Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет66/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

 

20- 

Билет 

1. 

Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты. 

2. 


Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық 

тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз. 

3. 

Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз. 

 

 

         

 

 

 



Жауабы: 

1.Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты. 

XVIII ғасырдың 50-60-жылдары патшалық Ресей үкіметі Қазақстанды 

тәуелді  ете  түсу  үшін  әр  қилы  шараларды  іске  асыруға  тырысты. 

Жайық, Сібір, Орынбор казак әскерлерінің ұйымдастырылуынан Ертіс, 

Есіл  және  Жайық  бойындағы  ғасырлар  бойы  көшпенді  мал 

шаруашылығының  өрісі  болған  өңірлерге  казақтардың  көз  алартуы 

орыс-қазақ  байланыстарын  шиеленістіре  түсті.  Ресейдің  билеуші 

топтарының  көздеген  мақсаты  шұрайлы,  суы  мол  жерден  қазақтарды 

ығыстыру, біртіндеп казактарды осы аудандарға орналастыру еді. 

Петербург  билеуші  топтарының  арнайы  нұсқауларында  патша 

үкіметінің  отарлау  саясаты  ашық  жарияланды.  1756  жылы  қыркүйек 

айында  қабылданған  шешімде  Жайық  жағасына  жақын  жерде 

қазақтардың  малын  жаюға  алғаш  рет  ресми  шек  қойылды.  Ал  1757 

жылғы  желтоқсан  айының  аяғында  Кіші  жүз  ханы  Нұралыға 

тапсырылған  орыс  үкіметінің  шешімімен  қазақтарға  Жайық  өзенінен 

мал айдап өтуіне тыйым салынды. Ертіс пен Жайық жағасына мал жаю 




 

69 


 

үшін  қазақ  феодалдарының  орыс  әкімшілігіне  аманат  тапсыруы 

міндеттелді. 

 

Сөйтіп қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану 



құқығынан айырылды. Осындай ауыр жағдайға жол ашқан бір себеп  - 

ресейлік  отаршыл-  әкімшіліктің  жекелеген  қазақ  ақсүйектерінің 

арасындағы  алауыздықты  пайдаланып  керек  болған  жағдайда 

ахуалды  өршітіп  отыруы  болды.  Кіші  жүз  ханы  Нұралы  мен  Батыр 

сұлтан  арасындағы  келіспеушілік  нәтижесінде  Петербург  билеушілері 

Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерді казактарға оп-оңай 

тартып  әперді.  Ең  құнарлы  жер  орыс  помещиктері  князь  Юсупов  пен 

граф  Безбородконың  қолында  қалды.  Жайық  казактары  Еділ  мен 

Жайықтың  аралығындағы  жерге  қазақтардың  бұрынғыдай  көшіп-

қонуына  мейлінше  қарсылық  білдірді.  Олар  қазактардың  малы 

Жайықтан  Еділге  қарай  өткенде  шепті  басып,  жайпап  кетеді  дегенді 

сылтау  етті.  Патша  әкімшілігінің  Орынбор  өлкесіндегі  өкілдері  де 

қазақтардың  өз  жерін  еркінше  пайдалануына  жасанды  шек  қойылып 

отырғандығын мойындады. 

 

Алайда 1757 - 1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков 



пен А.И.Тевкелев Жайық бойында қазақтардың мал жаюға шек қойған 

үкімет  талабын  ресми  түрде  іске  асырудың  орынсыз  екенін  түсінді 

және  аманат  алу  арқылы  қазақтарға  Жайықтың  оң  жағасына  өтуіне 

рұқсат  берді.  Ал  Орынбор  губернаторы  А.Г.Давыдов  қысым 

көрсетуден таймады. 

 

Далалық және құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың жағдайы 



ауырлап  кетті,  жұт  пен  қыстың  суық  айлары  Кіші  жүз  қазақтарының 

шаруашылығы 

мен 

күнделікті 



өміріне 

бақытсыздық 

әкелді.Қазақстанның  солтүстік-шығыс  аудандарындағы  қазақтардың 

жағдайы  да  ауырлады.  Ертістің  оң  жағасындағы  шұрайлы  жерді  Сібір 

губерниялық  басқармасының  қолдауымен  өздеріне  қаратып  алған 

бекініс  коменданттары әр түрлі айламен Орта жүз феодалдарын бір-

біріне қарсы қойып, құнарлы, суы мол жерге казақтардың мал жаюына 

қарсылық  білдіріп  отырды.  Ресей  бекіністерінен  алғашында  10 

шақырым кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына 

тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша 

пайдалануға тырысты. 

Орыс-казактардың  санын  көбейту  үшін  осы  өңірге  Ресейдің  әр 

түкпірінен  қылмыскерлерді,  жерсіз  шаруаларды,  тіпті  алыстағы 

Доннан, 


Башқұрт 

жерінен 


1760 

жылы 


казактарды 

әкеліп 


қоныстандырды.  Тек  1799  жылғы  қараша  айында  император  I 

Павелдің  жарлығына  сай  Орта  жүз  қазақтарына  45  000  отбасын  өз 

иеліктеріне  -  Ертістің  оң  жағасына  қайтадан  қоныстандыруға  және 

олардың мал жаюына рұқсат етілді. 

Сонымен  XVIII  ғасырдың  орта  шеніндегі  Қазақстанның  саяси-

экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша 




 

70 


 

үкіметінің 

отарлау 

саясатына 

қарамастан 

қазақ-орыс 

сауда 

байланыстары  дамыды.  Қазақстанның  шет  елдермен  қатынастары 



өзара тиімді жағдайда өркендеді. Алайда патша үкіметінің қазақтардың 

өз  жерін  пайдалануына  шек  қоюы  орыс-казак  шаруаларын 

қоныстандыра  бастауы  олардың  жерін  басып  алу  шараларының 

бастамасы болатын. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет