Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Сабыр М.Б. Орал/Қазақстан ОРТА ТҮРКІ ДӘУІРІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР ТАРИХИ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР



бет42/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153
Сабыр М.Б.
Орал/Қазақстан


ОРТА ТҮРКІ ДӘУІРІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР ТАРИХИ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Орта түркі дәуірінде бүгінгі түркі халықтарына ортақ, бүгінгі түркі тілдерінің тарихи дамуына тікелей қатысты жазба ескерткіштер дүниеге келді. Қазіргі қазақ тілінің тарихын барласақ сол жазба жәдігерліктер бойынан тілдік даму, өркендеу процестерінің ізін айқын көреміз. Қазақ тілі тарихын сөз еткенде дыбыс жүйесінің даму тарихы, сөз құрамындағы тарихи фонетикалық өзгерістердің рөлі зор. Сондай құбылыстың бірі-метатеза. Метатеза (metathesis –орын ауыстыру)- дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауыстыруы. Кірме сөздерге байланысты метатеза түрі көп кездеседі. Метатеза құбылыс туралы тұжырымдар әлі күнге дейін нақты емес. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде метатеза туралы ғылыми тұжырымдар аз да болса бар. Мәселен, Э.Сиверс, Торе Торбьернсон сияқты ғалымдар метатезаға байланысты біршама мысалдар бергенімен, толық теориялық түрде түсіндіре алмаған. Ал белігілі ғалым Герман Пауль өз еңбегінде метатезаның бірнеше түрін көрсетеді: Біріншіден, бірінің артынан бірі қатар келе жатқан дыбыстар орын ауыстырады, мыс.: ағылшын және саксон тілі деректерінде фикс немесе фиск «балық», дөрекі элемент пен латын тіліндегі испе = ипсе «өзің». Екіншіден, бір-бірінен алшақ тұрған дыбыстардың, әсіресе туыстық жақындығы бар р және л сияқты дыбыстардың орын ауыстыруы жиі кездеседі: неміс тіліндегі эрила, элире = жаңа неміс тіліндегі эрле, эллер «ольха», ит. диалектісінде гролиозо=глёризо «атақты, мәшһүр». Үшіншіден, дауыссыздың басқа буынға ауысы, оның орнын еш дауыссыздың ауыстырмауы сирек те болса ұшырасады. Көбіне мұндай ауысуыға ұшырайтын р дыбысы. Мыс.: ит. диалектісін салыстырып көрейік: кромпаре = компраре «сатып алу». Осындай деректерге сүйене келіп Г.Пауль былай тұжырымдайды: «То, что представляется нам метатезой сонорного согласного и гласного в неударенном слоге, в большинстве случаев, может быть истольковано как результать развития. Сначала мог исчезнуть гласный в этом слоге, что делало сонорный согласный слоговым, а из слогового согласного впоследствии мог развиться новый гласный, на сей раз в другом месте»[1:82]. Ал Морис Граммон өз еңбегінде метатезаға неше түрлі деректер келтіріп олардың түрлерін анықтауға тырысты. Оның ойынша метатеза сөздің дыбыстарын әлдеқайда ыңғайлырақ етіп қою қажеттігі негізінде туындайды. Әр тілдің өз қасиетіне, мүмкіндігіне қарай метатезаның түр сипаты да өзгере береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет