23
жұмыстары басталар алдында компрессорға қасылған пистолет инесі арқылы
0,3-
0,4 МПа қысымды ауа тері астына жіберіледі.
Жиегінен шелдеу (забеловка) терінің қиын ажыратылатын жерлерін қолдан
іреп шығару болып табылады. Оларға: теріні басынан, алдыңғы және артқы
аяқтарынан, құйрығынан ажырату, қарынның ақ сызығынан кесіп шығару, іші
мен кеуде тұсының бір бөлігінен ажырату, жамбас жауырын мен мойныннан
ажырату жатады. Шелдеуді тері асты клетчаткасы арқылы ғана май қабаттары
мен теріге зақымын тигізбей жүргізу қажет. Қолмен шелдеу аумағының жалпы
көлемі 20
-
25% құрайды.
Теріні механикалық әдіспен ажырату барысында терінің жыртылып кетуі
мен еттің теріге жабысып кетуіне жол бермеу қажет. Теріні механикалық
әдіспен ажырату үшін шелденген тері барабанға оратылып айналдырылады.
Бұдан кейін ұшадан ағзаның ішкі бөліктерін ажырату жұмыстары (нутровка)
жүргізіледі. Ішкі мүшелерді ажырату сойылған малға 45 минут өткенге дейін
жүргізеді. Асқазан мүшелерін ішіндегі қалдықтардан тазартқан соң субөнім
цехына, ал ішектерді
-
ішек цехына жібереді.
Ішкі мүшелерін алғаннан кейін ұшаны жұлынға зақым келтірмей омыртқа
бойымен ұзына бойы екі бөлікке кеседі.
Құрғақ туалет
деп ұшаны қалып қойған ішкі ағза мүшелерінен, артық
майлардан, кесінділер мен ласты заттардан сүртіп тазалау жұмыстарын айтады.
Сулы туалет
деп ұшаны температурасы 35
-
40°С сумен жуу жұмыстары
айтылады.
Бұл егер ұшаның ластануы құрғақ сүртуден тазаланбаған жағдайда
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: