірін  білдірді.  Жалпы  жиналыс  ақсақалдарды  сайлады.  Оған  рудың 

барлық  мүшелері  сыйлайтын  ең  ақылды,ер  жүрек,құрметті  адамдар 

таңдалды.  Ақсақалдар  даулы  мәселелелрді  шешті,  аң  аулайтын,  мал 

жаятын жерлерді бөліп берді. Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қорғады. 

Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелелрін бірлесіп шешті. Мұндай 

рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет