Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


БЕЛСЕНДІ СТРАТЕГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІН



Pdf көрінісі
бет35/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

 БЕЛСЕНДІ СТРАТЕГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІН 
МЕҢГЕРТУ 
 
Бердіғалиева Р.Ж.,
 
Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының  
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
ХХІ ғасыр білекке емес – білімге, күшке емес  – епке тоқтаған заман. Келешек ұрпақтың 
сұранысын қанағаттандыратын бүгінгі жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы 
да  –  «білген  аз,  сол  білгеніңді  іске  қолдана  білу»  дегенге  саяды.  Сол  себепті  де  қазіргі  таңда 
оқушыға қандай  білім  беремін  деп  емес, оқушы  алған  білімін өмірде  жүзеге асыра ала  ма  деп 
ойлану керек сияқты. Күн сайын күрделеніп, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп 
жатқан әлемде білімді болу жеткіліксіз. Сондықтан қоғамымызға проблемаларды шеше алатын, 
шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және топтарда 
да,  жеке  де  тиімді  жұмыс  істейтін  икемді,  креативті  және  бастамашылық  қабілеті  бар  жастар 
өсіруіміз қажет. 
Ол үшін не істеуіміз керек? Қоғам дамыған сайын оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері де артып, 
жаңа технология тәжірибемізге көптеп енгізілуде. Жаңа технологияны күнделікті сабаққа енгізе 
салу  үлкен  қателік  болып  саналады.  Кез-келген  жаңалықты  іс-тәжірибеден  өткізбей  тұрып, 
бірден  пайдаланамын  деу  –сапаның  төмендеуіне  әкеп  соқтырады.  Жаңа  технологияны  енгізу 
үшін  сыныптың  жас  ерекшелігін,  қабылдау  деңгейін,  жаңалықты  меңгере  алуын,  икемделуін, 
белсенділігін, қызығушылығын, жеке ерекшеліктерін ескерген жөн.  
Мұғалім  сабақты  бастамас  бұрын  сыныпта  ынтымақтастық  ахуалдың  орнауына 
ықпалдасып,  сабақтың  қызықты  әрі  нәтижелі  өтуіне  жағдай  жасау  керек.    Профессор 
С.Мақпырұлы  «Қазіргі  шәкірт  те  күрделі  бір  музыкалық  аспап  секілді.  Құлақ  күйін  бабымен 
келтіре алмасаң, домбыра дұрыс тартыла ма? Өзің аңсаған үнді ести аласың ба? Оқушы да сол 
секілді.  Оның  да  құлақ  күйін  келтіріп  алу  керек,  яғни  сабаққа  алдын  ала  психологиялық 
тұрғыдан даярлап, тақырыпқа қызықтырып, шығармашылық-танымдық белсенді әрекетке тарта 
білу қажет», -дейді. Әр сабақта шәкірттерімнің қуанған, нұрланған жүзін көрсем, аңсаған қоңыр 
үнін  естісем  деймін.  Осы  тұрғыда  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерге  негізделген 
ынтымақтастық ахуалды орнатуға арналған «Шаттық шеңбері», «Жылы лебіз»,т.б. тренингтерді 
пайдалану нәтиже береді, оқушыны шаттандырып, жұмыс жасауға деген қабілетін оятады.  
Қазақ  тілі  пәні  мұғалімі  ретінде  оқушыларды  топтық  жұмысқа  ұйымдастыру  арқылы 
сапалы  оқудың  бұдан  әрі  қалай  жүретінін  меңгертіп  қана  қоймай,  сабақта  қолдана  отырып, 
оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты 
ұйымдастырып, көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында 
оқушыларға  қойылатын  жаңа  талаптар  жөніндегі  түсінік  қалыптастырып,  алдымда  отырған 
оқушыларды  табысты  жұмыс  істеуге  дайындау  және  өмірлік  жағдайларда  олардың 
бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді 


23 
 
насихаттаймын. Бұл оқушының жалаң білім алып қана қоймай, тілдік қорының молайып, сөзін 
шешендік  тұрғыда  шебер  жеткізуіне  ықпал  етеді.  Топта  жұмыс  барысында  сөздік  қоры  мол 
оқушы  өз  тобының  мүшесін  үнемі  алға  сүйреп,  ілгерілендіріп  отырады.  Оқушы  да  компьютер 
сияқты, оның жадына не салсаң, соны сақтай береді. Сондықтан  «Қоқыс жәшігі» әдісі арқылы 
әдебиеттен  өткен  сабақта  оқушылар  өз  бойындағы  жағымды  мінез  -  құлықтарын  смайликті 
қорапқа,  жағымсыз  жақтарын  «қоқыс  жәшігіне»  салу  арқылы  өз-өздеріне  сыни  тұрғыда  баға 
беруге  дағдыланды.  Бұл  оқушының  шамына  тимей,  өз  бойындағы  жағымсыз  қасиеттерден 
жиреніп, жақсылыққа талпынуға шақыратын тәсіл. Зейінді шоғырландыруға арналған  «Суретті 
салыстырамыз»  жаттығуы  арқылы  кез  келген  нәрсеге  аса  зейін  қойып  қарау  керектігін  білуге 
болады.  «Сонымен  қатар  «Джигсо»  әдісін  пайдаланудың  көп  көмегі  бар,  мұнда  біріншіден, 
барлық  оқушы  тақырыптың  қай  тұсын  әңгімелеп  жатқанын  аңғару  арқылы  бір-бірін  тыңдауға 
дағыдыланса,  екінішіден,  ойын  құрмалас  сөйлемдер  арқылы  көркем  жеткізуге  үйренеді, 
үшіншіден,  бір  айтылған  оқиға  желісі  әр  оқушы  аузынан  қайталанбай,  мәтінді  түгел  талдап 
шығуға  мүмкіндік  туады.  Осы  тұста  оқушы  екі  жақты  ойлануға  мүмкіндік  алады,  біріншіден, 
мәтін  мазмұнын  әңгімелесе,  екіншіден,  өз  ойын  алдыңғы  оқушыдан  да  көркем  жеткізуде 
талпынып,  сөздік  қорын  молайта  түседі.  «Қарлы  кесек»  стратегиясы  да  оқушылардың 
тақырыпты терең талдауына жағдай туғызатын тәсіл деп атауға болады, себебі оқушы сұрақтың 
өзге оқушы үшін қиынырақ болғанын қалайтыны белгілі,  ендеше, ол осы тәсілді қолдану үшін 
тақырыпты  тереңірек  зерттеп  және  дайындаған  сұрақтарын  түрлендіріп  келеді,  сонымен  қоса 
оқушы бойында бәсекелестік сезімі артады деген сөз. Әдебиет сабағында «Қос жазба күнделігін» 
пайдалану оқушының өзіндік көзқарасының қалаптасуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Себебі 
оқушы  дәптер  бетін  екіге  бөліп,  сол  жағына  өзінің  назарын  аударған  немесе  ерекше 
толғандырған  үзінділерді  жазса,  оң  жағына  яғни    «түсіндірме»  жағына  сол  жақта  көтерілген 
мәселелердің  түсіндірмесін  жазады,  бұл  оқушының  тақырып  туралы  өзіндік  пікірінің 
қалаптасуына  оң  ықпал  етіп,  эссе  жазуға  дайындалуына  әсер  етеді.  Бұл  тәсілді  10  «А» 
сыныбында  әдебиет  сабағында  «Еңлік-Кебек»  дастанын  өткенде  пайдаландым.  Нәтижесінде 
оқушылар  «түсіндірме»  жағында  қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  арқылы  имандылыққа, 
адамилыққа шақыратын ой тудыра алды. Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау үшін 
жазылатын  эссені  жазуда  бұл  тәсілдің  көп  көмегі  бар,  себебі  оқушы  тақырып  көлемінде  ғана 
ойланбай, оны екі жақты зерттеу арқылы есінде сақтай алады. 
Жаңа  технологияларды  пайдалану  барысында  байқап  жүргендеріңіздей,  оқытудың  жаңа 
әдістерін іс-тәжірибеге енгізу нәтижесі оқушылар бойында мынадай қасиеттерді қалыптастыруға 
болатынын байқатып жүр: 
-  әрбір  оқушы  өзінің  жеке  ойымен,  өмірге  деген  көзқарасымен  және  ойлау  қабілетімен 
ерекшеленеді; бір-бірінің пікірлерін қабылдауға үйренеді; 
-ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді, өзіне белгіліні пайдалана алады; 
-өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі; 
-білімді  өз  бетімен  алуға  деген  ынтасы,  шығармашылық  жұмыстарға  қабілеті,  танымдық 
белсенділігі артады.  
-білім дәрежесі деңгейін саралау, өзіндік талдау, бағалауының деңгейі қалыптасады; 
-бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуге дағдыланады. 
Оқушылардың оқу материалын немесе тақырыпты белгілі бір тапсырмаларды орындау, яғни 
әрекет  арқылы  игеретіндігі  белгілі.  Жалпы  «Оқушыларға  ұсынылатын  іс-әрекет  немесе  тапсырма 
қандай болуы керек?» деген сұрақ бәрімізді алаңдатуы тиіс. Әрине, ол жерде мұғалімнің шеберлігі 
керек-ақ, оның үстіне тапсырманың бәрі оқу мақсатына негізделетінін ұмытпағанымыз абзал. Бұл - 
басты  мәселе.  Алдағы  уақытта  мұғалімдер  тек  оқу  мақсаттарымен  жұмыс  істейтін  болады. 
Жасыратыны  жоқ,  көп  сабақтарда  тапсырманы  оқушыларға  олардың  бос  отырмауы  немесе 
тапсырманың  қызықтылығы  үшін,  кейде  тіпті  іс-тәжірибесінің,  әдіс-тәсілдерінің  көп  екендігін 
көрсету  үшін  беретін  секілді.  Алайда  басты  мәселе  –  оқу  мақсаты  екенін  ұмытпауымыз  керек. 
Сондықтан  да  сабақтағы  барлық  тапсырма,  қолданған  әдіс-тәсілдер  тек  оқу  мақсаты  мен  сабақ 
мақсатын ашуға, соған жетуге бағытталуы тиіс. Айталық, оқу мақсаты оқылым болса, тапсырмалар 
жазылымға негізделмейді. Осыны мұғалімдер сабақтарында ескеру керек. 
Сабақтың  құрылымы  схема  түрінде  көрсетсек,  былай  болуы  керек:  «Оқу  мақсаты 
оқушылардың деңгейіне орайластырылған сабақ мақсаты →сабақ мақсатына жетелейтін бағалау 
критерийлері→  бағалау  критерийлерінен  шығатын  тапсырмалар  немесе  ұсынылатын  іс-
әрекеттер  →  тапсырманы  орындауға  қажетті  ресурстар».  Тапсырманы жоспарлап,  оқушыларға 
ұсыну үшін алдымен мына мәселелерге назар аудару қажет: 


24 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет