Бәрі: Әдеби шығармадан көркемдегіш құралдарды тауып,
кейіпкерлердің бейнесін аша алады;
Көпшілігі: Әңгімедегі кейіпкерлердің ерекшеліктерін көрсететін
үзіндідегі бейнелеу құралдарының маңызын ашады;
Кейбірі: Үзіндідегі кейіпкерлердің сыртқы портретімен қатар, мінез-
құлқын, көңіл күйін, дүниеге көзқарасын талқылайды, өзіндік
тұжырым жасайды.
Бағалау критерийлері:
-Көркем шығармадағы кейіпкерлер образын аша алады;
-Шығармадағы тілдік бейнелеу құралдарының мағынасын
анықтайды.
Тілдік мақсаттар:
-Бейнелеу, суреттеу құралдарын пайдалана алады:
-Өз ойларын жеткізе алады, сұраққа жауап бере алады.
Әңгімеге қатысты терминдер: ринг, бокс, нокаут, репортер,
гонг,секундант, төреші, раунд
Құндылықтарды дарыту
-Елге деген азаматтық борышты, патриоттық сезімді түсіну;
-Адам бойындағы адами құндылықтарды ұғыну;
- Өзін ортада ұстау мәдениетін білу;