Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет28/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153
Кемеңгер Қ.Р.
Астана/Қазақстан


А. СЕЙДІМБЕКТІҢ «ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ» ЗЕРТТЕУІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН БОЛМЫСЫ

Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым-қатынас іздерінің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына жол тартқан ойшыл Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды қызғыштай қорғайтын аса құнды еңбек. Көтерер жүгі ауыр, оқырманын бей-жай қалдырмайтын, идеялық мазмұны тереңге тартқан, сан ғасырдың салмағын арқалаған аталған туынды ХХІ ғасырдың басында дүниеге келгені бір жағынан, сүйінші сұрарлық қуаныш, екіншіден, заңдылық та. Сүйінші сұрайтындай жері – бұл еңбектің болмыс-бітімінде, айтар ойында даралық сипат, даналық келбет бар. Заңдылық дейтініміз – дәл осындай сипаттағы еңбек еліміз егемендік алған азат рухты заманда ғана дүниеге келгендігі.


Көңілің қалайтын, жүрегің сүйетін, ақылың құптайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, тілі жатық, дерегі мол, берері көп жақсы кітапты осы күні таба қою қиын. Көп кітап әдемі әшекейленсе де, оқыған кезде тартпайды, оқуға тәбетіңді ашпайды. Ал Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихының» жөні бөлек. Әдебиетші мен тілшіге, өнертанушы мен өлкетанушыға, саятшы мен саяхатшыға, саясаттанушы мен әлеуметтанушыға бірдей қажет әрі тарихи, әрі этнографиялық, әрі философиялық осы еңбек қолымызға тигенде, көп жылтырақтың ішінен саф алтынның сынығын тапқандай қуандық.
Рухани өмірімізде үлкен жаңалық болып саналатын «Қазақтың ауызша тарихы» – алдымен қазақтың өзіне, одан кейін, елімізде мекен ететін барша ұлт өкілдеріне, Қазақстан деп аталатын мемлекетке керек дүние. Қазақ ұлтының біртұтас бөлінбейтін этнос екендігін құрамындағы рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы көз жеткізген Ақселеу Сейдімбек өзінің фундаменталді зерттеуінде трайболизм секілді етегімізге жабысқан кеселдің тамырына балта шабады. Бүгінгі таңда рушылдық пен жүзшілдіктің отын үрлеуге тырысып жүрген кейбір таяз тарихшылар мен жетесіз журналистердің бейшара әрекеттеріне аталған ғылыми дәйекті кітап тосқауыл болады. Көрнекті ғалым, білгір шежіреші Ақселеу Сейдімбектің кітабын түгел оқыған көкірегінде санасы бар кез-келген адам қазақтың түбі бір атадан, бар қазақ бір-біріне бауыр, бәріне ортақ тіл мен дүниетаным, салт-дәстүр бар екендігін мойындайды.
«Қазақтың ауызша тарихынан» жер жаһандағы он бес миллионға жақын әр қазақ өз атасын, айналып келгенде түп негізін табады, бар қазақтың құрылымын түсінеді. Қазақты құрайтын рулар мен тайпаларды жіліктеп көрсеткенде, ғалым ұлтымыздың сыртқы формасын, композициялық құрылымын танытқандай. Ал осы рулар мен тайпалардың мекен еткен ареалын, таңбасы мен ұранын, негізгі ата кәсібін, қоршаған дүниеге көзқарасын, өмір жайлы танымын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, жырлаған жырын, тыңдаған ертегісін, шырқаған әнін, күмбірлеткен күйін, жыл құсымен бірге жүрген әсем көшін көркем тілмен суреттегенде Ақселеу Сейдімбек қазақ деген халықтың жанын, оның ішкі мазмұнын жайып салғандай. Сондықтан қазақты түсінгісі келген адам «Қазақтың ауызша тарихын» оқығаны ләзім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет