Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет64/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   153
Кусаинова А.Б.
Астана/Қазақстан


ТҮРІК ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ГРАММАТИКА АЯСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

Қарқынды дамып, үнемі өзгерісте болып тұратын тарихымыз жаңа міндетті ортаға шығарды. Жылдардан бері жабулы болған есіктеріміз бірден ашылып, жылдар бойы бірін-бірі көрместен, бір-бірі жайлы естіместен өмір сүріп келген бауырластар көрісіп, танысып, құшақ жая қарсыласа бастады. Өте жылдам түсінісу мен байланыс құру дәуіріне енді. Бұл жаңа дәуір өзімен бірге жаңа қажеттіліктер мен міндеттерді алып келді. Ең басты қажеттілік бауырлас халықтың бірін-бірі түсінісуіне керек - тіл.


Тіл-қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы.
Оқу барысында қазақ-түрік тілдерінің байланысында морфология категориялары мен формаларын оқытуда көптеген мәселелер туындайды. Олардың ішінде аса маңыздысы - зат есімнің септелуі. Бәрімізге мәлім қазақ-түрік тілдерінің генетикалық түп-нұсқасы бір, типтік жүйесі бір. Тілдік тұлғалардың мағына жағынан да ұқсастығы бар. Мәселен қазақ-түрік септіктерінің көптеген мағыналары ортақ. Мысалға атау септігін алатын болсақ, түрік тілінде де атау септігі бар, яғни атауы оның yalın hali. Екеуінің де беретін мағынасы бір – заттың атауын білдіреді. Осы тәрізді басқа да септіктер арасында өзара ұқсастықтар бар.
Сонымен қатар бауырлас тілдердің септеулерінде айырмашылықтар да кездеседі. Айырмашылықтар әсіресе (форма жағынан) жалғаулықтардан байқалады. Мысалы табыс септігінің жалғауы -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні және 3-жақтың тәуелдік жалғауынан кейін –н. Ал түрік тіліндегі табыс септігі – Belirtme hali, жалғаулары –ı, -i, -u, -ü. Және барлық септік жалғаулары тәуелдік жалғауының 3-жағынан кейін қосылғанда n әрібі келеді де, сосын барып септік жалғауы жалғанады. Сонымен бірге қазақ-түрік септіктерінің арасында басқа да айырмашылықтар бар. Ұсынғалы отырған мақаламда екі тіл арасындағы септеулердің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары ашылып айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет