ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ АДАМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН БІЛДІРЕТІН ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Тіл-тілдегі лексика арқылы адамзат өмірінің мән-мағынасы, ішкі болмысы, сыртқы жай-күйі толық қамтылса, зоофразеологизмдер арқылы тек кейбір сезімдік жақтары мен эмоциялық қырлары немесе «айналадағы көрінісі» ғана сипатталады, яғни екінші «келбеті» екінші номинациясы шығады.
Зоофразеологизмдер – эмоциональды-экспрессивтік тіркестермен адамның бүкіл психологиялық сәттерін, көңіл-күйін, сезім жағдайын ерекше образдылықпен жеткізуде таптырмайтын тілдік көркемдік құрал.
Қазақ және түрік зоофразеологиясындағы синоним зоофразеорлогимдердің ерекшелігі адамның көңіл-күйіне, бір сәттік психологиялық жағдайына байланысты туған зоофразеологизмдерде синонимдік қатар өте көп. Бұл жағдай тікелей эмоцияға қатысты нәрсе. Адамның көңіл-күйі қашанда өзгермелі. Мәселен ренжу, ашулану екеуі де екі түрлі сатыдағы психологиялық жағдай. Зоофразеологимдердің сезім жағдайына қатысты эмоциясы. Ашулану (ит арқасы құрысу, ит жыны келу, қояншығы ұстау, оқ жыландай ысқыру) секілді зоофразеологимдер семантика жағынан бір-біріне жақын келеді.
Халық қазынасы болған зоофразеологизмдердің талай заманды бастан кешіріп, өңделе, ажарлана отырып әбден шыңдалған, сом алтындай сарасы ғана халық санасында сақталады.
Тамкович Г.С.
Астана/Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |