2.3. Майдың липазамен гидролизі Майлардың негізгі массасы ұйқы безінің ферменті
-
липазамен
қорытылады. Гидролиз кезінде майлар глицерин және жоғарғы май
қышқылдарына ыдырайды. Гидролиз барысы туралы сілтімен титрлеуге
болатын май қышқылдарының жиналуы бойынша жорамалдайды.
Жұмыс барысы: Липазамен гидролизді сүтте бақылаған ыңғайлы, себебі
сүттегі май тұрақты эмульсия ретінде орналасады. Сүтте бос май қышқылдары
бар, оларды алдын
-
ала улы натрий ерітіндісімен бейтараптандырады. 50 мл
-
лік
конус тәрізді колбаға 5 мл балғын сүт, 10 тамшы 1%
-
дық фенофталеиннің
спирттік ерітіндісін құяды да, бос май қышқылдарын сілтінің 0,2 моль/л
ерітіндісімен ақшыл
-
қызғылт түс пайда болғанға дейін бейтараптандырады.
Колбаға 10 мг
-
нан панкреатин (қандауыр ұшында) қосады, араластырады. 10
минуттан кейін түзілген май қышқылдарын сілтінің 0,2 моль/л ерітіндісімен
титрлейді. Майдың ыдырау үдерісін бір сағат ішінде бақылайды, оның
нәтижелерін әрбір 10 минут сайын жазып отырады.
Қисық сызықты салады: абцисса осі бойынша уақытын, ординаталар осі
бойынша
-
осы уақыт аралығында титрлеуге кеткен сілті көлемін жазады.