Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Х. Дулати атындағы



Pdf көрінісі
бет31/126
Дата03.03.2022
өлшемі1,65 Mb.
#134135
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126
Байланысты:
Aubakirov Et jane Et onimderi
stud.kz 12320, 33 сабақ «Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның үзіліссіздігі», 35 сабақ «Туындыны табу ережелері», Wild & Endangered Animals in Kazakhstan, osh sor aza-tili 11 ogn, 20181203-world-mapгегорафия, статистика 4 такырып
Ұшаны мүшелеп бөлу

Мақсаты –
жарты ұшаны жеке мүшелерге бөлшектеп, 
келесі ет сылу операциясын жеңілдету. Етті сүйектен сылу жекеше әдіспен, яғни, 
әрбір жұмысшы ұшаның белгілі бір бөлігін өңдейді, жүргізіледі. Бұл әдіс еңбек 
өнімділігін арттырып, еттің сапасын жақсартады. 
Сиыр етін шұжық өндірісінде құрама әдіспен мүшелейді: сиыр етінің жарты 
ұшасын 7 бөлшекке бөледі. Бұл аспалы жолда іске асырылады. 
ҒЗИ ұсынған құрама нұсқамен мүшелеу дұрыс, мұнда ең бағалы бөлшектер 
(төстік, сан ет, бел, арқа) сатуға немесе дүмбіл мен бөлшектеп оралған ет өндіруге 
жіберіледі.
Шошқаның ұшаларын бөлгенде шикізаттың ары қарай қолданылуын ескеру 
қажет, өйткені оның көп мүшелері тұздалған бұйымдар өндіруге жіберіледі. 
Стандартты нұсқа бойынша шошқа жарты ұшаларын алдын ала үш бөлікке бөледі 

алдынғы,
орта, артқы. Алдыңғы бөліктен 

мойынды, жаурын етті, аяқты, 
жаурынды бөледі. Орта бөлікті қабырғаларға, төстікке бөледі. Төстіктен қарын 
етін бөліп алады. Артқы бөліктен сан етті, жамбасты, артқы сирақты бөліп алады. 
Бұл нұсқа бойынша тұздалған өнімдерге
ұшаның 75 % жұмсалады.
Сирақтарды, жамбасты, омыртқаларды, таза етті, қыртыс майды, ет 
кесінділерді шұжық, дүмбілез өндірісіне жіберіледі. Майлы шошқа етін түгелдей 
шұжық өндірісіне жібереді. Шошқа етін конвейерде немесе аспалы жолда 
бөлшектейді.
Қой ұшаларын алдыңғы, артқы 

екі бөлікке бөледі. Саны мен қолын әдетте 


39 
сатуға жібереді. Жылқы етін ұлттық өнімдер шығару үшін мүшелейді: жал, қазы, 
жая, сан ет, қол, мойын, төстік.
Етті сылу. 
Етті сүйектен сылу жекеше әдіспен іске асырылады. Кейбір 
шағын кәсіпорындарда ұшалап етті сылу қолданылады, яғни бір жұмысшы бір 
ұшаны толығымен өңдейді.
Етті сылу таза, мұқият болу керек 

тек құрылысы күрделі (омыртқа) 
сүйектерде ғана сәл қызғылттық қалдыруға болады. Ет сылу тұрақты және 
конвейерлі үстелдерде жүргізіледі.
Етті босқа тасымалдамау үшін ет сылу мен сіңір
-
шеміршектен айыру қоса 
жүргізіледі 

ет сылушы бір үстелде бір
-
екі айырушымен бірге істейді.
Қауіпсіздік үшін ет сылушылар қысқа тор көзді алжапқыш, арнаулы 
қолғаптармен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет