35
сенімді анимизм дейді. Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар
өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік,
бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған. Адамдар
табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі
тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған,
құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан.
Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді. Адамдардың түсінігі
бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан
оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер
әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа
жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал
орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған.Адамдардың наным-сенімі
кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның
өз құдайлары болады деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: