ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ «Г», «Ғ» ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Бұл мақалада түркі тілдеріндегі «г, ғ» дыбыстарының ерекшелігі мен ол дыбыстардың қазіргі түрік тілдеріндегі қолданыс аясы кеңінен, салыстырмалы түрде зерттелген. Қарастырылған әр сөздің транскрипсиясы, аудармасы толық беріліп салыстырмалы кестелермен көрсетілген. Бұған дейін байырғы түрік тілінде барлығы талас тудырып келген «г» дыбысының байырғы түрік тілінде өз орны бар екендігін зерттеулер арқылы дәлелденген. Түрік дүниетанымының байырғы түрік жазуына әсері мен оның «амал-білік» жүйесі арқылы құрылымы кеңінен қарастырылған. Әрі байырғы түріктердің дүниетанымына байланысты байырғы түрік жазуының әріптерінің амал-білік болып қарастырылуы «г» мен «ғ» дыбыстарының жақындығын, тек жуан-жіңішке оқылымдық айырмашылық болғандығын алға тартамыз. Сонымен бірге осы дыбыстардың өзгеруі негіздерін кең ауқымды қарастырып оны бірізділікке бағыттадық. Бұл біздің ғылыми ізденісіміздің негізі болмақ.
Алашбаева Ж.Н.
Астана/Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |