Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет44/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153
Сатенова С.К.
Астана/Қазақстан


ТҰРАҚТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР ТАБИҒАТЫНА ТӘН ЗАҢДЫЛЫҚТАР

Сөз- тілдің ең басты, әрі негізгі элементі. Сондықтан да сөздің тіл үшін мәні өте зор. Алайда тіл сөзге қаншама бай болса да, олар жеке дара тұрып, тілдің ең басты міндеті- адамдардың өзара қатынасуына қажетті коммуникативті, эстетикалық, кумулятивті қызметтерін толық атқара алмайды. Оны атқару үшін лексикадағы барша сөздер белгілі заңдылықпен өзара тіркесе қолданылуы тиіс. Демек, тілдің өзіндік ерекшелігі жеке сөздердің саны мен сапасына ғана емес, сонымен қатар, олардың өзара жымдаса байланысып, тіркесе қолдануына байланысты екен. Сондықтан да болар, тіл білімінде сөз тіркестері, олардың ерекшеліктері, оларға тән заңдылықтар бүгінгі күні де өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Тіл мамандарының, әсіресе, кейінгі жарты ғасыр беделінде бұл мәселемен қауырт шұғылдануының басты себебі де осы, яғни бұл күрделі құбылыстың әлі де ашылмаған сыры мен анықталмаған заңдылығының мол екендігінде болса керек. Тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисін ғалымдар көптен бері зерттеп келеді. Алайда, тұрақты тіркестердің табиғаты толық айқындалды, сыртқы тұлғалық сипаты мен ішкі мағыналық сыры, табиғатына тән заңдылықтары, көркемдік нақышы мен бейнелеу тәсілдері толық айқындалды деп айту қиын.


Біздің ойымызша, мұның көптеген себептері бар. Олардың ең бастысы – жалпы тұрақты тіркестердің табиғатына тән үш түрлі тілдік фактордың, атап айтқанда, тұлғалық (құрамдық), мағыналық және дыбыстық (әуездік) фактордың біртұтас күрделі құбылыстың өзара тығыз байланысты үш қыры ретінде бірдей қарастырылмауында. Одан да басқа себептері жоқ емес. Тұрақты тіркестердің өзара іштей жіктелуі және жай тіркестер мен фразеологиялық тіркестердің, мақал-мәтел түріндегі күрделі тіркестердің ара-жігін ажыратудың теориялық принциптерінің күні бүгінге дейін нақты анықталмауы т.б. Ал, мұның өзі сайып келгенде, тұрақты тілдік бірліктердің (фразеологизмдер, мақал -мәтелдер) әлі де даму үстіндегі тілдік құбылыс екендігін көрсетеді. Тұрақты тілдік бірліктер қатарына жататын фразеологизмдер бір жағынан жай тіркестердің кейбір түрлеріне жақын тұрса, екінші жағынан мақал-мәтелдермен де мағына, тұлға жағынан астарласып жатады. Алайда негізгі мәселе олардың қандай заңдылықтар бойынша дүниеге келуінде, яғни жеке сөздерді тұрақты да біртұтас шоғыр етіп басын қосып тұрған тілдік тетіктерде болса керек. Біздің мақсатымыз – міне, осы факторлар мен тетіктерді мүмкіндігінше тілдің өз материалына сүйене отырып жан-жақты айқындай түсу. Сондай-ақ бұл ерекшеліктің қазақ тіліне ғана емес, тағы да басқа тілдерге, атап айтқанда, түрік, ағылшын тілдеріне де тән тілдік құбылыс екендігін көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет