Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
Дата19.01.2020
өлшемі418,88 Kb.
#56143
Байланысты:
file436


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН  

ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 

2015 

 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

  

А.Қ. Тусупова, ф. ғ. к. 

Г.Қ. Бакенова, меңгеруші 

Ж.А. Мухиденова, әдіскер 

 

 



 

 

  Балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  заттық-дамытушы  ортаны 



ұйымдастыру бойынша  әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2015. –  15 бет. 

 

 



 

Әдістемелік  ұсынымда  Жалпы  білім  беретін  типтік  бағдарламаға  сәйкес  әр  баланың 

жеке  және  жас  ерекшеліктерін,  олардың  қызығушылықтарын,  қабілеттері  мен 

бейімділіктерін  ескере  отырып,  ерте  жастағы  балаларға  арналған  заттық-дамытушы  орта 

бойынша материалдар ұсынылған.  

Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен ата-аналарға арналған.  

 

Балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  заттық-дамытушы  ортаны  ұйымдастыру 



бойынша  әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық 

орталығының  (№3  хаттама  2015  жыл  10  маусым)  Ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  каралды 

және ұсынылды. 

 

 



 

 

 



 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

                                                    республикалық орталығы, 2015

  


 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

Мектепке  дейінгі 

ұйымдардың  маңызды  міндеті 

әр 

баланың 


шығармашылық  қызметін  қамтамасыз  етуге,  балаға  өзін  толық  жетілдіруге 

және  өзінің  белсенділігін  көрсетуге,  балалармен  дамытушы  ортаны 

ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және 

педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.  

Бүгінгі  күні  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  дамытушы  ортаны  құру  арқылы 

балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  отандық  педагогика  және  психологияның 

бай тәжірбиесі жинақталған: мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін 

дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру; ересектер 

мен  балалар  үшін  ең  қолайлы  ортаны  құру  мақсатында  мектепке  дейінгі 

ұйымның  ішкі  архитектуралы-жоспарлық  шешімін  қалыптастыру;  мектепке 

дейінгі  ұйымдарда  дамытушы  ортаны  құру  қағидаты  негізінде  педагогикалық 

үдерісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.  

Ерте  жастағы  балаларды  дамытуда  заттық-дамытушы  орта  маңызды 

фактор болып табылады. Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, 

қанық  әсермен  қабылдайтындай  жағдай  жасау  қажет.  Ерте  жастағы  балалар 

тобында  заттық-дамытушы  ортаны  құру  баланың  толыққанды  дамуы  үшін, 

жетекші  іс-әрекет  түрлерін  іске  асыру  үшін  қажетті  жағдай  болып  табылады: 

танымдық және нәтижелі іс-әрекет, заттық және сюжетті-бейнелі ойындар. Ерте 

жастағы  балалардың  дамуына  нормативтік  құқықтық  құжаттар  және  заттық-

кеңістіктік дамытушы орта зор мәнге ие.  

Бала  –  ұлы  еліктегіш,  толыққанды  адам,  өзінің  дербестігінде  бірегей, 

әуесқой зерттеуші, қоршаған әлемді өзі үшін таңдана және қуанышпен ашушы, 

әртүрлі  белсенді  іс-әрекет  түрлері  үшін  оған  берілгендердің  барлығын 

пайдалануға ұмтылушы.  

Педагогтың мақсаты – әр балаға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру. 

Өз тобының табалдырығын аттаған және тәрбиешінің қолынан сенімді ұстаған 

әрбір  бала  әлемге  ашылып  өзінің  әсем  дарындылығымен  ересектерді  таң 

қалдыратын сиқырлы сандық сияқты.    

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагог  қызметкерлердің  міндеті  -

балалардың  шығармашылық  қабілетін  шыңдау,  өнер  тілі  мен  әлемнің 

көркемдігін  жаңғырту  тәсілдерін  тану,  еркін  таңдауда  танымдық-эстетикалық 

және  мәдени-коммуникативтік  қажеттіліктерін  іске  асыру,  заттық-кеңістіктік 

дамытушы  ортаны  модельдей  алу  шеберлігінен  құралады.  Заттық  ортаны 

модельдеу  балалардың  өзара  білім  алмасулары,  бірлесулері,  өзара  қарым-

қатынастары үшін жағдай жасайды. Осы себепті,  баланың жан-жақты дамуына 

өзінің  мазмұны  және  қасиеттері  арқылы  әсер  ететін  дамытушы  ортаның 

ерекшеліктерін  ұғыну  бүгінде  маңызды  міндет  болып  табылады.  Дамыту 

ортасы бала топта өзін және өзінің өмірін құрып, өзінің қуанышы мен уайымын 

өзгелермен  бөлісе  алатындай,    балалар  мен  ересектердің  өзара  әрекетінде  өң 

және  дәнекер  ретінде  қызмет  етуі  тиіс.  Бұл  орта  бала  қуанып  бара  алатындай 

және мейлінше ұзақ қала алатындай екінші үйі сияқты болуы керек. Топта әрбір 


 

бала  өзге  тұлғалардың  арасында  өзін  жеке  тұлға  ретінде  сезіне  алатындай, 



өзінің  жеке  мүмкіндігін  іске  асыра  алатындай,  өзін  жайлы  сезінетіндей 

қоршаған кеңістікті құрастыру қажет.  



 

Мақсаты:  балалардың  ерте  жастан  психофизиологиялық  мүмкіндіктерін 

жағымды дамытуға мүмкіндік беретін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру. 



 

Міндеттері: 

-    балаларды  жан-жақты    және  үйлесімді  ерте  жастан  дамыту  үшін 

жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастығы; 

-  балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  заттық-дамытушы  ортаны 

ұйымдастырудың  педагогикалық  барысын  формалармен  және  әдістермен 

жетілдіру; 

-  аталған  бағыт  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыруда  түрлі  үлгілерді 

жасауға мүмкіндік беру, педагогтардың шығармашылық әл-ауқатын жетілдіру. 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ 



ЖАЛПЫ ДАМУЫНДА ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОРТАНЫ ҚҰРУДЫ 

ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 

Мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  басты  мақсаты  балаларда 

эмоционалдық жайлылық пен психологиялық қорғаныс сезімдерін ояту болып 

табылады. Балабақшада балаға өзін жақсы көретіндігін және қайталанбас жеке 

тұлға  екендігін  сезінуі  маңызды.  Сондықтан,  тәрбие  үдерісі  жүретін  орта 

қажетті және маңызды болып табылады.  

Білім  беру  ортасы  ұғымы  –  психологиялық  және  педагогикалық 

ұғымдардың қалыптасуы үшін қазіргі таңда маңызды  ұғымдардың бірі ретінде  

белсенді  түрде  дамытылуда.  Осы  жерде  психологтармен  айқындалған 

қанағаттану  мен  дамудың  негізгі  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктері  аса 

маңызды:  физиологиялық  қажеттіліктер;  қауіпсіздіктегі  қажеттіліктер;  топтық 

нормалар мен идеалдарды меңгерудегі қажеттіліктер және т.б. 

Тәрбиелеу  үдерісі  екі  бағыт  бойынша  жүзеге  асырылады.  Бірінші  

жағынан,  тәрбиеші  балалардың  оны  қоршаған  (балабақшадағы,  отбасындағы) 

адамдар  туралы  түсінігін  байытады,  олардың  іс-әрекеттерін,  сезімін  түсінуге, 

оларға эмоционалдық ықыластылығын білдіруге көмектеседі. Екінші жағынан, 

тәрбиеші  балаға  өз  сезімдері  мен  уайымын  ұғынуға  көмектеседі,  бала  өзінің 

әлеміне енуі үшін өзіндік тәжірибеге ие болады.  

Баланың  дамуындағы  қажетті  жағдай  оның  психологиялық  жай-күйі  ғана 

емес,  сондай-ақ  оның  физикалық  дамуы  мен  денсаулығының  нығаюы  болып 

табылады.  Ол  үшін  топтың  заттық-дамытушы  ортасы  балаларға  ойнау  және 

жеке 


қосалқы 

топтармен 

сабақ 

өту 


мүмкіндіктерінің 

есебімен 

ұйымдастырылады, ал құралдар мен ойыншықтар балалардың еркін қозғалуына 

кедергі жасамауы тиіс.  

Тәрбиешінің міндеті – балаларға қолайлы жағдай жасау,  ұтымды қозғалыс 

тәртібін  ұйымдастыру,  әртүрлі  белсенді  іс-әрекеттер  мен  демалыстың  жүйелі 

алмасуымен баланың жалығуының алдын алу.  

Мектепке  дейінгі  білім  беру  деңгейін  жаңарту  педагогтың  балалармен 

жеке тұлғаға бағдарланған өзара әрекеттерге өтуін, педагогикалық үдерістердің 

дараландыруын  қамтамасыз  ететін  оның  вариативтілігін  қарастырады.  Әрбір 

баланың қайталанбастығы мен бірегейлігін ескеру, оның жеке қызығушылығы 

мен қажеттіліктеріне қолдау көрсету педагогтарға тәрбиелеу мен оқытуда жеке 

әдісті  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Оның  шарттарының  бірі  мектепке 

дейінгі ұйымдарда дамытушы кеңістікті құру болып табылады.  

Мәселенің  ғылыми-әдістемелік  деңгейдегі  өзектілігі  мектепке  дейінгі 

ұйымдардың  ерте  жастағы  балаларды  дамыту  үдерісін  оңтайлы  қамтамасыз 

ететін  заттық-дамытушы  ортаны  құру  моделін  іздеу,  дайындау  және  меңгеру 

қажеттілігінен  туындайды.  Мәселеге  қатысты  зерттелген  әдебиеттер  талдауы 

ерте  жастағы  балалардың  балабақшада  өмірін  ұйымдастыру  мәселесімен      

Н.М.  Аксарина,  Л.Н.  Павлова,  К.Л.  Печора,  Э.Л.  Фрухт  және  басқалары 



 

айналысқанын  көрсетті.  Ерте  жастағы  балаларды  дамытудың  психологиялық-



педагогикалық  ерекшеліктерін  Л.С.  Выготский,  М.П.  Денисова,  Л.Т.  Журба, 

А.В.  Запорожец,  М.И.  Лисина,  Е.М.  Мастюкова,  С.Ю.Мещерякова,                      

В.С.  Мухина,  Ж.  Пиаже,  Н.М.  Щелованов,  Д.Б.  Эльконин  және  басқалары 

зерттеген.  

Балабақшада  заттық-дамытушы  ортаны  ұйымдастыру  мәселесі  бірқатар 

белгілі  психологтар  мен  педагогтармен  дайындалды  (О.В.  Артамонова,          

Т.Н. Доронова, Л.М. Кларина, В.И. Логинова, С.Л. Новоселова, Г.Н. Пантелеев, 

Л.Н.  Пантелеева,  Л.А.  Парамонова,  В.А.  Петровский,  Л.А.  Смывина,              

Л.П. Стрелкова). 

Жүргізілген талдау төмендегілер арасындағы қарама-қайшылықтарды атап 

көрсетуге мүмкіндік береді:  

1. Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  заттық-дамытушы  ортаның  бала 

тұлғасының  дамуына  әсер  ету  маңыздылығы  мен  мәселенің  әдістемелік 

әдебиетте жеткілікті қарастырылмағандығы;  

2.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерте  жастағы  балаларды  дамыту  үдерісін 

оңтайлы  қамтамасыз  ететін  заттық-дамытушы  ортаны  құру  моделін  іздеу, 

дайындау және меңгеру қажеттілігі мен тиісті әдістеменің болмауы.  

Айқындалған  мәселенің  өзектілігі  мен  көрсетілген  қарама-қайшылықтар 

«Ерте  жастағы  балалар  үшін  заттық-дамытушы  ортаны  ұйымдастыру»  атты 

біздің әдістемелік ұсыныстар тақырыбын анықтады.  

Заттық-дамытушы орта – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға 

міндетті  үлгілік  бағдарламасының  талаптарына  сай  баланың  рухани  және 

физикалық  бейнесінің  дамуын  функционалдылығын  модельдейтін  бала  іс-

әрекетінің материалдық объектілері мен құралдарының жүйесі.  

Заттық-дамытушы  ортаны  құру  кезінде  келесідей  қағидаттарды 

басшылыққа алу қажет:  

ортаның  жартылай  функционалдылығы:  заттық-дамытушы  орта 



көптеген  мүмкіндіктерді  ашып,  тәрбиелеу-білім  беру  үдерісінің  барлық 

құраушыларын  қамтамасыз  етуі  тиіс,  осы  мағынада  көпфункционалды  болуы 

тиіс; 

ортаның жартылай функционалдылығымен байланысты оның түрленуі 



–  бұл  жағдай  бойынша  бірінші  орынға  кеңістіктің  қандай  да  бір  функциясын 

шығаруға  (белгілі  бір  кеңістікке  функцияны  бекітетін  монофункционалды 

зоналауға қарағанда) мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;  

вариативтілік,  заманауи  білім  беру  үдерісінің  сипатына  педагог-



практиктермен  дайындалатын  ортаның  нақты  нұсқалары,  түптұлға  ретінде 

мектепке  дейінгі  ұйымдардың  түрлері  үшін  модельдік  нұсқаларды 

нақтылайтын заттық-дамытушы ортаның шекті (өзекті) жобасы ұсынылуы тиіс.  


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТУҒАННАН БАСТАП 3 ЖАСҚА 



ДЕЙІНГІ (ЕРТЕ ЖАСТЫҢ БІРІНШІ ТОБЫ, ЕРТЕ ЖАСТЫҢ ЕКІНШІ ТОБЫ) 

ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАТТЫҚ-

ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҚҰРУ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 

         Баланың  дамуы  педагогпен  ұйымдастырылатын  оның  ересектермен  және 

қатарластарымен  әртүрлі  нысандағы  қарым-қатынасының  мазмұнды  іс-

әрекетінде  жүзеге  асатындығы  мәлім.  Ол  үшін  баланың  айналасында  арнайы 

педагогикалық  орта  құрылады.  Осы  ортада  мектеп  жасына  дейінгі  баланың 

өзіндік  физикалық  функциясы  дамиды,  сенсорлық  дағдылары  қалыптасады, 

өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен 

салыстыруға  үйретеді,  ересектермен,  қатарластарымен  өзара  эмоционалдық-

практикалық тәжірибеге ие болады, өзіндік тәжірибеде білім алады.  Мектепке 

дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта (топта)  әр балаға 

тұлғаның  қандай  да  бір  қасиетін  иеленуге,  жан-жақты  дамуына  теңдей 

мүмкіндік береді. Алайда, барлық орта дамушы орта бола бермейді. Білім беру 

ұйымдарындағы балалар үшін ұйымдастырылған кеңістік жеке шығармашылық 

қабілеттерін көрсетуге кедергі, не олардың дамуына  ынта бола алады. Топтық 

кеңістікте  заттық  ортаны  ұйымдастыру  кезінде  педагогтарға  әрбір  баланың 

тұлғалық  негізгі  сипаттарының  қалыптасуына,  оның  қызығушылықтары  мен 

қабілеттіліктерінің  дамуына  көмектесетін  барлық  жағдайды  ескеруі  тиіс. 

Заттық-дамытушы  орта  тәрбиеленушілердің  жас  ерекшеліктеріне,  оқу  кезеңі 

және  педагогтармен  іске  асырылатын  бағдарламаға  байланысты  өзгеру 

керектігін естен шығармау қажет. 



Заттық-дамытушы  ортаны  құрған  жағдайда  келесі  ережелерді  есте 

сақтау қажет:  

1. 


Орта  білім  беру,  дамытушы,  тәрбиелеуші,  ынталандырушы, 

ұйымдастырушы,  коммуникативтік  функциясын  атқаруы  тиіс.  Заттық-

дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі 

қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс; 

2.  Кеңістікті  икемді  және  вариативті  қолдану  қажет.  Орта  баланың 

қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;  

3.  Заттардың  формасы  мен  дизайны  балалардың  қауіпсіздігіне  және 

жасына бағдарлануы тиіс; 

4. Декор элементтері оңай ауысуы тиіс;  

5.  Әрбір  топта  балалардың  эксперименттік  іс-әрекеттеріне  арналған 

орынды қарастыруы қажет;  

6.  Топтық  кеңістікте  заттық  ортаны  ұйымдастыра  отырып,  психикалық 

даму 

заңдылықтарын, 



олардың 

денсаулық 

көрсеткіштерін, 

психофизиологиялық  және  коммуникативтік  ерекшеліктерін,  жалпы  және 



 

сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар, эмоционалдық-қажеттілік саласының 



көрсеткіштерін ескеру қажет;  

7. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;  

8. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін 

ескеру қажет;  

9.  Топтың  заттық-дамытушы  ортасы  балалардың  жас  ерекшеліктерін,  оқу 

кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс. 

 

Балалардың  өз  бетімен  іс-әрекетін  дұрыс  ұйымдастыру  үшін 

төмендегілердің  болуын  қарастыратын  дамытушы-заттық  ортаны  құру 

қажет.  

• ойын зонасы; 

• оқшаулану зонасы; 

• заманауи ойыншықтар; 

• дамытушы ойындар; 

• дидактикалық және көрнекі материалдар; 

• өнімді іс-әрекеттерге арналған материал; 

• шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар; 

• эксперимент жасау бұрышы; 

• табиғат бұрышы; 

• логопедиялық бұрыш; 

• фонотека, видеотека; 

• спорт құралдары мен жабдықтары және т.б. 

Топтық кеңістік шартты түрде үш зонаға бөлінеді:  

-  тыныш: оқу, «оқшаулану», кітап бұрышы;  

-  орташа қарқынды: театрланған, музыка, құрастыру зонасы;  

-  қарқынды қозғалыс зонасы: спорт бұрышы.  

  Топтар 

кеңістігі  аясында  шартты  түрде  баланың  барлық 

қызығушылықтарын  қамтитын  ойын  және  тақырыптық  зоналарды  атап 

көрсетуге болады:  

-  танымдық  даму  зонасы  (оқу);  шағын-зертхана  (қызықты  математика, 

сөйлеуді дамыту, ғарыш), мұнда энциклопедиялар, ойынхана бар;  

-  көркем-эстетикалық  даму  зонасында  сурет  салу,  балаларға  арналған 

көркем  әдебиеттер,  музыкалық  аспаптар,  шығармашылық  «қабырға», 

декоративті-қолданбалы өнер туындыларының үлгілері және т.б. бар;  

-  «зертханада» тәжірибе өткізуге арналған материалдар бар;  

-  театрланған зонада әртүрлі театр қуыршақтары, маскалар, декорациялар, 

ширмалар бар;  

-  әлеуметтік-эмоционалдық даму зонасы айна жүйесі, пиктограмма, ойын 

материалдарының қарапайым сюжеті болады;  


 

-  МҰ  негізгі  білім  беру  бағдарламасының  талаптарына  сай  экологиялық 



тәрбиелеу  зонасында  өсімдіктер,  жануарлар,  табиғи  зона  макеттері, 

көшірмелерді  дайындауға  арналған  әртүрлі  табиғи  материал,  экологиялық 

дамытушы ойындар және т.б. болады;  

-  сюжеттік-рөлдік  ойындарға  арналған  ойын  зонасына  ойын  кеңістігінің 

модуль-макеттері, сәндену бұрышы кіреді;  

-  құрастыру  зонасы  ірі  еден  үсті,  ұсақ  үстел  үсті  құрастырғыштың,  ойын 

ойыншықтары,  құрастыру  сызбалары,  жол  қозғалысы,  қауіпсіз  өмір  сүру  

ережелері бойынша материалдың болуын қарастырады;  

-  «оқшаулану бұрышы»;  

Қозғалысты  дамыту  зонасы  үшін  спорт  кешені,  балалардың  физикалық 

дамуы үшін стандартты емес жабдықтар қажет.  

Заттық  орта басты  мақсат болмауы  тиіс,  мінсіз  заттық-дамытушы  ортаны 

құра  алу  мүмкін  емес.  Бұл  ашық,  балалардың  өсу  үдерісінде  өзгеретін  үнемі 

өзгеретін үдеріс. Дамытушы орта егер балаға жастың генетикалық міндеттерін 

меңгеруге көмектессе, дамытушы болып табылады.  

Ерте жастағы бірінші топтағы (туылғаннан 1 жасқа дейін) заттық-

дамытушы ортаны ұйымдастыру.  

Ерте  жастағы  топтардағы  заттық-дамытушы  орта  балалар  үшін 

ұйымдастырылады,  сондықтан,  барлық  қоршаған  заттар  олардың  бойына, 

қолына  және  физиологиялық  мүмкіндіктеріне  сай  шамалас  болуы  тиіс.  Ойын 

бөлмесі бір түс гаммасында (сары, жасыл, көк) рәсімделеді.  

Туылғаннан  бір  жасқа  дейінгі  балалар  топтарында  кеңістіктік  ортаны 

ұйымдастыру  жеткілікті  түрде  кеңінен,  жақсы  қарастырылатын  өту 

мүмкіндіктеріне есептелуі тиіс.  

Туылғаннан  бір  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған  топтарда  келесіні 

қарастыру  қажет;  3-4  жазық  баспалдағы  мен    еңісі  бар,  қоршаулануды 

қарастыратын,  биіктен  құлауды  болдырмайтын  (әдетте  терезе  жанында) 

төбешік.  Төбешік  астына  қозғалтқыш-ойыншықтар  орналастырылады  (ірі 

машиналар  жиынтығы);  ленталы  дидактикалық  үстел  (тік  бұрышты,  сопақ, 

крест  тәрізді  болуы  мүмкін)  – оған  барлық  жақтан  жақындауға  болатындай 

болуы  тиіс; сондай-ақ,  төбеде  кеңістікте  координацияны  және  орнықтылықты 

дамытатын  ірі  ойыншықтарды,  түрлі-түсті  ленталарды,  қоңырау,  әткеншекті 

және т.б. ілуге арналған  топсалы құрылғы ұсынылады; биік емес сопақ шағын 

қақпалар (поролондық модульдерді де болады), аласа банкеткалар ұсынылады.    

Ерте жастағы (туылғаннан 1 жасқа дейінгі) балалардың жетекші қызметі  – 

заттық,  ойнау  кеңістігінің  2/3  бөлігі  дидактикалық  ойыншықтармен 

толтырылған.  Топтарда  балалар  үшін  педагог  ойыншықтарды  жайып  қояды, 

бірақ  жағдаяттық  ойын  көріністерін  жасамай,  балаға  ойын  әрекеттерін 

орындауға,  ойын  жағдайын  ашуға  көмектеседі,  мысалы:  аюды  бесік  арбаға 

отырғызып оны қыдырту.  



10 

 

Ойыншықтар:  ірі,  бала  бойына  жететін;  біртиптік:  5-6  бірдей  үйрек 

балапандары,  матрешкалар  және  т.б.;  орта  мөлшерлі;  көлемі,  пішіні,  түсі  

бойынша  әр  түрлі:  үлкен  аю,  кішкентай  аю,  ақ  мысық,  қара  мысық;  ермек 

ойыншықтар. 

Жылдың  соңында  енгізіледі:  «Ас  үй»:  плита  үстіндегі  шәйнек,  кастрөл; 

қуыршақты  шомылдыруға  арналған  ванна;  баланың  бойы  жететін  айнамен 

«киім-кешек»  бұрышы  (орамалдар,  алжапқыштар,  ленталар);  жанында 

музыкалық  ойыншықтар  оранластырылады:  металлофон,  кішкентай  бубен, 

барабан, қоңыраулар, кішкентай балалайка; табиғат бұрышы: 2-3 ірі жапырақты 

өсімдіктер (бегония, фикус). 

 

Ерте  жастағы  екінші  топта  заттық-даму  ортаны  ұйымдастыру        

(1 жастан 3 жасқа дейін). 

1  жастан  3  жасқа дейінгі балалар  топтарында  қоршаған ортаға  бірте-бірте 

өзгертулер енгізілуде. 

Ойын  бөлмесі  үстелмен,  ірі  жиһазбен  толып  тұрмауы  тиіс.  Қабырғадағы 

суреттердің тақырыбы өзгертіледі: олар қандай-да бір сюжет көрсетуі мүмкін. 

Бастысы,  сурет  сюжеті  балаға  түсінікті  болуы  тиіс,  сурет  ересек  адамның 

түсіндірілуімен,  салыстырмалармен  қарастырылуы  және  көрінетіндей 

орналасуы тиіс. Мысалы, бала өмірінен көрініс немесе ағымдағы жыл мезгіліне 

сәйкес келетін пейзаж. 

Ерте жаста жетекші әрекеттер сюжеттік-рөлдік ойындар болып табылады. 

Бұл  жаста  орта  көлемді  ойыншықтардың  бәрі  сәбиді  қоршаған  кеңістікті 

әрқалай пайдалануға, ашық әрі мазмұнды сюжет құруға мүмкіндік береді. 

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН  ЗАТТЫҚ-

ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН 

ТАЛАПТАР 

Заттық-кеңістіктік  дамытушы  орта  –  бұл  бала  әрекеттерінің  материалдық 

нысандар  жүйесі,  балалардың  әртүрлі  әрекет  жасауды  қамтамасыз  ететін 

әлеуметтік  және  заттық  құралдардың  тұтастығы.  Балабақшада  заттық-

кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі ұйым 

педагогтарының  барлығының  қызметі  қажет.  Себебі  ойыншықтардың 

алуандығы бала дамуының негізгі шарты болып табылмайды.  Педагогтар орта 

құру барысында ең алдымен оның дамытушы сипатына мән беру керек. Заттық 

әлем  балаға  белсенді  және  жан-жақты  әрекеттерде  қажеттіліктерін  іске 

асыруын қамтамасыз етуі тиіс. 

Заттық-кеңістіктік  дамытушы  орта  баланың  құрдастармен  және 

педагогтармен  эмоционалдық-тәжірибелік  өзара  әрекеттестік  тәжірибесін 

байытуға,  белсенді  танымдық  әрекеттерге  топтағы  барлық  балаларды  тартуға  


11 

 

мүмкіндік  береді.  Орта  дербестікті,  бастамалықты  дамытуды  ынталандырады, 



онда балалар өз қабілеттерін жүзеге асырады. 

Балаларды  қоршаған  ортаның  ыңғайлы  әрі  эстетикалық  тұрғыдан  әсем 

болуы  топтық  дамытушы  ортаны  құруда  өте  маңызды.  Әдемілік  баланы 

қалыптастырады. Сондықтан, бұрыштардың эстетикасына назар аударған жөн. 

Оның  безендірілуі  балалар  үшін  тартымды  болып  және  оларды  дербес  әрекет 

жасауға  ынтаны  туғызуы  керек.  Сондай-ақ,  балаларды  бұрышта  тазалықты 

сақтауға және ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйрету керек.  

Баланың  дамуы  –  тәрбиелеу  мен  оқыту  үрдісі  барысында,  ересектермен 

және  құрдастармен  алуан  түрлі  формадағы  педагогтар  ұйымдастыратын 

белсенді  қарым-қатынаста,  мазмұндық  әрекеттерде  іске  асырылады.  Баланың 

айналасында,  ол  өмір  сүретін  және  білім  алатын  арнайы  заттық  дамытушы 

ортасы  құрылады.  Бұл  ортада  мектепке  дейінгі  жастағы  бала  өз  физикалық 

қызметтерін  дамытады,  сезімталдық  қабілеттерін  қалыптастырады,  өмірлік 

тәжірибе жинайды, түрлі заттар мен құбылыстарды реттеуге және салыстыруға 

үйренеді, өзі тәжірибеде үйренеді.  

Балалар  мен  ересектердің  тұлғалық-бағытталған  өзара  әрекеттестігі 

негізінде құралған заттық-кеңістіктік дамытушы орта әр балаға тең бастамалық 

мүмкіндіктер  беруі  тиіс,  оның  шеңберінде  тұлғаның  жүйелік  дамуы  іске 

асырылады. Алайда түрлі мүмкіндіктер бірдей дегенді білдірмейді. Дамытушы 

орта  оның  құрылуынан  бастап  әр  бала  үшін  нұсқалық,  көпфункционалды, 

бейімделген және қолжетімді  болуы керек. 

Заттық  орта  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  іске  асырылатын  бағдарламаға 

сәйкес  жобалануы  тиіс.  Бұл  ретте  педагог  топтың  ерекшеліктерін  ескеруі, 

жалпы  балалар  тобын  және  әр    баланың  дербес  ерекшелігін,  олардың 

қызығушылықтарын, қабілеттері мен тілектерін білуі тиіс. 

Осылайша,  заттық-кеңістіктік  дамытушы  ортаның  маңыздылығын  түсіне 

отырып біз оның ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды анықтадық:  

- балаларды қызмет етуге, өзін жақсы сезінуге, денсаулыққа және дүниені 

сезінуге, оң әрекеттер жасауға үйрету; 

-  баланың  толық  және  уақытылы  дамуын,  бала  мен  қоршаған  орта 

арасында үйлесімді қатынасты, ыңғайлылықты қамтамасыз ету; 

- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін барынша ескеру. 

Топта  қандай  да  бір  нақты  бұрыштардың  немесе  орталардың  болуына 

нақты  қатал  талаптар,  жабдықтардың  бекітілген  тізімі  жоқ.  Топтық  ойын 

бөлмесіндегі  қоршаған орта педагог пен балалардың даралығын көрсетеді, ол 

қайталанбас және дербес. Заманауи  заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру 

баланың тұтас дамуын қамтамасыз етеді.  

Баланың  заттық  әлемінде  ойыншық  ерекше  орынға  ие.  Ол  ойында  дос, 

әріптес,  әңгімелесуші  болып  келеді.  Қуыршақ  терапиясы  сенімсіздікті, 


12 

 

ұялшақтықты  жеңу,  эмоционалдық  тұрақтылық  пен  өзін-өзі  реттеу  сияқты 



маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.   

Ойын  және  ойыншық  өзара  ажырамас  бөліктер.   Ойыншық  ойынды 

өмірге  келтіреді,  ал  ойын  дамып,  жаңа  ойыншықтарды  талап  етеді.  Ойыншық 

танымдық  қатынаста  бала  үшін  қоршаған  материалдық  шынайылықтың 

жалпылама  эталоны  ретінде  шығады.  Ойыншықтар  тақырыптық  және 

көркемдік мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бәрі нақты 

педагогикалық талаптарға сай болуы тиіс.  

Осы  талаптардың  бастылары  жас  ерекшеліктеріне  және  ойыншықтардың, 

ойынның әр түрлілігіне, сәйкестігіне қатысты. Әр жаста балаға тақырыбы мен 

мақсаты  бойынша  алуан  түрлі  ойыншықтар  қажет: сюжеттік,  техникалық, 

ойыншық еңбек құралдары, ермек ойыншықтар, театралдық, музыкалық, спорт 

ойыншықтары. Белсенділікті және дербестікті дамыту үшін шынайы заттардың 

арнайы  функцияларын  бөлуге  мүмкіндік  беретін  ойыншықтар  қажет, 

ойыншықтардың  көлемі,  олардың  бала  қолының  өлшеміне  (қасық,  тәрелке, 

үтік,  телефон  және  т.с.с.  ойыншықтарға),  оның  бойына  сәйкестігі  (қуыршақ 

жиһазы,  машиналар,  бесік  арба  және  т.б.),  (қуыршақтар,  аюлар  және  т.б.)  

маңызды.  



Заттық-кеңістіктік 

дамытушы 

ортаға 

келесілер 

кіреді: 

ірі 


ұйымдастырушы ойнау алаңы, жабдықтар, ойыншықтар, түрлі атрибуттар, күні 

бойы балалардың әрекеттеріне қажетті материалдар. Осы құралдардың барлығы 

абстрактілі кеңістікте емес, топтық ойын бөлмесінде орналасқан. 

Топтық ойын бөлмесінде келесілерді қарастырған жөн: 

-   дидактикалық материалдармен ойнауға арналған орын; 

-  қозғалтқыштармен,  құрылыс  материалдармен  (ұл  балалардың  жиі 

ойнайтын ойындары үшін) ойнауға арналған орын; 

-  қуыршақтар  мен  сюжеттік  ойыншықтармен  (қыз  балалардың  жиі 

ойнайтын ойындары үшін) ойнауға арналған ойнау кеңістігінің 2/3 бөлігі. 

Бұл  ретте  келесі  ережені  есте  сақтау  қажет:  балалардың  назарында 

ойындар, ойыншықтар, әдістемелік құралдар мардымсыз болмауы тиіс!  

Әдістемелерді,  жабдықтарды,  дидактикалық  ойындарды,  материалдарды 

шартты түрде үш санатқа бөлуге болады: 

• «БҮГІН». Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде таныса бастайтын 

материал, ересектермен өзара қарым-қатынаста басқа формаларда болады. (Ел 

символикасы,  халықтардың  алуандығы,  жануарлар  мен  өсімдіктер  әлемі  және 

т.б.) 


•  «КЕШЕ».  Зерттелген,  танитын,  жеке  тәжірибеде  қолданған,  күнделікті 

өмірде жаңа білім алу үшін пайдаланылатын материал. 

• «ЕРТЕҢ». Жақын арада танысуға тұратын мазмұн. 


13 

 

Осылайша,  дамытушы  орта  білім  беру,  дамытушы,  тәрбиелеуші, 



ынталандырушы  ұйымдастырушы,  коммуникативтік  функцияларды  атқаруы 

тиіс. Бірақ, ең бастысы – ол баланың дербестігін және өнерпаздығын дамытуға 

жұмыс жасауы тиіс.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 

 

 



 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Заттық-кеңістіктік  дамытушы  орта  ерте  жастағы  балалардың 

дамуының маңызды факторы болып табылады. Баланың толықтай дамуы үшін 

балалар жарқын, көркем өмірді қабылдай алатындай жағдайлар туғызу қажет. 

Заттық 


ортаны 

модельдеу 

балалардың 

өзара 


әрекеттесуіне, 

ынтымақтасуына, өзара  білім  алуына  жағдай  туғызады.  Егер ортада  жанында 

мәдени-танымдық  дамудың  жоғары  деңгейі  бар  балалар  болса,  онда  олар 

шығармашылық  импровизацияға  айналдырып,  қызық  модельдер,  көріністер 

құрастыра  алады,  немесе  керісінше,  егер  онда  сенсорлық  тәжірибенің  даму 

деңгейі  төмен  балалар болса, онда ортада шоғырланған элементтік көріністер 

оларға дәл солай сәтті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

Қоршаған  ортаның  балаға  әсер  етудің  нәтижесі  оның  бұл  ортадағы 

белсенділігімен  түсіндіріледі.  Мектепке  дейінгі  ұйымның  педагогикалық 

үдерісін  ұйымдастыру  баланың  тек  топтық  бөлмеде  емес,  бүкіл  балабақша 

бойынша еркін қозғалуын қарастырады. Балалардың кеңістік пен уақытты еркін 

үйрену  қабілеті  оларға  мектеп  өмірінің  ерекшеліктеріне  бейімделуге 

көмектеседі. 

Ерте жастағы балалар тобында заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру 

баланың  жан-жақты  дамуы,  жетекші  әрекет  түрлерін  дамыту  үшін  маңызды 

шарты:  заттық  және  сюжеттік-бейнелі  ойындар,  танымдық  және  жемісті 

әрекеттер болып табылады. 

Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке 

дейінгі  ұйым  педагогтарының  күрделі,  көп  жоспарлы  және  жоғары 

шығармашылық қызметі қажет. 

Мақсатқа  бағытталып  ұйымдастырылған  заттық-дамытушы  орта  баланың 

үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады.  

Құрылған  эстетикалық  орта  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  қуаныш 

сезімін  оятып,  балабақшаға  деген  жағымды  эмоционалдық  қатынасты,  оған 

бару  ниетін  тудырады,  жаңа  әсерлері  мен  білімдерін  байытады,  белсенді 

шығармашылық  қызметке  шақырады,  балалардың  зияткерлік  дамуына 

көмектеседі. 

Әр  бала  өзінің  дамуында  отбасының,  оның  тұрмысының,  мәдени 

таңдаулардың  ықпалын  сезеді.  Балабақшада  барлық  бөлмелердің  жағдайы 

баланың  ұжымда  тәрбиеленуі  мен  дамуы  үшін  бір  мақсатқа  бағытталған. 

Мұндай  жағымды  жағдай  құру  –  өз  ішіне  саналы  және  кеңістік  пен  оның 

элементтерін әсем ұйымдастырылуын қамтитын үлкен өнер. Баланы қоршаған 

дамытушы ортада бала да өзінің заттық әлемінде шығармашыл бола алатындай 

мүмкіндік  туғызу  керек,  сонда  ғана  ересектермен,  құрдастармен  өзара 

әрекеттестік 

үдерісінде 

өзінің 

жеке 


басының 

тұлғалық-дамытушы 

шығармашылығы қалыптасады. 


15 

 

 



 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

1.   


Түсіндірме жазба........................................................................ 

2.   



 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  ерте  жастағы  балалардың 

жалпы  дамуында  заттық-дамытушылық  ортаны  құруды  талдау 

және оның өзектілігі..........................................................................

 

 



3.   

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың    туғаннан  бастап  3  жасқа 

дейінгі  (ерте  жастың  бірінші  тобы,  ерте  жастың  екінші  тобы) 

жас  кезеңдері  бойынша 

балаларға 

арналған 

заттық-

дамытушылық 



ортаны 

құру 


бойынша 

ұйымдастыру 

жұмыстарының формалары мен әдістері......................................... 

 



4.   

Ерте  жастағы  балаларды  дамытуға  арналған    заттық-

дамытушылық  ортаны  ұйымдастыру  бойынша  қойылатын 

талаптар............................................................................................... 

11 

5.   


Қорытынды................................................................................. 

14 


 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет